"Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, Текелі қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Текелі қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. "Текелі қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы Ерлан Жеңісбайұлы Абдалиевке осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және қала әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
3.0Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Сері Болысбайұлы Лепесовке жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Текелі қаласының әкімі | Т. Қайнарбеков |
Текелі қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 26 маусымдағы № 182 қаулысымен бекітілген қосымша |
"Текелі қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі
1. Жалпы ережелер
1. "Текелі қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім) жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.2. Бөлімнің ведомстволары жоқ.
3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Бөлім мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. Бөлімге егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілер мен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 041700, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Текелі қаласы, Ғарышкерлер көшесі, № 7/1.
10. Мемлекеттік органның толық атауы – "Текелі қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
11. Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.
12. Бөлімнің қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерінен жүзеге асырылады.
13. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімнің функциялары болып
табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Бөлімге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
14. Бөлімнің миссиясы: халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасын арттыру мақсатында халықты әлеуметтік қорғау саласын дамыту және жетілдіру мемлекеттік саясатын іске асыру бойынша жәрдемдесуде жергілікті мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыру.15. Міндеттері:
1) халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатын іске асыру;
2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік қызметтер мен әлеуметтік көмек көрсетуді ұйымдастыру және үйлестіру;
3) қолданыстағы заңнамаға сәйкес халықтың әлеуметтік осал топтарының құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктерін қамтамасыз ету;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттер.
16. Функциялары:
1) нормативтік құқықтық актілерді, халықтың өмір сүру деңгейін көтеру және тұрақтандыруға бағытталған аумақтық бағдарламаларды дайындауға қатысу, олардың орындалуын талдау;
2) қолданыстағы заңнамаға сәйкес бюджет қаражаты қажеттілігін болжау және әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру;
3) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау және төлеу, жергілікті және республикалық бюджеттер қаражаты есебінен басқа да әлеуметтік көмек түрлерін көрсету;
5) жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың өкілдерінің өтініштерін қарау, қабылдау және кеңес беру;
6) еңбек рыногын талдау және болжау, еңбек рыногының жай-күйі туралы халыққа және жергілікті атқарушы органдарға хабарлау;
7) еңбек рыногы бойынша деректер банкін құру;
8) қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмыссыздарға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру;
9) қолданыстағы заңнамаға сәйкес халықтың нысаналы топтарына арналған әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру;
10) қолданыстағы заңнамаға сәйкес, еңбек рыногының қажеттілігіне сәйкес жұмыссыздар мен азаматтарды кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;
11) жиырма тоғыз жастан аспайтын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім берудің кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары түлектерінің қатарынан тіркелген жұмыссыздарға арналған жастар практикасын ұйымдастыру;
12) мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламаларының әлеуметтік бөлігін орындау;
13) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
17. Құқықтары мен міндеттері:
1) Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелерді шешу бойынша қала әкімінің және қалалық мәслихаттың қарауына ұсыныстар енгізу;
2) мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан өз қызметіне қажетті ақпаратты заңнамада белгіленген тәртіппен сұрату және алу;
3) жедел басқару құқығындағы мүліктерді пайдалануды жүзеге асыру;
4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
18. Бөлімге басшылықты Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.19. Бөлімнің бірінші басшысын қала әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
20. Бөлімнің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
21. Бөлімнің бірінші басшысының өкілеттігі:
1) Бөлім қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін өз құзыреті шегінде айқындайды;
2) Бөлім қызметкерлерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес қызметке тағайындайды және босатады;
3) Бөлім қызметкерлерін заңнамада белгіленген тәртіппен ынталандырады және тәртіптік жазалар қолданады;
4) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады;
5) мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда өз құзыреті шегінде Бөлімнің мүддесін білдіреді;
6) Бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді, сол үшін жеке
жауапкершілік алуды белгілейді;
7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бөлімнің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
22. Бірінші басшы өз орынбасарының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
23. Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
24. Бөлімге бекітілген мүлік қалалық коммуналдық меншікке жатады.
25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Бөлім, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.