Талдықорған қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 28 шілдедегі "Талдықорған қаласы әкімдігінің регламентін бекіту туралы" № 22-760 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 2-24 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 10 ақпанда № 3039 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 04 қаңтардағы № 5 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің 04.01.2017 № 5 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқасының пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы 2001 жылғы 23 қантардағы Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабы 4-тармағына сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Талдықорған қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 28 шілдедегі "Талдықорған қаласы әкімдігінің регламентін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2014 жылғы 3 қыркүйекте № 2843 тіркелген, "Талдықорған" газетінде 2014 жылы 12 қыркүйекте № 38 жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
      кіріспесі келесі редакцияда мазмұндалсын:
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қантардағы Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабы 4-тармағына сәйкес және "Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) және аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдіктерінің үлгі регламенттерін бекіту туралы" 2001 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 546 қаулысының негізінде".
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімі аппаратының басшысы Мәрлен Қапашұлы Көлбаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қала әкімі Е. Алпысов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады