"Алматы облысы Жамбыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 01 қазандағы № 662 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2015 жылы 05 қарашада № 3527 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 26 қыркүйектегі № 479 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Алматы облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 26.09.2016 № 479 қаулысымен.
      "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, Жамбыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Алматы облысы Жамбыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
      2. "Алматы облысы Жамбыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы Бакирова Лайляш Хамитовнаға осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудан әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Нурпеисов Абзал Еркиновичке жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Ж. Далабаев

  Жамбыл ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 1 қазандағы № 662 қаулысымен бекітілген қосымша

"Алматы облысы Жамбыл ауданының білім бөлімі"

мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Алматы облысы Жамбыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім) білім саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. Бөлімнің ведомстволары жоқ.
      3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. Бөлім мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында есеп шоттары болады.
      5. Бөлім азаматтық - құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. Бөлімнің егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі 040600, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылы, Абай көшесі, № 47.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы – "Алматы облысы Жамбыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. Бөлімнің қызметiн қаржыландыру республикалық және жергiлiктi бюджеттерден жүзеге асырылады.
      13. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен бөлім функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер Бөлімге заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер мемлекеттік бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. Бөлімнің миссиясы: білім беру саласында мемлекеттік саясатты іске асыру.
      15. Міндеттері:
      1) ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;
      2) педагог қызметкерлердің әлеуметтік мәртебесін арттыруды қамтамасыз ету;
      3) мүмкіндігі шектеулі балалардың сапалы білім алуына арнайы жағдайлар жасау;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
      16. Функциялары:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беруді ұсынуды қамтамасыз ету;
      2) білім алушылардың ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуын ұйымдастыру;
      3) мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды, оларды орта білім алғанға дейін оқытуды ұйымдастыру;
      4) мемлекеттік білім беру ұйымдарын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен құру, қайта ұйымдастыру және тарату бойынша ұсыныс енгізу;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін жүзеге асыру;
      6) мектепалды даярлықтың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алуды және жеткізуді ұйымдастыру;
      7) аудандық әдістемелік кабинеттердің материалдық-техникалық базасын қамтамасыз ету;
      8) балаларға қосымша білім беруді қамтамасыз ету;
      9) аудан ауқымында жалпы білім беретін пәндер бойынша мектеп олимпиадаларын және ғылыми жобалар конкурстарын ұйымдастыру мен
      өткізуді қамтамасыз ету;
      10) мемлекеттік білім беру мекемелерінің білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне қаржылай және материалдық көмек көрсетуге қаражат жұмсау;
      11) мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру;
      12) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекеленген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастыру;
      13) білім беру ұйымдарында оқу бітірген адамдарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу;
      14) мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарына және отбасыларына қажетті әдістемелік және консультациялық көмек көрсету;
      15) білім беру мониторингін жүзеге асыру;
      16) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес білім беру ұйымдарының білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың бланкілеріне тапсырыс беруін және солармен қамтамасыз етілуін ұйымдастыру;
      17) мемлекеттік білім беру ұйымдарының кадрмен қамтамасыз етілуін жүзеге асыру;
      18) білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің әдістемелік басшылығын қамтамасыз ету;
      19) негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру;
      20) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      1) Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша аудан әкімінің және аудандық мәслихаттың қарауына ұсыныстар енгізу;
      2) мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан өз қызметіне қажетті ақпаратты сұрату және алу;
      3) жедел басқару құқығындағы мүліктерді пайдалануды жүзеге асыру;
      4) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін заңнамада белгілеген тәртіппен қарау;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      18. Бөлімге басшылықты Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші
      басшы жүзеге асырады.
      19. Бөлімнің бірінші басшысын Жамбыл ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. Бөлімнің бірінші басшысының орынбасарлары жоқ.
      21. Бөлімнің бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) Бөлім қызметкерлерінің міндеттері мен өкiлеттiктерiн өз құзыреті шегінде айқындайды;
      2) Бөлімнің қызметкерлерін, Бөлімнің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің директорларын қолданыстағы заңнамаға сәйкес қызметке тағайындайды және босатады;
      3) Бөлімнің қызметкерлерін, Бөлімнің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің директорларын заңнамада белгіленген тәртіппен ынталандырады және тәртіптік жазалар қолданады;
      4) өз құзыреті шегінде Бөлімнің қызметкерлері, Бөлімнің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің директорлары орындауға міндетті бұйрықтар, нұсқаулықтар шығарады;
      5) Бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді, сол үшін жеке жауапкершілік алуды белгілейді;
      6) мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда өз құзыреті шегінде Бөлімнің мүддесін білдіреді;
      7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      Бөлімнің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      22. Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      23. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Бөлім, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      25. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      26. Бөлімнің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі:
      1) "Алматы облысы Жамбыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Бозой негізгі орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      2) "Алматы облысы Жамбыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Телтай Сәрсенбеков атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      3) "Алматы облысы Жамбыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Айдарлы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      4) "Алматы облысы Жамбыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қастек орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      5) "Алматы облысы Жамбыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Жайсан орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      6) "Алматы облысы Жамбыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Абай атындағы гимназия мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      7) "Алматы облысы Жамбыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Сұраншы батыр ауылындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      8) "Алматы облысы Жамбыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ақсеңгір ауылындағы орта мектеп Көкдала бастауыш мектебімен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      9) "Алматы облысы Жамбыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ақтерек ауылындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығы және Жаманты бастауыш мектебімен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      10) "Алматы облысы Жамбыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Беріктас ауылындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      11) "Алматы облысы Жамбыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "С. Бердіқұлов атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      12) "Алматы облысы Жамбыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Тоқаш Бокин атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      13) "Алматы облысы Жамбыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Әсет Бейсеуов атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      14) "Алматы облысы Жамбыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Таңбалытас ауылындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      15) Алматы облысы Жамбыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Жамбыл атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      16) "Алматы облысы Жамбыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Абдолла Қарсақбаев атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      17) "Алматы облысы Жамбыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Жангелдин атындағы орта мектеп Қараарша бастауыш мектебімен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      18) "Алматы облысы Жамбыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Шиен ауылындағы орта мектеп Қоғамшыл бастауыш мектебі және мектеп жанындағы интернатымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      19) "Алматы облысы Жамбыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қасымбек ауылындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      20) "Алматы облысы Жамбыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Шолаққарғалы ауылындағы негізгі орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      21) "Алматы облысы Жамбыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қарғалы № 3 орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      22) "Алматы облысы Жамбыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қарғалы № 4 орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      23) "Алматы облысы Жамбыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Саурық батыр ауылындағы орта мектеп Бірлік бастауыш мектебімен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      24) "Алматы облысы Жамбыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Б. Қыдырбекұлы атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      25) "Алматы облысы Жамбыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Көкқайнар ауылындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      26) "Алматы облысы Жамбыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Мыңбаев ауылындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      27) "Алматы облысы Жамбыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ащысу ауылындағы негізгі орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      28) "Алматы облысы Жамбыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Сарыбастау ауылындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      29) Алматы облысы Жамбыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Сүйінбай атындағы орта мектеп Үшбұлақ бастауыш мектебімен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      30) "Алматы облысы Жамбыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ш. Уәлиханов атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      31) "Алматы облысы Жамбыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ынтымақ ауылындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      32) "Алматы облысы Жамбыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қарасай негізгі орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      33) "Алматы облысы Жамбыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қайназар ауылындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      34) "Алматы облысы Жамбыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қопа бекетіндегі негізгі орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      35) "Алматы облысы Жамбыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Үмбетәлі Кәрібаев атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      36) "Алматы облысы Жамбыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Үлкен ауылындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      37) "Алматы облысы Жамбыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Шилібастау бекетіндегі орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      38) "Алматы облысы Жамбыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Үлгілі ауылындағы орта мектеп Акдала бастауыш мектебімен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      39) "Алматы облысы Жамбыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Мәтібұлақ ауылындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      40) "Алматы облысы Жамбыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қазыбек бек бекетіндегі орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      41) "Алматы облысы Жамбыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Наурызбай батыр Құтпанбетұлы атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      42) "Алматы облысы Жамбыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Тарғап ауылындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      43) "Алматы облысы Жамбыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің "Әбдіразақ Мәмиев атындағы негізгі орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      44) "Алматы облысы Жамбыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Енбекшіарал ауылындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      45) "Алматы облысы Жамбыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қайназар ауылындағы № 1 орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      46) "Алматы облысы Жамбыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Сұңқар орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      47) "Алматы облысы Жамбыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қарасу орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
       48) "Алматы облысы Жамбыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Социалистік Еңбек Ері Құдыс Әбсәметов атындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      49) "Алматы облысы Жамбыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Үңгіртас орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      50) "Алматы облысы Жамбыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Оспанхан Әубәкіров атындағы орта мектеп Бұлақ бастауыш мектебімен мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      51) "Алматы облысы Жамбыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығы және мектеп жанындағы интернатымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      52) "Алматы облысы Жамбыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Айгөлек" балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;
      53) "Алматы облысы Жамбыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Күншуақ" балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;
      54) "Алматы облысы Жамбыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Балауса" бөбекжай-балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;
      55) "Алматы облысы Жамбыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ақбота" бөбекжай-балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;
      56) "Алматы облысы Жамбыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Балбөбек" бөбекжай-балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;
      57) "Алматы облысы Жамбыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ұлан" балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;
      58) "Алматы облысы Жамбыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Бөбек" бөбекжай-балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;
      59) "Алматы облысы Жамбыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Жазира" бөбекжай-балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;
      60) "Алматы облысы Жамбыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қарлығаш" бөбекжай-балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;
      61) "Алматы облысы Жамбыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Айсұлтан-2015 бөбекжай-балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;
      62) "Алматы облысы Жамбыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Аққайың" балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын;
      63) "Алматы облысы Жамбыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Бәйтерек" балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын;
      64) "Алматы облысы Жамбыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Балдырған бөбекжай-балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын;
      65) "Алматы облысы Жамбыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Құлыншақ бөбекжай-балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын;
      66) Алматы облысы Жамбыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Бұрған ауылындағы "Мектеп-балабақша" кешені мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын;
      67) "Алматы облысы Жамбыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Жас ұлан" оқушылар үйі мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;
      68) Алматы облысы Жамбыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ұзынағаш ауылындағы Өнер мектебі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;
      69) "Алматы облысы Жамбыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қарғалы мектепаралық оқу-өндірістік комбинаты" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;
      70) "Алматы облысы Жамбыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ұзынағаш мектепаралық оқу-өндірістік комбинаты" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады