"Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 8) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, Талдықорған қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Талдықорған қаласының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. "Талдықорған қаласының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Әмірхан Мұқанұлы Үсенов) заңнамамен белгіленген тәртіпте Ережені әділет органдарында тіркеуді жүзеге асырсын.
3. "Талдықорған қаласының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы Әмірхан Мұқанұлы Үсенов осы қаулының ресми жариялануын әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және қала әкімдігінің интернет-ресурсында, сондай-ақ, қала әкімдігінің нормативтік құқықтық қаулыларын және қала әкімінің нормативтік құқықтық шешімдерін ресми жариялау құқығын алған мерзімді баспа басылымы "Талдықорған" газетінде жүзеге асырсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Алмас Қабдулұлы Әділге жүктелсін.
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | Б. Қарасаев |
Талдықорған қаласы әкімдігінің 2015 жылғы "22" 12 № 38-1335 қаулысымен бекітілген қосымша |
Талдықорған қаласының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ережелер
1. "Талдықорған қаласының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.2. "Талдықорған қаласының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
3. "Талдықорған қаласының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. "Талдықорған қаласының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. "Талдықорған қаласының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. "Талдықорған қаласының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. "Талдықорған қаласының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Талдықорған қаласының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. "Талдықорған қаласының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 040000, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Абай көшесі, № 256.
10. Мемлекеттік органның толық атауы – "Талдықорған қаласының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
11. Осы Ереже "Талдықорған қаласының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
12. "Талдықорған қаласының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
13. "Талдықорған қаласының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Талдықорған қаласының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Талдықорған қаласының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері,функциялары, құқықтары мен міндеттері
14. "Талдықорған қаласының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: кәсіпкерлік саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.15. Міндеттері:
1) жеке кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдайлар жасау;
2) сауда саясатын жүргізуді қамтамасыз ету;
3) туристік қызметінің үйлестіру жұмысын жүргізу.
16. Функциялары:
1) жеке кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың мемлекеттiк саясатының iске асырылуын жүзеге асыру;
2) жеке кәсiпкерлiктi дамыту үшiн жағдайлар жасау;
3) өңiрде шағын және орта кәсiпкерлiктi және инновациялық қызметтi қолдау инфрақұрылымының объектiлерiн құру мен дамытуды қамтамасыз ету;
4) жергiлiктi атқарушы органдардың жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiмен, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсiпкерлер палатасымен және нарықтық инфрақұрылым объектiлерiмен өзара қарым-қатынастарын дамыту стратегиясын айқындау;
5) сарапшылық кеңестердiң қызметiн ұйымдастыру;
6) жергiлiктi деңгейде жеке кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдауды қамтамасыз ету;
7) әлеуетті шетелдік инвесторларды индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыруға қатысуға тарту мақсатында іздестіруді жүзеге асыру және олармен келіссөздер жүргізу;
8) сауда саясатын жүргiзудi қамтамасыз ету;
9) өз құзыретi шегiнде сауда қызметi субъектiлерiнiң қызметiн реттеудi жүзеге асыру;
10) қала аумағында сауда қызметiне қолайлы жағдайлар жасау жөнiнде шаралар әзiрлеу;
11) халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудiң ең төменгi нормативiне қол жеткiзу жөнiнде шаралар әзiрлеу және iске асыру;
12) көрмелер ұйымдастыруды жүзеге асыру;
13) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерінің сақталуына өз құзыреті шегінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
14) қала аумағында туристік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру және үйлестіруді жүзеге асыру;
15) қала аумағында туризмді дамыту туралы ақпарат жинауды, талдауды жүзеге асыру және оны облыстық жергілікті атқарушы органына беру;
16) туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат беру;
17) жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүдделерiнде Қазақстан Республикасының заңнамасында жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру.
17. Құқықтары мен міндеттері:
1) жиналыстарды өткізу тәртібін ұйымдастырады, қала әкімдігінің отырыстарына қатысады;
2) "Талдықорған қаласының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекеме қызметінің бұқаралық ақпарат құралдарына жария етілуін қамтамасыз етеді;
3) "Талдықорған қаласының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, осы Ережеге сәйкес өкілеттіктерді жүзеге асырады.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
18. "Талдықорған қаласының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Талдықорған қаласының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.19. "Талдықорған қаласының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын қала әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
20. "Талдықорған қаласының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының орынбасары болмайды.
21. "Талдықорған қаласының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
1) мемлекеттік мекеменің жұмыс жоспарларын бекітеді;
2) мемлекеттік мекеменің атынан әрекет етеді;
3)сенімхаттар береді;
4) заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін көтермелейді және оларға тәртіптік жаза береді;
5) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, қызметтік құжаттарға қол қояды;
6) мемлекеттік мекеменің ішкі еңбек тәртібін бекітеді;
7) мемлекеттік мекемеде "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
8) азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асырады;
9) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерде көзделген өкілеттіктерді жүзеге асырады;
10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың орындалуына дербес жауапты болады.
"Талдықорған қаласының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
22. "Талдықорған қаласының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін."Талдықорған қаласының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
23. "Талдықорған қаласының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бекітілген мүлігі коммуналдық меншікке жатады.
24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Талдықорған қаласының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.