Нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Кербұлақ ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 62 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2015 жылы 09 сәуірде № 3128 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Кербұлақ ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 27 қарашадағы № 368 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Кербұлақ ауданы әкімдігінің 27.11.2019 № 368 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 2-тармағына сәйкес, Кербұлақ ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Еңбек рыногындағы жағдай мен бюджет қаражатына қарай нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі келесідей белгіленсін:
      уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтар;
      ұзақ мерзімде жұмыс жасамаған азаматтар;
      отбасында бірде-бір жұмыс істейтін мүшесі жоқ тұлғалар;
      бұрын жұмыс істемеген тұлғалар.
      Осы қаулының орындалуын бақылау (әлеуметтік саланың мәселелеріне) жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
      Кербұлақ аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Диханбаева Айгуль Тұрдахынқызына осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудандық әкімдіктің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
      Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Б. Алиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады