Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жайлар беру және Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы

Жаңа

Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 13 наурыздағы № 6-231 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2015 жылы 27 наурызда № 3117 болып тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқасының пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 28-бабының 4 және 6 - тармақтарына сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй – жайлар осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес берілсін.
      2. Талдықорған қалалық сайлау комиссиясымен (Дәулет Әбдібекұлы Жүнісов келісім бойынша) бірлесіп Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес белгіленсін.
      3. "Талдықорған қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (Малдыбай Молдыбайұлы Қалиев) Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар стендтермен, тақталармен, тұғырлықтармен жарақтандырылсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары Қайрат Найманбайұлы Бұлдыбаевқа жүктелсін.
      5. Талдықорған қаласы әкімінің аппарат басшысы Марлен Қапашұлы Көлбаевқа осы қаулының ресми жариялануын әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын интернет – ресурста және қала әкімдігінің интернет-ресурста, сондай–ақ, қала әкімдігінің нормативтік құқықтық қаулыларын және қала әкімінің нормативтік құқықтық шешімдерін ресми жариялау құқығын алған мерзімді баспа басылымы "Талдықорған" газетінде жүзеге асырсын.
      6. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Талдықорған қаласының әкімі Е. Алпысов

  Қала әкімдігінің 2015 жылғы "13" наурызда "Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жайлар беру және Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы" № 6-231 қаулысына 1-қосымша

      Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде берілетін үй-жайлар


Үй – жайлар
Мекен-жайы
 
1.
"Талдықорған қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мәжіліс залы
Талдықорған қаласы, Абай көшесі, 241 үй, 1 қабат
2.
Нұрғиса Тлендиев атындағы балалар саз мектебінің мәжіліс залы
Талдықорған қаласы, Абай көшесі, 270 үй
3.
"Талдықорған қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мәжіліс залы
Талдықорған қаласы, Абай көшесі, 272 үй
4.
Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің мәжіліс залы
Талдықорған қаласы, Абай көшесі, 254 үй

 
  Қала әкімдігінің 2015 жылғы "13" наурызда "Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жайлар беру және Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы" № 6-231 қаулысына 2 - қосымша

      Кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар


Орындар
Мекен – жайы
 

Талдықорған қаласы бойынша

1.
"Медицина колледжі" қоғамдық көліктің аялдамасының аумағындағы стенд
"Жетісу" шағын ауданы
2.
"Шевченко көшесі" қоғамдық көліктің аялдамасы аумағындағы стенд
Тәуелсіздік көшесінде Шевченко көшесімен қиылысында
3.
"Самал" қоғамдық көліктің аялдамасы аумағындағы стенд
"Самал" шағын ауданы
4.
"Мектеп" қоғамдық көліктің аялдамасы аумағындағы стенд
Белов көшесінде
5.
"№9 әскери қалашық" қоғамдық көліктің аялдамасы аумағындағы стенд
№ 9 әскери қалашық

Еркін ауылдық округінің аумағында

6.
"Дүкен" қоғамдық көліктің аялдамасы аумағында
Еркін ауылы, Сүлеев көшесінде

Өтенай ауылдық округінің аумағында

7.
Ауылдық - дәрігерлік амбулаторияның ғимаратының жанындағы стенд
Өтенай ауылы, Тұңғатов көшесінде

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады