Жеке сот орындаушыларының қызметін бақылауды жүзеге асыру қағидасын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 122 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 17 наурызда № 10477 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 1 ақпандағы № 171 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Әділет министрінің 01.02.2018 № 171 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 167-бабының 11) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Жеке сот орындаушыларының қызметін бақылауды жүзеге асыру қағидасы бекітілсін.

      2. "Жеке сот орындаушыларының қызметін бақылауды жүзеге асыру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 17 наурыздағы № 110 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 9253 тіркелген, 2014 жылғы 11 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау департаменті:

      1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін және оның "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және мерзімді басылымдарда ресми жариялануын;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Жауапты хатшысы М.Б. Бекетаевқа жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғаш жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен сон қолданысқа енгізіледі.

Министр

Б. Имашев


  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 122 бұйрығымен
бекітілген

Жеке сот орындаушыларының қызметін бақылауды жүзеге асыру қағидалары

      1. Жеке сот орындаушыларының қызметін бақылауды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 167-бабы 11) тармақшасына сәйкес әзірленді және жеке сот орындаушыларының атқарушылық әрекеттерінің заңдылығын бақылауды жүзеге асыру тәртібін анықтайды.

      2. Жеке сот орындаушыларының атқарушылық әрекеттерінің заңдылығын және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2014 жылғы 7 наурыздағы № 97 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9268 болып тіркелген) Іс қағаздарды жүргізу қағидаларының (бұдан әрі - Қағидалар) сақталуын бақылауды уәкілетті орган (бұдан әрі - Министрлік), оның аумақтық органдары.

      Жеке сот орындаушыларының республикалық және өңірлік палаталары жүзеге асырады.

      3. Бақылаудың мақсаттары мен міндеттері

      сот актілерін жеке орындау саласындағы атқарушылық әрекеттердің заңдылығын қамтамасыз ету;

      атқарушылық іс жүргізу тараптарының мүліктік және мүліктік емес құқықтарының және заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз ету:

      жеке сот орындаушыларының құқық қолдану тәжірибесінде бірізділікті қамтамасыз ету;

      атқарушылық іс жүргізу саласында жеке сот орындаушыларының бұзушылықтарының алдын алу және ескерту болып табылады.

      4. Бақылауды жүзеге асыру қағидаттары:

      обьективтілік;

      алаламаушылық;

      кәсіби этиканы сақтау;

      атқарушылық іс жүргізу тараптарының, сондай-ақ жеке сот орындаушысының құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету болып табылады.

      5. Жеке сот орындаушыларының кәсіптік қызметін тексеру:

      жеке сот орындаушысының атқарушылық әрекеттерді жасау кезінде атқарушылық іс жүргізу мәселелерін реттейтін қолданыстағы заңнаманы сақтау ахуалын зерделеуді және тексеруді;

      жеке сот орындаушысының іс жүргізуге қойылатын талаптарды сақтауын тексеруді;

      жеке сот орындаушысы мұрағатының жай-күнін зерделеуді;

      статистикалық есептілікті жасаудың дұрыстығы мен растығын;

      жеке сот орындаушысының Жеке сот орындаушысының кәсіптік ар-намыс кодексін (бұдан әрі - Кодекс) сақтауын және оның Жеке сот орындаушыларының республикалық палата жарғысының (бұдан әрі - Жарғы) талаптарын орындауын болжайды.

      6. Тексеру түрлеріне:

      1) алғашқы тексеру - жеке сот орындаушысы кәсіптік қызметін жүзеге асыруды бастаған кезінен бастап алты айдан кейін және бір жылға дейін жүргізілетін жеке сот орындаушысының жұмысын тексеру;

      2) жоспарлы тексеру - жеке сот орындыушысынын жылына бір рет жүргізілетін жұмысын тексеру;

      3) жоспардан тыс тексеру - жеке сот орындаушысының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым түскен кезде немесе оның өз міндеттерін адал орындамайтындығын куәландыратын басқа ақпарат болған кезде жүргізілетін жеке сот орындаушысының қызметін тексеру.

      тексерулер кестесіне (бұдан әрі - кесте) сәйкес 6-тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген жүзеге асырылады, ол тексерулерді жүргізу мерзімін, жеке сот орындаушысының атқарушылық округын, жеке сот орындаушыларының тізімін (аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі) айқындайтын бөлімдерден тұрады.

      7. Алғашқы және жоспарлы тексерулердің кестесі бір күнтізбелік жылға жасалады және тиісті ағымдағы жылдың 5 қаңтарынан кешіктірмей Астана, Алматы қалаларының және облыстардың Әділет департаменттері басшысының бұйрығымен бекітіледі және тиісті ағымдағы жылдың 10 күнінен кешіктірмей Министрлікке жинақтау үшін жолданады.

      8. Алғашқы және жоспарлы тексерулердің жиынтық кестесі мәлімет үшін Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасына жолданады.

      Жиынтық кестесі Министрліктің кешенді тексерулерін жүргізуге негіз болып табылады.

      Қызметтік қажеттілік жағдайында тексерулер кестесіне түзетулер енгізіледі.

      9. Жоспарлы тексерулер кестесін жасаған кезде мынадай факторлар мен жағдайлар есепке алынуы тиіс:

      жеке сот орындаушысы лауазымындағы жұмыс өтілі;

      соңғы тексерудің жүргізілу мерзімі;

      жеке сот орындаушысының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдар саны:

      оның өз міндеттерін адал орындамағанын куәландыратын басқа ақпараттың болуы.

      10. Тексерулерді (алғашқы және жоспарлы) жүргізуді жүзеге асыру үшін Әділет департаменттерінің басшысының (Министрліктің уәкілетті органының) бұйрығымен (Министрліктің) Әділет департаменттерінің қызметкерлерінен, Жеке сот орындаушыларының (республикалық) өңірлік палатасының құрамынан комиссия құрылады.

      Тексерулерді жүргізу комиссиясы кемінде үш адамнан тұрады.

      Қажет болған жағдайда тексеруге басқа мемлекеттік органдардың қызметкерлері тартылады.

      Бұйрықта комиссияның дербес құрамынан басқа тексеруге жататын жеке сот орындаушысының аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі, тексеру негіздері, тексеруді жүзеге асыру үшін белгіленетін мерзімдер, тексерумен қамтылатын жеке сот орындаушысының жұмыс кезеңі көрсетіледі.

      Тексеру жүргізу туралы бұйрықпен комиссия төрағасы бекітіледі, оған комиссия мүшелерінің тексерісін тиісінше ұйымдастыру және қызметін үйлестіру жүктеледі.

      Қажет болған жағдайда комиссияның құрамына басқа атқарушы органдарынан жеке сот орындаушылары енгізіледі, олар келіскен және іссапар шығындарын төлеген жағдайда жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының есебінен жүргізіледі.

      11. Тексерілетін жеке сот орындаушысы тексеру жүргізу туралы бұйрықпен тексеру (алғашқы жоспарлы) басталғанға дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей қол қойып танысады.

      Жеке сот орындаушысы тексеру туралы бұйрықпен танысудан бас тартқан жағдайда, комиссия еркін нысанда жазылған бас тарту туралы акт жасайды. Жеке сот орындаушысының бұйрықпен танысудан бас тартуы тексеруді жүргізбеуге негіз бола алмайды.

      12. Жеке сот орындаушысының қызметін алғашқы және жоспарлы тексеру:

      Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 7 наурыздағы № 100 бұйрығымен бекітілген жеке сот орындаушысы кеңсесінің орналасқан жеріне және жабдықталуына қойылатын талаптардың (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9259 болып тіркелген) сақталуын;

      азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру шартының, сондай-ақ қызметтік куәліктің, жеке мөрдің, жеке бланктердің болуын;

      Қағидалардың сақталуын;

      жеке сот орындаушысының жалдану бойынша жұмыс істейтін қызметкерлер үшін еңбек жағдайларын жасауын (еңбек шартының болуы, жұмыс орындарын беру, әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету);

      азаматтарды қабылдауды ұйымдастыруын;

      жеке сот орындаушысының қызметін ақпараттық-нормативтік қамтамасыз ету жағдайын;

      міндетті жарналардың уақтылы төленуін;

      жеке сот орындаушыларының заңнаманы, Кодекс пен Жарғы талаптарын сақтауын;

      статистикалық есептілікті жасаудың дұрыстығы мен дәйектілігін зерделеуді және тексеруді болжайды.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 27.05.2016 № 357 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Жеке сот орындаушыларының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдардың немесе Министрлікке (Әділет департаменттеріне), Жеке сот орындаушыларының республикалық (өңірлік) палатасына келіп түсетін басқа ақпараттың болуы жоспардан тыс тексерулерді жүргізуге негіз болып табылады.

      Министрлікке (Әділет департаменттеріне) жеке сот орындаушыларының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдар келіп түскен немесе басқа ақпарат болған жағдайда Министрліктің уәкілетті тұлғасы (Әділет департаментінің басшысы) Жеке сот орындаушыларының республикалық (өңірлік) палатасымен бірлесіп тексеру жүргізу туралы бұйрық шығарады.

      Жеке сот орындаушыларының республикалық (өңірлік) палатасына жеке сот орындаушыларының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдар келіп түскен немесе басқа ақпарат болған жағдайда Жеке сот орындаушыларының республикалық (өңірлік) палатасы тексеру жүргізу туралы бұйрық шығарады.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 27.05.2016 № 357 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Жоспардан тыс тексеруді жүзеге асыру үшін Министрліктің уәкілетті тұлғасының (Әділет департаментінің басшысының) бұйрығымен Министрліктің (Әділет департаментінің) қызметкерлерінен, Жеке сот орындаушыларының республикалық (өңірлік) палатасының өкілінен комиссия құрылады не Жеке сот орындаушыларының республикалық (өңірлік) палатасының уәкілетті тұлғасының бұйрығымен аппарат қызметкерлерінен және жеке сот орындаушыларынан комиссия құрылады. Тексерулерді жүргізу комиссиясы кемінде үш адамнан тұрады.

      Бұйрықта комиссияның дербес құрамынан басқа тексеруге жататын жеке сот орындаушысының аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі, тексеру негіздері, тексеруді жүзеге асыру үшін белгіленетін мерзімдер көрсетіледі.

      Бұйрықпен комиссия мүшелерінің тексеруін тиісінше ұйымдастыру және қызметін үйлестіру жүктелетін комиссияның төрағасы бекітіледі.

      Жоспардан тыс тексеруді жүргізу кезінде жеке сот орындаушысы бұйрық шыққан кейін келесі күні бұйрықпен қол қойып танысады.

      Жеке сот орындаушысы жоспардан тыс тексеруді жүргізу туралы бұйрықпен танысудан бас тартқан жағдайда коммиссия бас тарту туралы хаттама жасайды. Жеке сот орындаушысының бұйрықпен танысудан бас тартуы тексеруді жүргізбеуге негіз бола алмайды.

      Жеке сот орындаушысы танысу үшін келмеген жағдайда, жоспардан тыс тексеру жүргізу туралы бұйрық оны есептік тіркеу орны бойынша тапсырыс хатпен ескертумен жіберіледі.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 27.05.2016 № 357 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16. Мүдделі мемлекеттік органдардан келіп түскен жеке сот орындаушыларының жіберген бұзушылықтарының даусыз дәлелдемелері бар материалдар бойынша жоспардан тыс тексеруді жүргізу талап етілмейді және уәкілетті органға шешім қабылдау үшін қайта жолдауға жатады.

      Жеке сот орындаушыларының лицензияларын тоқтата тұру немесе тоқтату үшін негіздер жеткіліксіз болған жағдайда ұсыныс Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасының және өңірлік палаталарының тәртіптік комиссияларына жіберіледі.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 27.05.2016 № 357 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      17. Комиссия мүшелері:

      тексерілетін жеке сот орындаушысынан атқарушылық әрекеттер туралы, оның ішінде тексеру жүргізу үшін қажетті статистикалық мәліметтерді алады;

      жеке сот орындаушысынан жасаған атқарушылық әрекеттеріне қатысты жеке түсініктемелер алады;

      алдыңғы тексерулердің қорытындылары туралы анықтамалар сұратады;

      тексерілетін жеке сот орындаушысының орындауындағы атқарушылық іс жүргізулер материалдарын сұратады;

      құжаттардың қажетті көшірмелерін, сондай-ақ атқарушылық іс жүргізу материалдарының көшірмелерін алады;

      басқа мемлекеттік органдардан жеке сот орындаушысының заңды қызметіне тексеру жүргізу үшін қажетті мәліметтерді сұратады.

      18. Комиссия мүшелері:

      объективті болып және алаламауы;

      атқарушылық іс жүргізу мәселелерін реттейтін қолданыстағы заңнаманың ережелері мен талаптарын, Кодексін және Жарғысын білуі;

      атқарушылық әрекеттер жасау кезінде жеке сот орындаушыларының тәуелсіздігіне қол сұқпауы;

      тексеруді жүзеге асыру барысында атқарушылық іс жүргізу материалдары бойынша атқарушылық әрекеттер жүргізуге кедергі келтірмеуі;

      тексеру кезінде оларға белгілі болған мәліметтерді жария етпеуі;

      кәсіби этиканы сақтауы тиіс.

      19. Жеке сот орындаушысы оның қызметін тексеруді жүргізу барысында комиссияға:

      оның қызметінің жұмысын жүзеге асыруға қатысты істер номенклатурасына сәйкес нарядтарды және басқа құжаттаманы;

      тексеру үшін талап етілетін атқарушылық іс жүргізудің барлық материалдарын;

      жүргізілген атқарушылық әрекеттеріне жазбаша және ауызша түсініктемелер, атқарушылық іс жүргізу материалдарының көшірмелерін береді, сондай-ақ атқарушылық әрекетін жасау кезінде анықталған қателер мен бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қабылдайды.

      Жеке сот орындаушысы тексеру кезінде дәлелді себептермен болмаған жағдайда (еңбек демалысында болу, уақытша еңбекке жарамсыз парағы бойынша және басқа да негіздермен) тексеру жүргізу мерзімі (алғашқы, жоспарлы, жоспардан тыс) жеке сот орындаушысы шыққанға дейін тоқтатыла тұрады.

      Жеке сот орындаушысының дәлелді себептермен болмауын растайтын құжаттарды жеке сот орындаушысы комиссияға жолдайды.

      20. Екі данада жасалатын тексеруді (алғашқы, жоспарлы, жоспардан тыс) жүргізу нәтижесі барлық комиссия мүшелері қол қойған анықтамада көрініс табады.

      Жүргізілген (алғашқы, жоспарлы, жоспардан тыс) тексеру қорытындысы туралы анықтамада жағдайдың егжей-тегжейлі талдануы, комиссияның бағалауы мен қорытындысы, сондай-ақ іске асыру мерзімі көрсетілген нақты ұсынымдар қамтылады. Анықтамада комиссия мүшелерінің ерекше пікірлері көрініс табуы тиіс.

      Жүргізілген (алғашқы, жоспарлы, жоспардан тыс) тексеру қорытындысы туралы анықтама есептік тіркеу орны бойынша хабарламалы тапсырыс хатпен жеке сот орындаушысына жолданады.

      21. Жеке сот орындаушысы жіберген Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасынан шығуына әкеп соғатын бұзушылықтар анықталған жағдайда Министрлік (Әділет департаменті) Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасының және өңірлік палаталарының тәртіптік комиссияларына қарау үшін ұсыныс жолдайды.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 27.05.2016 № 357 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      22. Заңның 143-бабы 2-тармағының, 144-бабының 1-тармағының талаптарына сәйкес жеке сот орындаушысының лицензиясының қолданысын тоқтата тұруға немесе тоқтатуға әкеп соғатын бұзушылықтар анықталған кезде Әділет департаменттерінің, Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасының және өңірлік палаталарының тәртіптік комиссияларының ұсыныстары Министрлікке шешім қабылдау үшін жіберіледі.

      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 27.05.2016 № 357 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      23. Алып тасталды - ҚР Әділет министрінің 27.05.2016 № 357 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады