Қапшағай қаласының азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Қапшағай қалалық мәслихатының 2015 жылғы 15 шілдедегі № 50-207 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2015 жылы 11 тамызда № 3334 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Қапшағай қалалық мәслихатының 2020 жылғы 25 ақпандағы № 66-235 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Қапшағай қалалық мәслихатының 25.02.2020 № 66-235 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 4-тармағына сәйкес, Қапшағай қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қапшағай қаласының азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандарға қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын мамандардың мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер қалалық бюджет қаражаты есебінен белгіленсін.
      2. Қапшағай қалалық мәслихатының 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 43-185 "Қапшағай қаласының азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін мамандарына жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтік ставкалар белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылдың 23 қаңтарында № 3003 тіркелген, "Нұрлы өлке" газетінің 2015 жылдың 02 ақпанында № 06 (311) жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың "Халықты әлеуметтік қорғау, еңбек, білім, денсаулық сақтау, мәдениет, тіл, спорт және ұлтаралық қатынастар жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      4. "Қапшағай қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы Сатыбалдиева Айгүл Төлекқызына осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және қалалық мәслихаттың интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
      5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихат
      сессиясының төрағасы Р. Сагитдинов
      Қалалық мәслихаттың хатшысы Қ. Ахметтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады