"Талдықорған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 11 қарашадағы № 36-1282 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2015 жылы 30 желтоқсанда № 3661 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 27 маусымдағы № 29-420 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің 27.06.2016 № 29-420 қаулысымен.
      "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 8) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Талдықорған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. "Талдықорған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Эльмира Кенжеғалиқызы Мұқышева) заңнамамен белгіленген тәртіпте Ережені әділет органдарында тіркеуді жүзеге асырсын.
      3. "Талдықорған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы Эльмира Кенжеғалиқызы Мұқышеваға осы қаулының ресми жариялануын әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын интернет-ресурста және қала әкімдігінің интернет-ресурсында, сондай-ақ, қала әкімдігінің нормативтік құқықтық қаулыларын және қала әкімінің нормативтік құқықтық шешімдерін ресми жариялау құқығын алған мерзімді баспа басылымы "Талдықорған" газетінде жүзеге асырсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары Марлен Қапашұлы Көлбаевқа жүктелсін.
      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қала әкімі Б. Қарасаев

  Талдықорған қаласы әкімдігінің 2015 жылғы "11" 12 № 36-1282 қаулысымен бекітілген қосымша

"Талдықорған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. "Талдықорған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі қалада мәдениет және тілдерді дамыту саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Талдықорған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мынадай ведомстволары бар:
      1) "Талдықорған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Өтенай ауылдық мәдениет үйі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
      2) "Талдықорған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Өтенай ауылдық Мәдениет үйі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының "Еңбек ауылдық мәдениет үйі" филиалы;
      3) "Талдықорған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Өтенай ауылдық Мәдениет үйі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының "Мойнақ ауылдық мәдениет үйі" филиалы;
      4) Саңырау және нашар еститіндер қоғамының клубы;
      5) Зағиптар және нашар көретіндер қоғамының клубы;
      6) В.Маяковский атындағы орталық қалалық кітапханасы;
      7) Орталық балалар кітапханасы;
      8) Қалалық №2 кітапхана филиалы;
      9) Еркін ауылдық №3 кітапхана – клуб филиалы
      10) Еңбек ауылдық №4 кітапхана – клуб филиалы
      11) Өтенай ауылдық №5 кітапхана филиалы
      12) Мойнақ ауылдық №6 кітапхана филиалы
      13) Еркін ауылдық округінің 3-бөлімшедегі №7 кітапхана-филиалы
      3. "Талдықорған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Талдықорған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Талдықорған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
      6. "Талдықорған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес, осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Талдықорған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен "Талдықорған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
      8. "Талдықорған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жерi: индекс 040000, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Абай көшесі, №256.
      10. Мемлекеттiк органның толық атауы: "Талдықорған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже "Талдықорған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Талдықорған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметiн каржыландыру жергiлiктi бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. "Талдықорған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі кәсiпкерлiк субъектiлерiмен "Талдықорған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Талдықорған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер мемлекеттік бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен мiндеттерi

      14. "Талдықорған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: қалада бірыңғай мемлекеттік мәдениет және тіл саясатының негізгі бағыттарын жүзеге асыру;
      15. Мiндеттерi:
      1) Қазақстан Республикасы халқының мәдениетін қайта түлетуге, сақтауға, дамытуға және таратуға бағытталған іс-шаралар ұйымдастыру;
      2) ұлттық және әлемдік мәдениет құндылықтарына баулу арқылы азаматтрады отаншылдыққа және эстетикалық тәрбиелеуді ұйымдастыру;
      3) дарынды тұлғаларды қолдауды қаматамыз ету;
      4) тілдерді оқып-үйрену мен дамыту үшін жағдайлар жасау.
      16. Функциялары:
      1) театр, музыка және кино өнері, кітапхана және мұражай ісі, мәдени-демалыс қызмет саласында қаланың мемлекеттік мәдениет ұйымдарының қызметін қолдауды және үйлестіруді жүзеге асыру;
      2) жергілікті маңызы бар тарих, материалдық және рухани мәдениет ескерткіштерін есепке алу, қорғау және пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
      3) қаланың сауықтық мәдени-бұқаралық іс-шараларын, сондай-ақ әуесқой шығармашылық бірлестіктер арасында байқаулар, фестивальдер және конкурстар өткізуді жүзеге асыру;
      4) қаланың мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттаудан өткізу;
      5) қаланың мәдени мақсаттағы объектілерінің құрылысы, реконструкциясы және жөнделу бойынша тапсырысы болу;
      6) мемлекеттік тілді және басқа тілдерді дамытуға бағытталған қалалық деңгейдегі іс-шараларды жүргізу;
      7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру болып табылады.
      17. Құқықтары мен мiндеттерi:
      1) мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан өз қызметіне қажетті ақпаратты сұрату және алу;
      2) өз құзіреті шегінде мәдениет саласындағы коммуналдық меншікті басқаруды жүзеге асыру;
      3) "Талдықорған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзіретіне жататын қала әкімінің, әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын дайындау;
      4) "Талдықорған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүдделерін барлық құзіретті, мемлекеттік, әкімшілік органдарда, мекемелерде, ұйымдарда, сондай-ақ сот және құқық қорғау органдарында білдіру;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзіреті шегінде басқа да құқықтарды және міндеттерді жүзеге асыру;

3. Мемлекеттік органның қызметiн ұйымдастыру

      18. "Талдықорған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшылықты "Талдықорған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшысы жүзеге асырады.
      19. "Талдықорған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын қала әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. "Талдықорған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінде орынбасарлар жоқ.
      21. "Талдықорған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) "Талдықорған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі және оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметіне басшылық етеді және "Талдықорған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуы үшін жауптылықта болады;
      2) "Талдықорған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі қыметкерлерінің арасында функционалдық міндеттерді бөлуді жүзеге асырады;
      3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет бойынша жұмыс ұйымдастырады және ол үшін дербес жауап береді;
      4) стратегиялық жоспарларды әзірлейді және ағымдағы жопарларды бекітеді;
      5) қала әкімі аппаратымен және өзге де ұйымдармен бірлескен іс қимылдарда "Талдықорған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіреді;
      6) заңнамада бекітілген тәртіпте бөлімнің қызметкелерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан шығарады, қызметкерлерге көтермелеу және тәртіптік жазалар қолданылады;
      7) өз құзіретінің шектерінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттамаға қол қояды;
      8) "Талдықорған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі отырыстарын, мәжілістерін және өзінің құзыретіне жататын мәселелер жөніндегі басқа да шараларды өткізеді.
      "Талдықорған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      22. "Талдықорған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      "Талдықорған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік және Қазақстан Республикасының Заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      23. "Талдықорған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінде бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Талдықорған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      25. "Талдықорған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады