Құжаттың мәтінінде түпнұсқасының пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес және Жамбыл ауылы халқының пікірін ескере отырып, 2014 жылғы 15 қазандағы Алматы облысының ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде, Қарасай ауданы Жамбыл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жамбыл ауылдық округінің Жамбыл ауылындағы "Б. Омаров" көшесі "Дәлібай Донбаев" көшесіне қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округ әкімі | А. Марат |