Жамбыл ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 2015 жылғы 23 шілдедегі № 49-331 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2015 жылы 14 тамызда № 3337 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 64-299 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 26.12.2019 № 64-299 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 18 - бабының 5 – тармағына сәйкес, Жамбыл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Жамбыл ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін бюджет қаражаты есебінен бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек берілсін.
      2. "Жамбыл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысына ( келісім бойынша Ж. С. Қарымбаев) осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет - ресурста және аудандық мәслихаттың интернет – ресурсында жариялау жүктелсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау "Әлеуметтік инфрақұрылымдарды дамыту, халықты әлеуметтiк қорғау, тіл, спорт, мәдениет, қоғамдық ұйымдар мен байланыс, құқықтық реформа және заңдылық жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Ә. Сәрсенов
      Мәслихат хатшысы С. Жұрын
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Жамбыл аудандық жұмыспен қамту
      және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы Қарымбаев Жақсылық Сұлтанұлы
      "Жамбыл ауданының экономика және
      бюджеттік жоспарлау бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің басшысының
      міндетін атқарушы Солтанбаева Сандуғаш Серікқызы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады