Қарабұлақ кенттік округі әкімінің 2010 жылғы 12 мамырдағы №119 "Қарабұлақ кенттік округіне қарасты кейбір көшелерінің атауларын өзгерту және жаңадан атауын беру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Алматы облысы Ескелді ауданы Қарабұлақ ауылдық округ әкімінің 2015 жылғы 06 қаңтардағы № 1 шешімі. Алматы облысының Әділет департаментінде 2015 жылы 06 ақпанда № 3023 болып тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқасының пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабына сәйкес, Қарабұлақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Қарабұлақ кенттік округі әкімінің 2010 жылғы 12 мамырдағы "Қарабұлақ кенттік округіне қарасты кейбір көшелерінің атауларын өзгерту және жаңадан атауын беру туралы" № 119 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2010 жылы 18 маусымда № 2-9-108 тіркелген, аудандық "Жетісу шұғыласы" газетінде 2010 жылы 25 маусымда № 24 жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      аталған шешімнің атауында және бүкіл мәтіні бойынша "кенттік" сөздері "ауылдық" сөздерімен ауыстырылсын;
      аталған шешімнің кіріспесіндегі "4-тармағын" сөздері "4) тармақшасын" сөздеріне ауыстырылсын
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қарабұлақ ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Касенова Гульмира Зейнуллаевнаға жүктелсін.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Округ әкімі К. Калыкбергенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады