"Текелі қаласының әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Текелі қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 11 маусымдағы № 157 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2015 жылы 15 шілдеде № 3282 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Текелі қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 27 қаңтардағы № 22 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Текелі қаласы әкімдігінің 27.01.2017 № 22 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабының 4-тармағына, "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Қазақстан Республикасы Президентінің, Жарлығына сәйкес Текелі қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Текелі қаласының әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
      2. "Текелі қаласының әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысы Менісов Бақытжан Зәпірұлына осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және қала әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімі аппаратының басшысы Менісов Бақытжан Зәпірұлына жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қала әкімі Т. Қайнарбеков

  Текелі қаласы әкімдігінің 2015 жылғы "11" маусым № 157 қаулысымен бекітілген қосымша

"Текелі қаласының әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы

Ереже

1. Жалпы ережелер

       "Текелі қаласының әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Текелі қаласы әкімдігінің қызметін қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      "Текелі қаласының әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
      "Текелі қаласының әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      "Текелі қаласының әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      "Текелі қаласының әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      "Текелі қаласының әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      "Текелі қаласының әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Текелі қаласының әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      "Текелі қаласының әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылымы және штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 041700, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Текелі қаласы, Абылай хан көшесі, № 34.
      Мемлекеттік органның толық атауы - "Текелі қаласының әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі.
      Осы Ереже "Текелі қаласының әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      "Текелі қаласының әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      "Текелі қаласының әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Текелі қаласының әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Текелі қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

       "Текелі қаласының әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: қала әкімі және әкімдігінің қызметiн қамтамасыз ету.
       Мiндеттерi: қала әкімінің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету.
      Функциялары:
      1) "Текелі қаласының әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің жұмысын жоспарлау, әкімдік отырыстарын, кеңестерін және басқа шараларды ұйымдастыру және өткізу;
      2) жұмысты талдау, ақпаратты жинауды жүзеге асыру және қала әкімін атқарушы органдар мен лауазымдық тұлғалардың ақпараттық-талдау материалдарымен қамтамасыз ету;
      3) "Текелі қаласының әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің бөлімдеріндегі, ауылдық округ әкімі аппаратындағы атқарушылық тәртіп жағдайын талдау бойынша қала әкіміне хабарлау;
      4) қала әкімі шешімдерінің және өкімдерінің, қала әкімдігі қаулыларының жобаларын дайындау;
      5) әкімнің шешімдеріне, өкімдеріне, әкімдіктің қаулыларына қажетті өзгерістер мен толықтырулар енгізу және оларды жою туралы ұсыныстар енгізу;
      6) "Текелі қаласының әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы заңнамасын орындауы жөніндегі қызметін үйлестіру;
      7) тәртіптік, аттестаттау, конкурстық және кадр мәселелері жөніндегі өзге де комиссиялардың қызметін ұйымдастыру;
      8) аттестаттауды және конкурстық іріктеуді жүргізу, мемлекеттік қызметшілерді қызмет бойынша жоғарылату, мемлекеттік қызметшілерді тәртіптік жауаптылыққа тарту, мемлекеттік қызметшілерді қызметінен босату рәсімдерінің сақталуын қамтамасыз ету;
      9) кадрларды іріктеуді ұйымдастыру, мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметті өткеруіне байланысты құжаттарды ресімдеу;
      10) мемлекеттік қызметте болуына байланысты шектеулердің сақталуын қамтамасыз ету;
      11) мемлекеттік қызметшілердің тағылымдамасын, тәлімгерлігін, қызметін бағалауды, оқуын, қайта даярлығын (қайта мамандануын) және біліктілігін арттыруды ұйымдастыру, мемлекеттік қызметшілерді көтермелеу түрлерін және оларды қолдану тәртібін әзірлеу;
      12) мемлекеттік қызметшілердің дербес деректерін, бағалау, аттестаттау және оқудан өту нәтижелері туралы мәліметтерді есепке алуды жүзеге асыру;
      13) қала әкіміне бағынысты жергілікті басқару органдарының мемлекеттік қызметі мен кадр саясатының жағдайын талдау;
      14) "Текелі қаласының әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілерін және мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшыларын лауазымға тағайындау және лауазымнан босату кезінде материалдарын рәсімдеу, олардың жеке істерін жүргізу;
      15) қала әкімінің және әкімдігінің қызметін құжаттамалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес іс жүргізуді ұйымдастыру;
      16) әкім және әкімдік шығарған актілерді тіркеуді жүргізу, нөмірлерді беру;
      17) азаматтардың хал актілерін тіркеу бойынша шараларды қамтамасыз ету;
      18) жеке және заңды тұлғаларды қабылдауды ұйымдастыру;
      19) жұмыстың тәсілі мен әдістерін жақсарту, жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу жөніндегі жұмысты жүргізу;
      20) қала әкіміне бағынышты мемлекеттік органдардың өзара әрекет етуін және қызметін үйлестіруді қамтамасыз ету;
      21) атқарушы органдардың құзыретіне жататын мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
      22) консультативтік-кеңесші органдарды құру бойынша шаралар қабылдау;
      23) қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.
      Құқықтары мен міндеттері:
      1) әкімнің, әкімдіктің, "Текелі қаласының әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүдделерін барлық құзыретті, мемлекеттік, әкімшілік органдарда, мекемелерде, ұйымдарда, сондай-ақ сот және құқық қорғау органдарында білдіру;
      2) әкімнің, әкімдіктің және "Текелі қаласының әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құзыреті шегінде мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларынан және өзге де ұйымдардан қажетті ақпараттарды, құжаттарды және басқа да материалдарды сұрату және алу;
      3) Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және басқа орталық атқарушы органдардың, облыс, қала әкімдері және әкімдіктерінің актілері мен тапсырмаларын орындау;
      4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау;
      5) қызметтік құжаттар мен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
      6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

       "Текелі қаласының әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Текелі қаласының әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      "Текелі қаласының әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Текелі қаласының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      Бірінші басшысының орынбасарлары жоқ.
      "Текелі қаласының әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда өз құзыреті шегінде "Текелі қаласының әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіреді;
      2) "Текелі қаласының әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басқарады және оған жүктелген функциялар мен міндеттерді орындауға жеке жауап береді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді;
      3) азаматтардың қабылдауын жүргізеді;
      4) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады;
      5) заңнамада белгіленген тәртіпте ынталандыру және тәртіптік жаза қолдану бойынша ұсыныстар енгізеді;
      6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      "Текелі қаласының әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде, оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      "Текелі қаласының әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын аппарат басшысы басқарады.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

       "Текелі қаласының әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      "Текелі қаласының әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      "Текелі қаласының әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Текелі қаласының әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

       "Текелі қаласының әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады