"Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, Балқаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Балқаш аудандық ауылшаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Манат Ришат Манатұлына жүктелсін.
3. Аудан әкімі аппаратының басшысы Манат Ришат Манатұлына осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудан әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Б. Жүнісов |
Балқаш ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 12 мамырдағы "Балқаш аудандық ауылшаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" № 66 қаулысымен бекітілген қосымша |
"Балқаш аудандық ауылшаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
1. Жалпы ережелер
1. "Балқаш аудандық ауылшаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Бөлім) Балқаш ауданының ауыл шаруашылығы саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.2. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Бөлім ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. Бөлімге егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 040300, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Балқаш ауданы, Бақанас ауылы, Қонаев көшесі, № 75.
9. Мемлекеттік органның толық атауы – "Балқаш аудандық ауылшаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Бөлімнің қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерінен жүзеге асырылады.
12. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімнің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Бөлімге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Бөлімнің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
13. Бөлімнің миссиясы: ауданның агроөнеркәсiптiк кешенiн және ауылдық аумақтарда ауыл шаруашылықты дамытуды мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыру.14. Міндеттері: агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу азық-түлік қауiпсіздiгін, агроөнеркәсіптік кешен өнiмi нарықтарының тұрақтылығын қамтамасыз ету, кәсіпкерлiктің тиiмдi жүйесiн құру, отандық өнiмнiң бәсекелестiк артықшылығын қолдау, сондай-ақ, өсiмдiк шаруашылығын, мал шаруашылығын дамыту және техникалық жарақтандыру мен басқа да iлеспе қызмет салаларын қамтамасыз ету.
15. Функциялары:
1) агроөнеркәсiптiк кешен субъектілерiн Қазақстан Республикасының заңдарына және осы саладағы басқа да нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес мемлекеттiк қолдауды жүзеге асыру;
2) ауылдық аумақтарды дамытудың мониторингін жүргізу;
3) агроөнеркәсіптiк кешен мен ауылдық аумақтар саласында жедел ақпарат жинауды жүргiзу және оны облыстың жергiлiктi атқарушы органына (әкiмдiгiне) беру;
4) ауданда азық-түлік тауарлары қорларын есепке алуды жүргізу және облыстың жергілікті атқарушы органдарына (әкiмдiгіне) есептілік ұсыну;
5) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілерден асыл тұқымды мал туралы деректер жинауды жүзеге асыру;
6) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілерден, асыл тұқымды малы бар жеке және заңды тұлғалардан бекітілген нысандар бойынша есептер қабылдау;
7) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің асыл тұқымдық өнімді (материалды) жыл сайынғы өткізу көлемдеріне өтінімдер қабылдауды жүзеге асыру;
8) асыл тұқымды мал зауыты, асыл тұқымды мал шаруашылығы, асыл тұқымды мал орталығы, дистрибьютерлiк орталық, асыл тұқымдық репродуктор және ірі қара малдың тұқымдары бойынша республикалық палата беретін асыл тұқымдық куәліктердің есебін жүргізу;
9) аграрлық сектордың ұтымды және тиiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;
10) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Бөлімге Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
16. Құқықтары мен міндеттері:
1) мемлекеттік органдардан, басқа да ұйымдардан, жеке және заңды тұлғалардан Бөлімнің мәселелері бойынша қажетті ақпараттар сұрауға және алуға;
2) міндеттерді жүзеге асыруға байланысты шешімін табу облыстық және республикалық деңгейде қамтамасыз етілетін ұсыныстарды жоғары тұрған органдардың қарауына енгізуге;
3) заңнамаға сәйкес Бөлімге жүктелген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыруға.
3. Бөлімнің қызметін ұйымдастыру
17. Бөлімге басшылықты Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.18. Бөлімнің бірінші басшысын Балқаш ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
19. Бөлімнің бірінші басшысының орынбасарлары жоқ.
20. Бөлімнің бірінші басшысының өкілеттігі:
1) қолданыстағы заңнамаға сәйкес Бөлімнің қызметкерлерін қызметке қабылдайды және қызметтен босатады;
2) Бөлімнің қызметкерлері арасында функционалдық міндеттер мен өкілеттіліктерді бөлуді жүзеге асырады;
3) Бөлімнің қызметкерлеріне заңнамамен белгіленген тәртіппен көтермелеу және тәртіптік жаза салу шараларын қолданады;
4) Бөлімнің қызметкерлеріне міндетті түрде орындау үшін бұйрықтар шығарады, қызметтік құжаттарға қол қояды;
5) заңнамаларға сәйкес мемлекеттік органдарда және басқа ұйымдар алдында Бөлімнің мүддесін қорғайды;
6) Бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шаралар қолданады, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған іс-шараларды қабылдауға дербес жауапкершілікте болады;
7) заңнамаларға сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.
Бөлімнің бiрiншi басшысы болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
4. Бөлімнің мүлкі
21. Бөлімде заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
22. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Бөлім, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.