Октябрь ауылдық округіндегі Байсеит ауылындағы атауы жоқ көшеге жаңа атау беру туралы

Жаңартылған

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Ават селолық округі әкімінің 2010 жылғы 03 маусымдағы N 17 шешімі. Алматы облысы Әділет департаменті Еңбекшіқазақ ауданының Әділет басқармасында 2010 жылы 10 маусымда N 2-8-153 тіркелді

      Ескерту. Шешімнің атауында және бүкіл мәтіні бойынша "селолық" сөздері "ауылдық" сөздерімен ауыстырылды - Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Бартоғай ауылдық округі әкімінің 08.05.2015 № 8 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармақшасына сәйкес және Еңбекшіқазақ аудандық ономастика кеңесінің келісімі мен тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып Октябрь ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының Октябрь ауылдық округіндегі Байсеит ауылындағы атауы жоқ көшеге Ұлы Отан соғысы ардагері Валидин Низамдинов көшесі атауы берілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
      Октябрь ауылдық
      округінің әкімі Е. Байбөриев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады