"Ұйғыр ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Ұйғыр ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 04-75 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2015 жылы 22 мамырда № 3178 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Ұйғыр ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 04 қыркүйектегі № 412 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Ұйғыр ауданы әкімдігінің 04.09.2018 № 412 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, Ұйғыр ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Ұйғыр ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
      2. "Ұйғыр ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы Аликеева Кульжахан Кәкішқызына осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудан әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Исламов Султан Тұрсунұлына жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің
      міндетін атқарушы Қ.Бекмұханбетов

  Ұйғыр ауданы әкімдігінің 2015 жылғы "10" сәуірдегі № 04-75 қаулысымен бекітілген қосымша

"Ұйғыр ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі

1. Жалпы ережелер

      "Ұйғыр ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі Ұйғыр ауданының ішкі саясат саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      "Ұйғыр ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
      "Ұйғыр ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      "Ұйғыр ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      "Ұйғыр ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      "Ұйғыр ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесіне егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      "Ұйғыр ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Ұйғыр ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      "Ұйғыр ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 041800, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Шонжы ауылы, Раджибаев көшесі, № 73.
      Мемлекеттік органның толық атауы – "Ұйғыр ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      Осы Ереже "Ұйғыр ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      "Ұйғыр ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. "Ұйғыр ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Ұйғыр ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Ұйғыр ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. "Ұйғыр ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: Ұйғыр ауданында ішкі саясат саласындағы мемлекеттік саясатты және мемлекеттік басқарудың функцияларын жүзеге асыру.
      15. Міндеттері:
      1) ауданда ішкі саяси тұрақтылықты, ел бірлігін және қоғамды топтастыруды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру;
      2) ауданда Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларын түсіндіру мен насихаттауды қамтамасыз ету;
      3) аудандағы қоғамдық-саяси ахуалды болжауға бағытталған әлеуметтік және саяси зерттеулерді жүргізу.
      16. Функциялары:
      1) Қазақстан Республикасының Президенті және Үкіметі актілерінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің тапсырмаларының, облыс әкімі мен аудан әкімінің қаулы, шешімдері мен өкімдерінің орындалуын бақылауды қамтамасыз ету;
      2) саяси және стратегиялық жоспарлауды жүзеге асыру, ішкі саясат сұрақтары бойынша мемлекеттік органдар жұмысын үйлестіру, бірыңғай іс-әрекет жоспарын әзірлеу;
      3) саяси партиялармен, үкіметтік емес ұйымдармен, діни бірлестіктермен, кәсіподақтармен өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асыру;
      4) әлеуметтік маңызы бар жобаларды орындауға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарды тиімді іске асыруды қамтамасыз ету, оның ішінде конкурстық рәсімдер мен жобалардың іске асырылу барысына мониторинг жүргізу;
      5) Қазақстан халқы Кіші Ассамблеясы хатшылығына ақпараттық-ұйымдастырушылық көмек көрсету;
      6) мемлекеттік рәміздерді қолдану мен насихаттау мәселелері бойынша аудан аумағында акциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер, кеңестер ұйымдастыру және өткізу;
      7) қоғамдық-саяси, мәдени-бұқаралық шараларды идеалогиялық қамтамасыз ету;
      8) Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін қолдану мен насихаттау мәселелері бойынша әдістемелік көмек көрсету;
      9) мемлекеттік рәміздерді насихаттау мен қолдану тәжірибесін талдау, ақпараттарды өңдеу мен жинауды жүзеге асыру, осы саладағы жұмыстарды жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау;
      10) "Ұйғыр ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін сұрақтар бойынша мемлекеттік органдар және басқа да ұйымдармен қызметтік хат-хабарлар алмасуды жүзеге асыру;
      11) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      1) мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан өз қызметіне қажетті ақпаратты заңнамада белгіленген тәртіппен сұрату және алу;
      2) оперативті басқару құқығымен қарасты мүліктерді пайдалануды жүзеге асыру;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      18. "Ұйғыр ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Ұйғыр ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      19. "Ұйғыр ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. "Ұйғыр ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының орынбасарлары жоқ.
      21. "Ұйғыр ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) "Ұйғыр ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіліктерін өз құзыреті шегінде айқындайды;
      2) "Ұйғыр ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
      Қызметкерлерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес қызметке тағайындайды
      және босатады;
      3) "Ұйғыр ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін заңнамада белгіленген тәртіппен ынталандырады және тәртіптік жазалар қолданады;
      4) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады;
      5) мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда өз құзыреті шегінде "Ұйғыр ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіреді;
      6) "Ұйғыр ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді, сол үшін жеке жауапкершілік алуды белгілейді;
      7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      "Ұйғыр ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      22. "Ұйғыр ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінде заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      "Ұйғыр ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      23. "Ұйғыр ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Ұйғыр ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      25. "Ұйғыр ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады