Ұйғыр ауданының азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласының мамандарына жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы

Жаңартылған

Алматы облысы Ұйғыр аудандық мәслихатының 2015 жылғы 26 мамырдағы № 47-2 шешімі.Алматы облысы Әділет департаментінде 2015 жылы 16 маусымда № 3226 болып тіркелді.

      Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Алматы облысы Ұйғыр аудандық мәслихатының 17.11.2021 № 7-15-71 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 4-тармағына сәйкес, Ұйғыр аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елдi мекендерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандарға, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандарға қызметтiң осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын мамандардың мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгіленсін.
      Ескерту. 1 – тармақ жаңа редакцияда - Алматы облысы Ұйғыр аудандық мәслихатының 17.11.2021 № 7-15-71 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Ұйғыр аудандық мәслихатының 2015 жылғы 9 ақпандағы "Ұйғыр ауданының азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін мамандарына жиырма бес пайызға жоғарлатылған айлықақылар мен тарифтік ставкалар белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылдың 26 ақпанында № 3079 тіркелген, "Қарадала тынысы - Қарадала нәпәси" газетінде 2015 жылдың 13 наурызында № 12 (115) жарияланған) № 43-2 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ұйғыр аудандық мәслихатының "Халықты әлеуметтік қорғау, еңбекпен қамту, білім беру, денсаулық сақтау, сауда, мәдениет, тіл және діни мәселелер жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      4. "Ұйғыр аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы Исмаилов Мирзалим Муталимовичке осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудандық мәслихаттың интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
      5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұйғыр аудандық мәслихатының
      сессия төрағасы Б.Бахтахунов
      Ұйғыр аудандық
      мәслихатының хатшысы Н.Есжан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады