Тереңдете қайта өңдеп өнім шығаруы үшін оны сатып алынатын ауылшаруашылық өнімдерінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативтерін бекіту туралы

Күшін жойған

Алматы облысы әкімдігінің 2015 жылғы 13 мамырдағы № 212 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2015 жылы 22 мамырда № 3173 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы әкімдігінің 2016 жылғы 16 ақпандағы N 77 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы әкімдігінің 16.02.2016 N 77 қаулысымен.
      "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамыту мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 12-6), 12-7) тармақшаларына, "Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" 2014 жылғы 26 қарашадағы № 3-2/615 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығының 5 - тармағына сәйкес, Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Тереңдете қайта өңдеп өнім шығаруы үшін оны сатып алынатын ауылшаруашылық өнімдерінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативтері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
      2.. "Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысына осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген интернет – ресурста және облыс әкімдігінің интернет – ресурсында жариялау жүктелсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С. Бескемпіровке жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі А. Баталов

  Алматы облысы әкімдігінің 2015 жылғы 13 мамырдағы № 212 қаулысына қосымша

Тереңдете қайта өңдеп өнім шығаруы үшін оны сатып алынатын ауылшаруашылық өнімдерінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативтері

Ауылшаруашылық өнімнің атауы
Тереңдете қайта өңделген өнімдердің атауы
Шикізатқа қайта есептелген субсидиялар нормативтері, теңге/литр (теңге/килаграмм)
 
Қант қызылшасы
Қант
7,0
 
Сүт
Сары май
12,0
 
Сүт
Қатты ірімшік
20,0
 
Сүт
Құрғақ сүт (қаймағы алынбаған, майысыздандырылған)
15,0

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады