Ауылдық жерде жұмыс істейтін білім берудің педагог қызметкерлеріне коммуналдық қызмет көрсетулерге шығыстарды жабуға және тұрғын үй-жайларды жылыту үшін отын сатып алуға біржолғы ақшалай өтемақы белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Талғар аудандық мәслихатының 2015 жылғы 31 наурыздағы № 41-250 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2015 жылы 27 сәуірде № 3150 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Талғар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 23 сәуірдегі № 58-247 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Талғар аудандық мәслихатының 23.04.2020 № 58-247 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқасының пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 53-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Талғар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      Ауылдық жерде жұмыс істейтін білім берудің педагог қызметкерлеріне коммуналдық қызмет көрсетулерге шығыстарды жабуға және тұрғын үй-жайларды жылыту үшін отын сатып алуға бюджет қаражаты есебінен бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы ақшалай өтемақы белгіленсін.
      Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың "Халықты әлеуметтiк қорғау, әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, еңбек, бiлiм, денсаулық, мәдениет, тiл және спорт жөнiндегi" тұрақты комиссиясына жүктелсін. 
      Осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген интернет-ресурста және аудандық мәслихатының интернет-ресурсында жариялау "Талғар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысына (келісім бойынша Ж.С.Баисбаев) жүктелсін.
      Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы А.Раханов
      Аудандық мәслихат хатшысы Д.Теберіков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады