1. Октябрь селолық округі әкімінің 2010 жылғы 3 маусымдағы "Октябрь селолық округіндегі Байсеит ауылындағы атауы жоқ көшеге жаңа атау беру туралы" № 17 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2010 жылдың 10 маусымында № 2-8-153 тіркелген, "Еңбекшіқазақ" газетінің 2010 жылдың 25 маусымында № 26 (6446) жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
аталған шешімнің атауында және бүкіл мәтіні бойынша "селолық" сөздері "ауылдық" сөздерімен ауыстырылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Бартоғай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Заманбекова Айгуль Нусипалиевнаға жүктелсін.
3. Бартоғай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Заманбекова Айгуль Нусипалиевнаға осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудан әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округ әкімі | Т. Умербеков |