"Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, Балқаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Балқаш ауданы Бірлік ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Манат Ришат Манатұлына жүктелсін.
3. Аудан әкімі аппаратының басшысы Манат Ришат Манатұлына осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудан әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Б. Жүнісов |
Балқаш ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 4 маусымдағы "Балқаш ауданы Бірлік ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" № 117 қаулысымен бекітілген қосымша |
"Балқаш ауданы Бірлік ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
1. Жалпы ережелер
1. "Балқаш ауданы Бірлік ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Балқаш ауданы Бірлік ауылдық округі әкімінің қызметiн ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етудi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.2. "Балқаш ауданы Бірлік ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. "Балқаш ауданы Бірлік ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. "Балқаш ауданы Бірлік ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. "Балқаш ауданы Бірлік ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. "Балқаш ауданы Бірлік ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Балқаш ауданы Бірлік ауылдық округі әкімінің өкімдері мен шешімдері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. "Балқаш ауданы Бірлік ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 040308, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Балқаш ауданы, Бірлік ауылы, Бөтешов көшесі, № 2.
9. Мемлекеттік органның толық атауы – "Балқаш ауданы Бірлік ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже "Балқаш ауданы Бірлік ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
11. "Балқаш ауданы Бірлік ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12. "Балқаш ауданы Бірлік ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен "Балқаш ауданы Бірлік ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Балқаш ауданы Бірлік ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. "Балқаш ауданы Бірлік ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
13. "Балқаш ауданы Бірлік ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: Балқаш ауданы Бірлік ауылдық округі аумағында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.14. Міндеттері: Балқаш ауданы Бірлік ауылдық округі әкімінің қызметiн ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету.
15. Функциялары:
1) өз құзыретi шегiнде жер қатынастарын реттеудi жүзеге асыру;
2) шаруа немесе фермер қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға жәрдемдесу;
3) тарихи және мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру;
4) табысы аз адамдарды анықтау, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізу, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастыру;
5) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету және өзге де әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету;
6) қоғамдық жұмыстарды, жастар практикасын және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру;
7) жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдесу;
8) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасау;
9) шаруашылықтар бойынша есепке алуды жүзеге асыру;
10) кәсіпқой емес медиаторлардың тізілімін жүргізу;
11) елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
12) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.
16. Құқықтары мен міндеттері:
1) мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан өз қызметіне қажетті ақпаратты заңнамада белгіленген тәртіппен сұрату және алу;
2) оперативті басқару құқығына қарасты мүліктерді пайдалануды жүзеге асыру;
3) азаматтардың өтініштерін, арыздарын, шағымдарын қарау, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнінде шаралар қабылдау;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.
3. "Балқаш ауданы Бірлік ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру
17. "Балқаш ауданы Бірлік ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Балқаш ауданы Бірлік ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын әкім жүзеге асырады.18. Балқаш ауданы Бірлік ауылдық округінің әкімін Балқаш ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
19. Балқаш ауданы Бірлік ауылдық округі әкімінің орынбасарлары жоқ.
20. Балқаш ауданы Бірлік ауылдық округі әкімінің өкілеттігі:
1) өз құзыреті шегінде "Балқаш ауданы Бірлік ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің орындауына міндетті шешімдер, өкімдер және нұсқаулар шығарады;
2) "Балқаш ауданы Бірлік ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қабылдау үшін дербес жауапты болады;
3) өз құзыреті шегінде "Балқаш ауданы Бірлік ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүдделерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдарда және ұйымдарда білдіруге;
4) өз құзыретіне жататын басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.
Балқаш ауданы Бірлік ауылдық округінің әкімі болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
21. Балқаш ауданы Бірлік ауылдық округі әкімінің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын әкім басқарады.
4. "Балқаш ауданы Бірлік ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүлкі
22. "Балқаш ауданы Бірлік ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін."Балқаш ауданы Бірлік ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
23. "Балқаш ауданы Бірлік ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Балқаш ауданы Бірлік ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.