1. Облыс әкімдігінің 2010 жылғы 4 мамырдағы "Алматы облысының әкімшілік шекарасындағы Кіші Алматы, Қаскелең, Талғар, Есік, Қаратал және Көксу өзендерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу және оларды шаруашылыққа пайдалану режимі туралы" № 60 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2010 жылдың 8 маусымында № 2053 тіркелген және 2010 жылдың 22 маусымдағы № 73-74 "Жетісу", 2010 жылдың 24 маусымдағы № 75 "Огни Алатау" газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
аталған қаулының кіріспесінде "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қаңтардағы "Су қорғау аймақтары мен белдеулерін орнату Ережесін бекіту туралы" № 42 қаулысына" сөздері "Су қорғау аймақтары және белдеулерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 18 мамырдағы № 19-1/446 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығына" сөздерімен ауыстырылсын;
аталған қаулының 1-тармағы келесі тармақшалармен толықтырылсын:
"10) Қаскелең өзенінің (оң жағалауы) 03-056-009-262 кадастрлық номері жер участкісін су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жұмыс жобасы;";
"11) Қаратал өзенінің (сол жағалауы) 03-268-042-110 кадастрлық номері жер участкісін су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жұмыс жобасы.".
2. "Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысына осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және облыс әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С. Бескемпіровке жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы облысының әкiмi | А. Баталов |