Ауылдық жерде жұмыс істейтін білім берудің педагог қызметкерлеріне коммуналдық қызмет көрсетулерге шығыстарды жабуға және тұрғын үй-жайларды жылыту үшін отын сатып алуға біржолғы ақшалай өтемақы белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Қаратал аудандық мәслихатының 2015 жылғы 25 тамыздағы № 49-207 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2015 жылы 18 қыркүйекте № 3432 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Қаратал аудандық мәслихатының 2020 жылғы 31 наурыздағы № 68-241 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Қаратал аудандық мәслихатының 31.03.2020 № 68-241 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 53-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, Қаратал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қаратал ауданының ауылдық жерде жұмыс істейтін білім берудің педагог қызметкерлеріне коммуналдық қызмет көрсетулерге шығыстарды жабуға және тұрғын үй-жайларды жылыту үшін отын сатып алуға бюджет қаражаты есебінен бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерде біржолғы ақшалай өтемақы белгіленсін.

      2. "Қаратал аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы Амандосов Серік Жапарұлына осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудандық мәслихаттың интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, көлік және байланыс, тұрмыстық қызмет көрсету, сауда, қоғамдық тамақтану, халыққа әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету, заңдылық, құқықтық тәртіпті, азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қаратал аудандық мәслихат


сессиясының төрағасы

Р. Жапарқұлов

Қаратал аудандық


мәслихат хатшысы

Б. Смаилов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады