Қарабұлақ ауылдық округіне қарасты кейбір көшелерінің атауларын өзгерту және жаңадан атауын беру туралы

Жаңартылған

Алматы облысы Ескелді ауданы Қарабұлақ кенттік округі әкімінің 2010 жылғы 12 мамырдағы N 119 шешімі. Алматы облысының Әділет департаменті Ескелді ауданының Әділет басқармасында 2010 жылы 18 маусымда N 2-9-108 тіркелді

      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "кенттік" деген сөздер "ауылдық" деген сөздерімен ауыстырылды – Алматы облысы Ескелді ауданы Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің 06.01.2015 № 1 шешімімен.
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабындағы 4) тармақшасын басшылыққа алып, Қарабұлақ ауылдық округіне қарасты, Қарабұлақ кенті және Шымыр ауыл тұрғындарының пікірлерін және Ескелді аудандық ономастика кеңесінің келісімін ескере отырып Қарабұлақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Шешімнің кіріспесіне өзгеріс енгізілді – Алматы облысы Ескелді ауданы Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің 06.01.2015 № 1 шешімімен.
      1. Қарабұлақ ауылдық округіне қарасты, Қарабұлақ кенті бойынша:
      М. Горький көшесі "Жетісу Шұғыласы" көшесі деп өзгертілсін.
      2. Қарабұлақ ауылдық округіне қарасты, Шымыр ауылы бойынша:
      Тұрғын үй салынып, жаңадан пайда болған көшелерге Талдықорған және Нұра көшелері атаулары берілсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қарабұлақ ауылдық
 
округінің әкімі
И.С. Жаманбалин

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады