"Талдықорған қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 05 ақпандағы № 8-97 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2015 жылы 20 ақпанда № 3071 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 27 маусымдағы № 29-420 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің 27.06.2016 № 29-420 қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқасының пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 8) тармағына және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       "Талдықорған қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
       "Талдықорған қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" (М.М. Қалиев) мемлекеттік мекемсінің заңмен белгіленген тәртіпте Ережені әділет органдарында тіркеуді жүзеге асырсын.
       Осы қаулының орындалуын бақылау аппарат басшысы Мәрлен Қапашұлы Көлбаевқа жүктелсін.
       Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қала әкімі Е. Алпысов

  Талдықорған қаласы әкімдігінің 2015 жылғы "05" ақпандағы № 8-97 қаулысымен бекітілген қосымша

"Талдықорған қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже 1. Жалпы ережелер

      1. "Талдықорған қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Бөлім) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. Бөлімнің ведомстволары жоқ.
      3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. Бөлім ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. Бөлім егер заңнамаға және сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 040000, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Абай көшесі № 241.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы - "Талдықорған қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. Бөлімнің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімнің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер Бөлімге заңнамалық актілерімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Бөлімнің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. Бөлімнің миссиясы: тұрғын үй қатынастары, коммуникациялар және автомобиль көліктері салаларында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.
      15. Бөлімнің міндеттері:
      1) қалада қолайлы қоршаған ортаны құру және қолдау бойынша кешенді мерекелер жүргізу, күту және абаттандыру, санитарлық жағдайы бойынша, көгалдандыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
      2) заңнамамен белгіленген өз құзыреті шегінде қала аумағында мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру;
      3) тұрғын үй қорын сақтау және тиісті пайдалану бойынша іс-шараларды ұйымдастыру;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде көлік саласында жолаушылар тасымалдауды ұйымдастыру;
      5) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарын дамыту;
      16. Бөлімнің функциялары:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қалалық коммуналдық меншік объектілерін салу, реконструкциялау және жөндеу бойынша тапсырысшы болу;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаланың су құбырларын, жылу мен электр желілерін және басқа да көліктік және инженерлік инфрақұрылымдар объектілерін салуды және пайдалануды ұйымдастыру;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қоғамдық орындарды абаттандыру және сыртқы безендіру мәселелерін шешу;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес облыстық маңызы бар қалалық жолдарды салу, пайдалануды және күтіп ұстауды ұйымдастыру;
      5) коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын ұйымдастыру;
      6) тұрғын үй қорына түгендеу жүргізу;
      7) мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қоюды өз құзыреті шегінде жүзеге асыру;
      8) Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіпте кондоминиум объектiсiне техникалық паспорттар дайындау жөнiндегi шығыстарды өтеудi бюджет қаражаты есебiнен қамтамасыз ету;
      9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде жолаушыларды тұрақты қалалық, қала маңындағы және қалаішілік тасымалдауды ұйымдастыру бойынша іс-шараларды жүзеге асыру;
      10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруға рұқсат беру;
      11) бюджеттік саланың мекемелері мен тұрғындар алатын коммуналдық қызметтер сапасының деңгейін тұрақтандыру және одан әрі өсіру мәселелерінде коммуналдық саладағы кәсіпорындармен өзара әрекет ету;
      12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Бөлімге жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      1) мемлекеттік тұрғын үй қорының мәселелері бойынша мемлекеттің мүдделерін ұсыну және соттарда, барлық меншік нысанындағы ұйымдарда оның мүліктік құқықтарын қорғау;
      2) Бөлімнің құзырына жататын мәселер бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес органдармен қызметтік хат алмасуды жүргізу;
      3) қала әкімінің шешімдері, өкімдері және қала әкімдігінің қаулыларының жобаларын дайындау;
      4) белгіленген тәртіппен тұрғындардың хаттары мен шағымдарын қарау, жеке сұрақтар бойынша азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру;
      5) мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардан, сондай-ақ лауазымды тұлғалар мен азаматтардан өзіне жүктелген міндеттер мен функцияларды орындауға қажетті құжаттар мен мәліметтер сұратуға және алуға;
      6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүктелген міндеттерді сапалы және уақытылы орындалуына жауапкершілік;
      7) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыруға.

3. Бөлімнің қызметін ұйымдастыру

      18. Бөлімнің басшылығын Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      19. Бөлімнің бірінші басшысын Талдықорған қаласының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. Бөлімнің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
      21. Бөлімнің бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) Бөлімнің бірінші басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шаралар қабылдайды және ол үшін дербес жауапкершілікте болады.
      2) өз құзыретіне сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Ережемен айқындалған мекеме қызметінің мәселелерін шешуді өз бетімен және дербес қағидаларын басшылыққа ала отырып әрекет етеді;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Бөлімнің мүддесін білдіреді;
      4) өз құзыретіне жататын басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды;
      5) мекеменің барлық қызметкерлері үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
      6) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа да өкілеттіліктерді жүзеге асырады.
      Бөлім бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      22. Бірінші басшы өз орынбасарының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
      23. Бөлімнің Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын Басшы басқарады.

4. Бөлімнің мүлкі

      24. Бөлім заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      25. Бөлімге бекітілген мүлік қаланың коммуналдық меншігіне жатады.
      26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Бөлім өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату

      27. Бөлім қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

6. Бөлімнің ведомстволарындағы ұйымдардың тізімі

      1) "Талдықорған қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі "Талдықорғанжылусервис" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны;
      2) "Талдықорған қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі шаруашылық жүргізу құқығындағы "Жетісу су құбыры" қалалық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны;
      3) "Талдықорған қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі шаруашылық жүргізу құқығындағы "Көркем Талдықорған" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны;
      4) "Талдықорған қаласы тұрғын үй қызметі" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
      5) "104 аппатық газ қызметі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады