Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Кербұлақ аудандық мәслихатының 2015 жылғы 29 қыркүйектегі № 47-270 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2015 жылы 23 қазанда № 3495 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Кербұлақ аудандық мәслихатының 2020 жылғы 27 шілдедегі № 59-348 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Алматы облысы Кербұлақ аудандық мәслихатының 27.07.2020 № 59-348 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 5-тармағына сәйкес, Кербұлақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Кербұлақ ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін аудандық бюджет қаражаты есебінен бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек берілсін.
      2. "Кербұлақ аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы Диханбаева Айгүл Тұрдақынқызына осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудандық мәслихаттың интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың "Білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, туризм, халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Кербұлақ аудандық
      мәслихатының сессия төрағасы Б. Бекиев
      Кербұлақ аудандық
      мәслихатының хатшысы Е. Сұраншынов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады