Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Балқаш аудандық мәслихатының 09.03.2022 № 17-72 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 53-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, Балқаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Балқаш ауданының ауылдық жерде жұмыс істейтін білім берудің педагог қызметкерлеріне коммуналдық қызмет көрсетулерге шығыстарды жабуға және тұрғын үй-жайларды жылыту үшін отын сатып алуға бюджет қаражаты есебінен, бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерде біржолғы ақшалай өтемақы белгіленсін.
2. "Балқаш аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы Құтпанбетов Азат Үкітайұлына осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудандық мәслихаттың интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Балқаш аудандық мәслихатының "Жұмыспен қамту, қоғамдық ұйымдармен байланыс, мәдениет, білім, заңдылық, денсаулық сақтау және экология жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы | Б. Елубаев |
Аудандық мәслихаттың хатшысы | М. Қамаубаев |