Көксу ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормалары мен коммуналдық қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жарату тарифтерін бекіту туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Көксу аудандық мәслихатының 2015 жылғы 06 ақпандағы № 40-2 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2015 жылы 13 наурызда № 3098 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Көксу аудандық мәслихатының 2015 жылғы 06 мамырдағы № 41-8 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Көксу аудандық мәслихатының 06.05.2015 № 41-8 шешімімен.
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқасының пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      2007 жылдың 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Экологиялық Кодексінің 19-1-бабына, "Коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" 2011 жылғы 22 қарашадағы № 1370 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, Көксу ауданы мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес Көксу ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормалары бекітілсін.
      2. Осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес Көксу ауданы бойынша коммуналдық қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жарату тарифтері бекітілсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың "Ауданның экономикалық дамуы, жергілікті бюджет, табиғатты қорғау және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      4. Бөлім басшысына (келісім бойынша Әбілқасымов Б. А.) осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген интернет-ресурста және аудандық мәслихатының интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
      5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан мәслихаты
      сессиясының төрағасы М.Тастанов
      Аудан
      мәслихатының хатшысы Ә. Досымбеков

  Көксу ауданы мәслихатының 2015 жылғы 6 ақпандағы "Көксу ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормалары мен коммуналдық қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жарату тарифтерін бекіту туралы" № 40-2 шешіміне 1 қосымша

Көксу ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормалары

Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер

Есептік бірлік

Жылдық норма, м3

1

Жайлы және жайлы емес үйлер

1 тұрғын

1,1

2

Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар     

1 орын

1,08

3

Қонақ үйлер, санаторийлер,
демалыс үйлері

1 орын

1,51

4

Балабақшалар, бөбекжайлар

1 орын

0,9

5

Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері

1 қызметкер

1,7

6

Емханалар

1 адам

0,54

7

Ауруханалар, санаторийлер, өзге де емдеу- сауықтыру мекемелері

1 төсек-орын

1,84

8

Мектептер, орта оқу орындары, жоғарғы оқу орындары

1 оқушы

0,18

9

Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері

1 орын

1,35

10

Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы     

1 орын

0,32

11

Мұражайлар, көрмелер

Жалпы алаңы 1 м2

0,14

12

Стадиондар, спорт алаңдары

Жоба бойынша 1 орын

0,02

13

Спорт, би және ойын залдары

Жалпы алаңы 1 м2

0,24

14

Азық-түлік дүкендері     

Сауда алаңы 1 м2

0,65

15

Машиналардан сату     

Сауда орны 1 м2

0,4

16

Өнеркәсіптік дүкендер, супермаркеттер

Сауда алаңы 1 м2

0,54

17

Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер

Сауда алаңы 1 м2

0,43

18

Азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары     

Жалпы алаңы 1 м2

0,18

19

Өнеркәсіптік тауарлардың көтерме базалары, қоймалары

Жалпы алаңы 1 м2

0,16

20

Тұрмыстық қызмет көрсету үйі: халыққа қызмет көрсету

Жалпы алаңы 1 м2

1,3

21

Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар

Жалпы алаңы 1 м2

0,32

22

Жағажайлар     

Жалпы алаңы 1 м2

0,16

23

Дәріханалар

Сауда алаңы 1 м2

0,16

24

Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС, гараждар     

1 машина-орын

1,86

25

Автомобиль шеберханалары

1 жұмысшы

3,13

26

Гараж кооперативтері

1 гаражға

1,08

27

Шаштараздар, косметикалық салондар

1 жұмыс орны

0,8

28

Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі

Жалпы алаңы 1 м2

0,38

29

Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары     

Жалпы алаңы 1 м2

1,3

30

Жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және сол сияқтылар)

1 жұмыс орны

0,6

31

Моншалар, сауналар

Жалпы алаңы 1 м2

2,2

32

Ауданның аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды ұйымдар

1000 қатысушы

2,2

33

Бау-бақша кооперативтері
 

1 учаске

2,08

  Көксу ауданы мәслихатының 2015 жылғы 6 ақпандағы "Көксу ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормалары мен коммуналдық қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жарату тарифтерін бекіту туралы" № 40-2 шешіміне 2 қосымша

Көксу ауданы бойынша коммуналдық қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жарату тарифтері

      Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау тарифі – 1 адамға бір айға – 150 теңге
      (ҚҚС қоса)
      Тұрмыстық қатты қалдықтарды 1 класстағы полигонға орналастыру тарифі.
      Жеке тұлғалар үшін тариф:
      Тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару – 640 теңге (ҚҚС қоса) 1 текше метрге.
      Полигонға орналастыру – 230,93 теңге (ҚҚС қоса) 1 текше метрге.
      Заңды тұлғалар тарифі:
      Тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару – 640 теңге (ҚҚС қоса) 1 текше метрге.
      Полигонға орналастыру – 309,86 теңге (ҚҚС қоса) 1 текше метрге.
      Тариф күлқож қалдықтарға:
      Тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару – 640 теңге (ҚҚС қоса) 1 текше метрге.
      Полигонға орналастыру – 1353,78 теңге (ҚҚС қоса) 1 текше метрге.
      Тариф мазутталған топырақ және себу заттарына:
      Тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару – 640 теңге (ҚҚС қоса) 1 текше метрге.
      Полигонға орналастыру – 10597,19 теңге (ҚҚС қоса) 1 текше метрге.
      Тариф құрылыс қоқысына:
      Тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару – 640 теңге (ҚҚС қоса) 1 текше метрге.
      Полигонға орналастыру – 1000,5 теңге (ҚҚС қоса) 1 текше метрге.
      Тариф майланған ескі шүберекке:
      Тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару – 640 теңге (ҚҚС қоса) 1 текше метрге.
      Полигонға орналастыру – 2289,45 теңге (ҚҚС қоса) 1 текше метрге.
      Ескертпе: (ҚҚС қоса) – қосымша құн салығын қоса алғанда.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады