Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы әкімдігінің 15.04.2020 № 169 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқасының пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағына, "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 3-тармағына, "Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 желтоқсандағы № 1685 қаулысына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 504 қаулысына және "Учаскелік комиссиялар туралы үлгілік ережені бекіту туралы" 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 29-ө бұйрығының 8-тармағына сәйкес, Алматы облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса беріліп отырған атаулы әлеуметтiк көмекке өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргiзу жөнiндегi учаскелiк комиссиялар туралы Ереже бекiтiлсiн.
2. Осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген интернет-ресурста және облыс әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау "Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктелсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң бірінші орынбасары Махаббат Садуақасұлы Бигелдиевке жүктелсiн.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы облысының әкімі | А. Баталов |
"КЕЛІСІЛДІ" | |
Облыстық мәслихаттың хатшысы | Е. Келемсеиіт |
Алматы облысы әкімдігінің 2015 жылғы 16 ақпан № 81 қаулысымен бекітілген |
Атаулы әлеуметтiк көмекті алуға өтiнiш берген адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргiзу жөнiндегi учаскелiк комиссиялар туралы Ереже
1. Жалпы ережелер
1. Осы учаскелік комиссиялар туралы Ереже (бұдан әрі - Ереже) "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңының 5-бабының 3-тармағына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына және "Учаскелік комиссиялар туралы үлгілік ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 29-ө бұйрығына сәйкес, әзірленді және учаскелiк комиссиялардың мәртебесi мен өкiлеттiгiн айқындайды.
2. Осы Ережеде пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) уәкiлеттi орган – ауданның, облыстық маңызы бар қаланың атаулы әлеуметтiк көмек (бұдан әрi – атаулы әлеуметтiк көмек) көрсетуді жүзеге асыратын жергiлiктi атқарушы органы.
2) учаскелiк комиссия – атаулы әлеуметтiк көмек алуға өтінш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргiзу үшiн тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер әкiмдерiнiң шешiмiмен құрылатын арнайы комиссия.
3. Учаскелік комиссиялар (бұдан әрі – Комиссиялар) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің аумағында тұрақты жұмыс істейтін алқалы орган болып табылады. Комиссиялар өз жұмысын ашықтық, жариялық, алқалық және әділдік қағидаттарымен ұйымдастырады.
4. Комиссиялар өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентiнiң және Үкiметiнiң актiлерiн, Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
2. Комиссиялардың міндеттері мен функциялары
5. Комиссиялардың негiзгi мiндетi уәкілетті органға, ал ауылдық жерлерде – кент, ауыл, ауылдық округ әкiмдерiне халыққа мемлекеттік атаулы әлеуметтiк көмек (бұдан әрі-атаулы әлеуметтік көмек) немесе жергілікті өкілетті органдар бекітетін әлеуметтiк көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларына (бұдан әрі-Қағидалар) сәйкес көрсетілетін әлеуметтік көмек көрсету, олардың атаулылығын арттыру жөнiндегi қызметiне жәрдемдесу болып табылады.
6. Комиссияның негiзгi функцияларына:
1) атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға немесе Қағидаларға сәйкес көрсетілетін әлеуметтік көмекті алуға өтініш білдірген адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу (бұдан әрі – тексеру);
2) қажетіне қарай атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтініш білдірген адамның (отбасының) материалдық жағдайына зерттеу жүргізу үшін қажетті жетіспейтін мәліметтерді алу үшін тиісті органдарға сұрату жіберу;
3) атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға немесе Қағидаларға сәйкес көрсетілетін әлеуметтік көмекті алуға өтініш білдірген адамның (бұдан әрі - өтініш беруші) материалдық жағдайын тексеру актісін жасау;
4) ұсынылған құжаттардың және/немесе тексеру нәтижелерінің негізінде атаулы әлеуметтік көмек немесе Қағидаларға сәйкес көрсетілетін әлеуметтік көмекті берудің қажеттілігі немесе қажеттіліктің жоқтығы туралы қорытындыны дайындау жатады.
3. Комиссияныңқызметінұйымдастыру
7. Комиссия өзқызметiнөтеусiзнегiздежүзегеасырады.
8. Уәкілетті орган, ал ауылды жерлерде – кент, ауыл, ауылдық округтің әкімі учаскелік комиссияның қалыпты жұмыс істеуі үшін қажетті жағдайлар (отырыс өткізуге арналған жеке бөлме беру, нормативтік құқықтық актілермен, техникалық құралдармен қамтамасыз ету) жасайды.
9. Комиссияның құрамына жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдарының, қоғамдық бiрлестiктердiң, кооперативтердiң, үй-жайлардың (пәтерлердiң) меншiк иелерi, халықтың, ұйымдардың және бiлiм беру, денсаулық сақтау, әлеуметтiк қорғау уәкiлеттi органдарының өкiлдерiнен, құқық қорғау органдарының қызметкерлерi кіреді. Комиссия төрағадан, хатшыдан және комиссия мүшелерiнен тұрады. Комиссияның жалпы саны бес адамнан кем болмауы тиiс.
10. Төраға Комиссияның жұмысын ұйымдастырады және Комиссияға осы Ережеде жүктелген мiндеттер мен функциялардың уақтылы және сапалы орындалуы үшін дербес жауаптылықта болады.
11. Комиссия отырысының өткізілетін күні мен орны туралы өтініш берушіні хабардар етуді, отырыстың күн тәртібі бойынша ұсыныстар даярлауды, Комиссия отырысына қажетті құжаттар, материалдар мен оны өткізгеннен кейін хаттаманы рәсімдеуді комиссияның хатшысы жүзеге асырады. Өтініш беруші Комиссияның отырысына қатыса алады.
12. Комиссия:
уәкiлеттi органнан немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкiмiнен құжаттарды алған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде ұсынылған құжаттар және (немесе) атаулы әлеуметтiк көмек алуға үміткер өтiнiш берушiнiң материалдық жағдайын тексерудiң нәтижелерi негiзiнде қорытынды дайындап, оны уәкiлеттi органға немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкiмiне бередi;
құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш білдірген адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акт жасайды, Қағидаларға сәйкес адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды әзірлейді және оларды уәкілетті органға немесе кент, ауыл, ауылдық округтың әкіміне жібереді.
13. Комиссияның шешiмдерi оның құрамы жалпы санының үштен екiсi болған кезде заңды болады.
14. Комиссияның шешiмi ашық дауыс беру арқылы қабылданады және комиссия мүшелерiнiң жалпы санының басым көпшiлiгi дауыс берсе, қабылданды деп есептеледi. Дауыстар тең болған жағдайда, Комиссия төрағасының даусы шешушi болып саналады.
15. Комиссияның қабылдаған шешімі қорытынды түрінде ресімделеді, өтініш беруші онымен танысып, қол қояды.
16. Өтiнiш берушi Комиссияның қорытындысына уәкiлеттi органға, сондай-ақ сот тәртiбiмен шағымдануына болады.