"Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, Сарқан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Сарқан аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. "Сарқан аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы Иманғазиева Панар Анварбекқызына осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудан әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Маманбаев Ғалымжан Қанатұлына жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Е. Қошанбеков |
Сарқан ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 2 шілдедегі "Cарқан аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" № 313 қаулысымен бекітілген қосымша |
"Cарқан аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
1. Жалпы ережелер
1. "Cарқан аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Бөлім) білім саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.2. Бөлімнің ведомстволары жоқ.
3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Бөлім ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. Бөлімнің егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Бөлім құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі 041500 Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Cарқан ауданы, Сарқан қаласы, М. Тынышбаев көшесі, № 8.
10. Мемлекеттік органның толық атауы - "Cарқан аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
11. Осы Ереже Бөлім құрылтай құжаты болып табылады.
12. Бөлім қызметiн қаржыландыру республикалық және жергiлiктi бюджеттерден жүзеге асырылады.
13. Бөлім кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлім функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Бөлімге заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.
2. Бөлімнің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары менміндеттері
14. Бөлімнің миссиясы: білім беру саласында мемлекеттік саясатты іске асыру.15. Міндеттері:
1) ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;
2) педагог қызметкерлердің әлеуметтік мәртебісін арттыруды қамтамасыз ету;
3) мүмкіндігі шектеулі балалардың сапалы білім алуына арнайы жағдайлар жасау;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндеттерді жүзеге асыру.
16. Функциялары:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беруді ұсынуды қамтамасыз ету;
2) білім алушылардың ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуын ұйымдастыру;
3) мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды, оларды орта білім алғанға дейін оқытуды ұйымдастыру;
4) мемлекеттік білім беру ұйымдарын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен құру, қайта ұйымдастыру және тарату бойынша ұсыныс енгізу;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін жүзеге асыру;
6) мектепалды даярлықтың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алуды және жеткізуді ұйымдастыру;
7) аудандық әдістемелік кабинеттердің материалдық-техникалық базасын қамтамасыз ету;
8) балаларға қосымша білім беруді қамтамасыз ету;
9) аудан ауқымында жалпы білім беретін пәндер бойынша мектеп олимпиадаларын және ғылыми жобалар конкурстарын ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз ету;
10) мемлекеттік білім беру мекемелерінің білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне қаржылай және материалдық көмек көрсетуге қаражат жұмсау;
11) мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру;
12) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекеленген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастыру;
13) білім беру ұйымдарында оқу бітірген адамдарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу;
14) мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарына және отбасыларына қажетті әдістемелік және консультациялық көмек көрсету;
15) білім беру мониторингін жүзеге асыру;
16) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес білім беру ұйымдарының білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың бланкілеріне тапсырыс беруін және солармен қамтамасыз етілуін ұйымдастыру;
17) мемлекеттік білім беру ұйымдарының кадрмен қамтамасыз етілуін жүзеге асыру;
18) білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің әдістемелік басшылығын қамтамасыз ету;
19) негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру;
20) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
17. Құқықтары мен міндеттері:
1) мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан өз қызметіне қажетті ақпаратты сұрату және алу;
2) өз құзыреті шегінде мәдениет саласындағы коммуналдық меншікті басқаруды жүзеге асыру;
3) Бөлімнің құзыретіне жататын аудан әкімінің, әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын дайындау;
4) Бөлімнің мүдделерін барлық құзыретті, мемлекеттік, әкімшілік органдарда, мекемелерде, ұйымдарда, сондай-ақ сот және құқық қорғау органдарында білдіру;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде басқа да құқықтарды және міндеттерді жүзеге асыру.
3. Бөлім қызметін ұйымдастыру
18. Бөлімге басшылықты Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.19. Бөлімнің бірінші басшысын Сарқан ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
20. Бөлімнің бірінші басшысының орынбасарлары жоқ.
21. Бөлімнің бірінші басшысының өкілеттігі:
1) Бөлім қызметкерлерінің міндеттері мен өкiлеттiктерiн өз құзыреті шегінде анықтайды;
2) Бөлімнің қызметкерлерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес қызметке тағайындайды және босатады;
3) Бөлімнің қызметкерлерін заңнамада белгіленген тәртіппен ынталандырады және тәртіптік жазалар қолданады;
4) өз құзыреті шегінде Бөлімнің қызметкерлері, Бөлімнің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің директорлары орындауға міндетті бұйрықтар, нұсқаулықтар шығарады;
5) Бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді, сол үшін жеке жауапкершілік алуды белгілейді;
6) мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда өз құзыреті шегінде Бөлімнің мүддесін білдіреді;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бөлімнің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
4. Бөлім мүлкі
22. Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
23. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Бөлім, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату
25. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.Бөлімнің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі:
1) "Сарқанд ауданының Абай атындағы мектеп гимназиясы" мемлекеттік мекеме;
2) "Сарқан аудандық білім бөлімінің № 1 мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
3) "Сарқан аудандық білім бөлімнің Н. Островский атындағы гуманитарлық-экономикалық мектеп-лицейі мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
4) "Сарқан аудандық білім бөлімінің Ақын Сара атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
5) "Сарқан аудандық білім бөлімінің Сарқан ауданының Ы. Алтынсарин атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
6) "Сарқан аудандық білім бөлімінің Новопокровка орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
7) "Тасарық орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" мемлекеттік мекемесі;
8) "Сарқан аудандық білім бөлімінің К. Қазыбаев атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
9) "Сарқан аудандық білім бөлімінің М. Жұмабаев атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
10) "Сарқан аудандық білім бөлімінің Шатырбай орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
11) "Сарқан аудандық білім бөлімінің Петропавловск орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
12) "Сарқан аудандық білім бөлімінің Черкасск орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
13) "Сарқан аудандық білім бөлімнің Қарғалы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
14) "Сарқан аудандық білім бөлімнің Екіаша орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
15) "Сарқан аудандық білім бөлімінің Аманбөктер орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
16) "Сарқан аудандық білім бөлімінің Қарауылтөбе орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" комммуналдық мемлекеттік мекемесі;
17) "Сарқан аудандық білім бөлімінің Пограничник орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
18) "Сарқан аудандық білім бөлімінің Көкөзек орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
19) "Сарқан аудандық білім бөлімінің Аль-Фараби атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
20) "Сарқан аудандық білім бөлімнің К. Ушинский атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
21) "Сарқан аудандық білім бөлімінің № 54 орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
22) "Сарқан аудандық білім бөлімінің М. Маметова атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
23) "Сарқан аудандық білім бөлімінің М. Төлебаев атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
24) "Сарқан аудандық білім бөлімінің Ерікті орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
25) "Сарқан аудандық білім бөлімінің Бірлік негізгі орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
26) "Сарқан аудандық білім бөлімінің Тополевка орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
27) Сарқан ауданы әкімдігінің "Айдана" Балалар бақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
28) Сарқан ауданы әкімдігінің "Ақбота" Балалар бақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
29) "Балдырған" Балалар бақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорн;
30) Сарқан ауданы әкімдігінің "Ер Төстік" балалар бақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
31) "Балдәурен" Балалар бақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.