"Текелі қаласы Рудничный ауылдық округінің әкім аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Текелі қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 17 тамыздағы № 252 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2015 жылы 25 қыркүйекте № 3451 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Текелі қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 27 қаңтардағы № 22 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Текелі қаласы әкімдігінің 27.01.2017 № 22 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, Текелі қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Текелі қаласы Рудничный ауылдық округінің әкім аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
      2. Текелі қаласының Рудничный ауылдық округінің әкімі Вишняков Сергей Дмитриевичқа осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және қала әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Белдібеков Болат Далабайұлына жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Текелі қаласының әкімі Т. Қайнарбеков

  Текелі қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 17 тамыздағы № 252 қаулысымен бекітілген қосымша

"Текелі қаласы Рудничный ауылдық округінің әкім аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Текелі қаласы Рудничный ауылдық округінің әкім аппараты" мемлекеттік мекемесі Текелі қаласы Рудничный ауылдық округі әкімінің қызметiн ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етудi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Текелі қаласы Рудничный ауылдық округінің әкім аппараты" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
      3. "Текелі қаласы Рудничный ауылдық округінің әкім аппараты" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Текелі қаласы Рудничный ауылдық округінің әкім аппараты" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Текелі қаласы Рудничный ауылдық округінің әкім аппараты" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Текелі қаласы Рудничный ауылдық округінің әкім аппараты" мемлекеттік мекемесіне егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Текелі қаласы Рудничный ауылдық округінің әкім аппараты" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Текелі қаласы Рудничный ауылдық округі әкімінің өкімдері мен шешімдері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Текелі қаласы Рудничный ауылдық округінің әкім аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 041703, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Текелі қаласы Рудничный ауылы, Ескелді би көшесі, № 23.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы - "Текелі қаласы Рудничный ауылдық округінің әкім аппараты" мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже "Текелі қаласы Рудничный ауылдық округінің әкім аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Текелі қаласы Рудничный ауылдық округінің әкім аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. "Текелі қаласы Рудничный ауылдық округінің әкім аппараты" мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен "Текелі қаласы Рудничный ауылдық округінің әкім аппараты" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Текелі қаласы Рудничный ауылдық округінің әкім аппараты" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. "Текелі қаласы Рудничный ауылдық округінің әкім аппараты" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: Текелі қаласы Рудничный ауылдық округі аумағында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.
      15. Міндеттері: Текелі қаласы Рудничный ауылдық округі әкімінің қызметiн ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету.
      16. Функциялары:
      1) өз құзыретi шегiнде жер қатынастарын реттеудi жүзеге асыру;
      2) шаруа немесе фермер қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға жәрдемдесу;
      3) тарихи және мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру;
      4) табысы аз адамдарды анықтау, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізу, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастыру;
      5) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету және өзге де әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету;
      6) қоғамдық жұмыстарды, жастар практикасын және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру; 
      7) жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдесу;
      8) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасау;
      9) шаруашылықтар бойынша есепке алуды жүзеге асыру;
      10) кәсіпқой емес медиаторлардың тізілімін жүргізу;
      11) елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
      12) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      1) мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан өз қызметіне қажетті ақпаратты заңнамада белгіленген тәртіппен сұрату және алу;
      2) жедел басқару құқығындағы мүліктерді пайдалануды жүзеге асыру;
      3) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақытылы және сапалы қарау;
      4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      18. "Текелі қаласы Рудничный ауылдық округінің әкім аппараты" мемлекеттік мекемесі басшылықты "Текелі қаласы Рудничный ауылдық округінің әкім аппараты" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын әкім жүзеге асырады.
      19. Текелі қаласы Рудничный ауылдық округінің әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
      20. Текелі қаласы Рудничный ауылдық округінің әкімінің орынбасарлары жоқ.
      21. Әкімнің өкілеттігі:
      1) "Текелі қаласы Рудничный ауылдық округінің әкім аппараты" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін өз құзыреті шегінде айқындайды;
      2) "Текелі қаласы Рудничный ауылдық округінің әкім аппараты" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес қызметке тағайындайды және босатады;
      3) "Текелі қаласы Рудничный ауылдық округінің әкім аппараты" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерін заңнамада белгіленген тәртіппен ынталандырады және тәртіптік жазалар қолданады;
      4) өз құзыреті шегінде шешімдер мен өкімдер шығарады;
      5) мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда өз құзыреті шегінде "Текелі қаласы Рудничный ауылдық округінің әкім аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіреді;
      6) "Текелі қаласы Рудничный ауылдық округінің әкім аппараты" мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді, сол үшін жеке жауапкершілік алуды белгілейді;
      7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      Текелі қаласы Рудничный ауылдық округінің әкімі болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      22. "Текелі қаласы Рудничный ауылдық округінің әкім аппараты" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      "Текелі қаласы Рудничный ауылдық округінің әкім аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      23. "Текелі қаласы Рудничный ауылдық округінің әкім аппараты" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Текелі қаласы Рудничный ауылдық округінің әкім аппараты" мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      25. "Текелі қаласы Рудничный ауылдық округніңі әкім аппараты" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады