"Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" 2012 жылғы 29 қазандағы №410 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, Қарасай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қарасай ауданының Үшқоңыр ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Нұрлан Төленұлы Тынышбайға жүктелсін.
3. Үшқоңыр ауылық округінің әкімі Адилбек Камбарович Далабаевқа осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудан әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | А. Дәуренбаев |
Қарасай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 25 тамыздағы № 8-681 қаулысымен бекітілген қосымша |
"Қарасай ауданының Үшқоңыр ауылдық округі әкімінің аппараты"
мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
1. Жалпы ережелер
1. "Қарасай ауданының Үшқоңыр ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қарасай ауданының Үшқоңыр ауылдық округі әкімінің қызметiн ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етудi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.2. "Қарасай ауданының Үшқоңыр ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. "Қарасай ауданының Үшқоңыр ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. "Қарасай ауданының Үшқоңыр ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. "Қарасай ауданының Үшқоңыр ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. "Қарасай ауданының Үшқоңыр ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Қарасай ауданының Үшқоңыр ауылдық округі әкімінің өкімдері мен шешімдері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Қарасай ауданының "Үшқоңыр ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 040928, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қарасай ауданы, Үшқоңыр ауылы, Жібек жолы көшесі, № 47.
9. Мемлекеттік органның толық атауы – "Қарасай ауданының Үшқоңыр ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже "Қарасай ауданының Үшқоңыр ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
11. "Қарасай ауданының Үшқоңыр ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12. "Қарасай ауданының Үшқоңыр ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен "Қарасай ауданының Үшқоңыр ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Қарасай ауданының Үшқоңыр ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
13. "Қарасай ауданының Үшқоңыр ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: Қарасай ауданының Үшқоңыр ауылдық округі аумағында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.14. Міндеті:
Қарасай ауданының Үшқоңыр ауылдық округі әкімінің қызметiн ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету.
15. Функциялары:
1) өз құзыретi шегiнде жер қатынастарын реттеудi жүзеге асыру;
2) шаруа немесе фермер қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға жәрдемдесу;
3) тарихи және мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру;
4) табысы аз адамдарды анықтау, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізу, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастыру;
5) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету және өзге де әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету;
6) қоғамдық жұмыстарды, жастар практикасын және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру;
7) жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдесу;
8) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасау;
9) шаруашылықтар бойынша есепке алуды жүзеге асыру;
10) кәсіпқой емес медиаторлардың тізілімін жүргізу;
11) елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
12) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.
16. Құқықтары мен міндеттері:
1) мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан өз қызметіне қажетті ақпаратты заңнамада белгіленген тәртіппен сұрату және алу;
2) оперативті басқару құқығына қарасты мүліктерді пайдалануды жүзеге асыру;
3) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақытылы және сапалы қарау;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
17. "Қарасай ауданының Үшқоңыр ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Қарасай ауданының Үшқоңыр ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын әкім жүзеге асырады.18. Қарасай ауданының Үшқоңыр ауылдық округінің әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
19. Қарасай ауданының Үшқоңыр ауылдық округі әкімінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
20. Қарасай ауданының Үшқоңыр ауылдық округі әкімінің өкілеттігі:
1) "Қарасай ауданының Үшқоңыр ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін өз құзыреті шегінде айқындайды;
2) "Қарасай ауданының Үшқоңыр ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес қызметке тағайындайды және босатады;
3) "Қарасай ауданының Үшқоңыр ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерін заңнамада белгіленген тәртіппен ынталандырады және тәртіптік жазалар қолданады;
4) өз құзыреті шегінде шешімдер мен өкімдер шығарады;
5) мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда өз құзыреті шегінде "Қарасай ауданының Үшқоңыр ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіреді;
6) "Қарасай ауданының Үшқоңыр ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді, сол үшін жеке жауапкершілік алуды белгілейді;
7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
"Қарасай ауданының Үшқоңыр ауылдық округінің әкімі болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
21. Бірінші басшы өз орынбасарының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
"Қарасай ауданының Үшқоңыр ауылдық округінің әкімі болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
22. "Қарасай ауданының Үшқоңыр ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін."Қарасай ауданының Үшқоңыр ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
23. "Қарасай ауданының Үшқоңыр ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Қарасай ауданының Үшқоңыр ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.