"Іле ауданында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру туралы" Алматы облысы Іле ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 13 наурыздағы № 3-145 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Алматы облысы Іле ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 9 қазандағы № 609 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2024 жылғы 10 қазанда № 6175-05 болып тіркелді

      Іле ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Алматы облысы Іле ауданы әкімдігінің "Іле ауданында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру туралы" 2015 жылғы 13 наурыздағы № 3-145 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3118 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының 1-қосымшасы осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген қаулының 2-қосымшасы осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Іле ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1)осы қаулының Алматы облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

      2)осы қаулыны Іле ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында оның ресми жарияланғаннан кейін орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Іле ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      А. Әуесбай

  Іле ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 9 қазандағы № 609 қаулысына 1-қосымша


Іле ауданында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

      1.Өтеген батыр ауылдық округі бойынша:

      1) Өтеген батыр ауылы, "Арман" ықшам ауданы, Шұғыла көшесі, № 22а, "Арман" дүкенінің жанындағы стенд;

      2) Өтеген батыр ауылы, Гүлдер ықшам ауданы, Ш. Құлымбаев көшесі, № 25/1, "Әдемі" дүкенінің жанындағы стенд;

      3) Қарасу ауылы, Қонаев көшесі, № 7, "Елена" дүкенінің жанындағы стенд.

      2. Байсерке ауылдық округі бойынша:

      1) Байсерке ауылы, Д. Қонаев көшесі, № 92, "Байсерке Агро" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ғимаратының жанындағы стенд;

      2) Байсерке ауылы, Бейбітшілік көшесі, №14 б, № 28 гимназия ғимаратының жанындағы стенд;

      3) Көктерек ауылы, Шалкиіз Жырау көшесі, 11 А, № 21 орта мектеп ғимаратының жанындағы стенд;

      4) Әли ауылы, Е. Беделбаев көшесіндегі аялдама жанындағы стенд.

      5) Байсерке ауылы, Арқабай көшесі, 68 А, "Қазпошта" акционерлік коғамының филиалы ғимаратының жанындағы.

      3. Қараой ауылдық округі бойынша:

      1) Қараой ауылы, Ә. Отарбаев және Тың дала көшелерінің қиылысындағы стенд;

      2) Н.Тілендиев ауылы, Арман және Ә. Исаев көшелерінің қиылысындағы стенд;

      3) Қосөзен ауылы, Жильников көшесі, № 89, "Кошалко" дүкенінің жанындағы стенд.

      4. Байкент ауылдық окургі бойынша:

      1) Байкент ауылы, Ю. Гагарин және Бейбітшілік көшелерінің қиылысында орналасқан стенд.

      5. Ақсай ауылдық округі бойынша:

      1) Ақсай ауылы, Достық көшесі, № 10, мәдениет үйі ғимаратының жанындағы стенд;

      2) Екпінді ауылы, Шевченко көшесі, № 29, №2 орта мектептің алды;

      3) Жауғашты ауылы, Абай көшесі, № 15, "Алишер" дүкенінің жанындағы стенд.

      6. А.Тоқпанов ауылдық округі бойынша:

      1) А.Тоқпанов ауылы, Б. Сейдалиев және А. Қисанов көшелерінің қиылысындағы стенд;

      2) Жайнақ ауылы, Қ. Күшелеков көшесі, № 57, "Мұхамеджанов" дүкенінің жанындағы стенд.

      7. Ашыбұлақ ауылдық округ бойынша:

      1) Мұхаметжан Түймебаев ауылы, Тәуелсіздік көшесі, № 150, "Диана" дүкенінің жанындағы стенд;

      2) Көкқайнар ауылы, Астана көшесі, № 14, "Уашпаев" және "Береке" дүкендерінің жанындағы стенд;

      3) Төле би ауылы, М. Мәметова көшесі, № 36, ауылдық фельдшерлік пункті ғимаратының жанындағы стенд;

      4) Жәпек батыр ауылы, Қ. Алтаев көшесі, № 42, ауылдық ветиринариялық пункті ғимаратының жанындағы стенд.

      8. Күрті ауылдық округі бойынша:

      1) Ақши ауылының Д.Қонаев пен Ж.Бәрібаев көшесінің қиылысында орналасқан стенд.

      9. Боралдай кенті бойынша:

      1) Боралдай кенті, "Водник-1" ықшам ауданы, Алатау және Абылай хан көшелерінің қиылысындағы стенд;

      2) Боралдай кенті, Космонавтов көшесі, № 96, "Әсем" дүкенінің жанындағы стенд;

      3) Боралдай кенті, Аэродромная көшесі, № 96, "Удобный" дүкенінің жанындағы стенд.

  Іле ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 9 қазандағы № 609 қаулысына 2-қосымша


Іле ауданында сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде кандидаттарға берілетін үй-жайлар

      1. Өтеген батыр ауылдық округі бойынша:

      1) Өтеген батыр ауылы, Титов көшесі, № 16, № 7 орта мектептің акті залы.

      2. Байсерке ауылдық округі бойынша:

      1) Байсерке ауылы, Бейбітшілік көшесі, № 14 б, № 28 гимназияның акті залы.

      3. Қараой ауылдық округі бойынша:

      1) Қараой ауылы, Бейбітшілік көшесі, № 9, ауылдық мәдениет үйі.

      4. Байкент ауылдық округі бойынша:

      1) Байкент ауылы, "3-ықшам аудан", № 13, аудандық мәдениет үйі.

      5. Ақсай ауылдық округі бойынша:

      1) Ақсай ауылы, Достық көшесі, № 10, ауылдық мәдениет үйі.

      6. А.Тоқпанов ауылдық округі бойынша:

      1) А.Тоқпанов ауылы, Б.Сейдалиев көшесі, № 117, №42 орта мектептің акті залы.

      7. Ашыбұлақ ауылдық округі бойынша:

      1). Мұхаметжан Түймебаев ауылы, Молдағұлов көшесі, №14, №19 орта мектептің акт залы.

      8. Күрті ауылдық округі бойынша:

      1). Ақши ауылы, Д. Қонаев көшесі, № 31, ауылдық мәдениет үйі.

      9. Боралдай кенті бойынша:

      1) Боралдай кенті, Бостанов көшесі, № 1, № 17 орта мектептің акті залы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады