Суықсай ауылдық округінің Ащыбұлақ ауылындағы "Мектеп" көшесін қайта атау туралы

Жаңа

Алматы облысы Ақсу ауданы Суықсай ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 1 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2015 жылы 30 желтоқсанда № 3666 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес және Ақсу ауданы Суықсай ауылдық округі Ащыбұлақ ауылы халқының пікірін ескере отырып, 2015 жылғы 25 қыркүйектегі Алматы облысы ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде, Ақсу ауданы Суықсай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Суықсай ауылдық округінің Ащыбұлақ ауылындағы "Мектеп" көшесі "Дубек Бейсенбаев" көшесіне қайта аталсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудан әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау Ақсу ауданы әкімдігінің "Суықсай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекетттік мекемесінің бас маман-іс жүргізушісі Камалиева Гульжан Камалиевнаға жүктелсін.
      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Округ әкімінің
      міндетін атқарушы С.Бекбулатов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады