Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Ұйғыр ауданы әкімдігінің 04.09.2018 № 412 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына8) тармақшасына сәйкес, Ұйғыр ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Ұйғыр ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. "Ұйғыр ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы Исмаилов Дамир Маруповичқа осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудан әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Исламов Султан Турсуновичке жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің | |
міндетін атқарушы | Қ. Бекмұханбетов |
Ұйғыр ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 06 тамыздғы № 08-213 қаулысымен бекітілген қосымша |
"Ұйғыр ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
1. Жалпы ережелер
1. "Ұйғыр ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Бөлім) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Бөлімнің ведомстволары жоқ.
3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Бөлім ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. Бөлімге егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 041800, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Шонжы ауылы, К.Исламова көшесі, № 70. 10. Мемлекеттік органның толық атауы - "Ұйғыр ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
11. Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.
12. Бөлімнің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
13. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімнің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Бөлімге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
14. Бөлімнің миссиясы: тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы саласында мемлекеттік саясатты іске асыру.
15. Міндеттері:
1) өз құзыреті шегінде аудан аумағында мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру;
2) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту;
3) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін техникалық зерттеуді ұйымдастыру;
4) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізудің тізбесін, кезеңділіктерін және кезектілігін айқындау;
5) кондоминиум объектісін басқару органы ұсынған кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізуге арналған, тұрғын үй көмегінің қатысуымен қаржыландырылатын шығыстардың сметасын келісу;
6) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлері бойынша орындалған жұмыстарды қабылдау жөніндегі комиссияларға қатысу;
7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен көзделген жағдайда қызмет көрсететін ұйымды айқындау;
8) кондоминиум объектісі үй-жайларының (пәтерлерінің) меншік иелерi өтініш берген кезде кондоминиум объектісін басқару жөніндегі есептің бар-жоғын тексеруді жүргізу;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
16. Функциялары:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аудандық коммуналдық меншік объектілерін салу, реконструкциялау және жөндеу бойынша тапсырысшы болу;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ауданның су құбырларын, жылу мен электр желілерін салуды және пайдалануды ұйымдастыру;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қоғамдық орындарды абаттандыру және сыртқы безендіруді ұйымдастыру;
4) коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын ұйымдастыру;
5) тұрғын үй қорына түгендеу жүргізу;
6) тұрғын үй қорын сақтау және тиісті пайдалану бойынша іс-шараларды ұйымдастыру;
7) мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қоюды өз құзыреті шегінде жүзеге асыру;
8) Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіпте кондоминиум объектiсiне техникалық паспорттар дайындау жөнiндегi шығыстарды өтеудi бюджет қаражаты есебiнен қамтамасыз ету;
9) бюджеттік саланың мекемелері мен тұрғындар алатын коммуналдық қызметтер сапасының деңгейін тұрақтандыру және одан әрі өсіру мәселелерінде коммуналдық саладағы кәсіпорындармен өзара әрекет ету;
10) кондоминиум объектісіндегі үй-жай (пәтер) меншік иелерінің ортақ мүлкін қолдану, күтіп ұстау, пайдалану және жөндеу тәртібінің сақталуына мемлекеттік бақылау;
11) тұрғын үйлерде (тұрғын ғимараттарда) үйге ортақ жылуды, энергияны, газды және су ресурстарын есептейтін аспаптардың болуына мемлекеттік бақылау;
12) кондоминиум объектісіндегі үй-жай меншік иелерінің ортақ мүліктің және оның инженерлік жабдықтарының техникалық жай-күйіне, қолданыстағы нормативтік-техникалық және жобалық құжаттамаларға сәйкес оны күтіп ұстау мен жөндеу бойынша жұмыстарды уақытында орындалуына мемлекеттік бақылау;
13) тұрғын үйді (тұрған ғимаратты) маусымдық пайдалануға дайындау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға мемлекеттік бақылау;
14) қабылданған шешімдерді және анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі нұсқаманы орындауға мемлекеттік бақылау;
15) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлері бойынша орындалған жұмыстың сапасына мемлекеттік бақылау;
16) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасау және істерді қарау;
17) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
17. Құқықтары мен міндеттері:
1) тексеру жүргізген уақытта қызметтік куәлігін көрсеткен кезде тексерілетін объектіге бару;
2) тексеру жүргізу кезінде кез келген қажетті ақпаратты сұрату, тексеру нысанына жататын құжаттардың түпнұсқасымен танысу;
3) тексеруді "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүргізу;
4) тексеру жүргізу кезеңінде тексерілетін объектінің белгіленген жұмыс режиміне кедергі келтірмеу;
5) тексеру жүргізу нәтижесінде алынған құжаттар мен мәліметтердің сақталуын қамтамасыз ету;
6) кондоминиум объектiсiнің ортақ мүлкін күтіп-ұстау ережелерінің бұзылуы туралы актілер жасау;
7) кондоминиум объектiсiнің ортақ мүлкін күтіп-ұстау ережелерін бұзушылықтарды жою бойынша орындалуы міндетті нұсқама шығару;
8) мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан өз қызметіне қажетті ақпаратты сұрату және алу;
9) жедел басқару құқығындағы мүліктерді пайдалануды жүзеге асыру;
10) Бөлімнің құзыретіне жататын аудан әкімінің, әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын дайындау;
11) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақытылы және сапалы қарау;
12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде басқа да құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
18. Бөлімге басшылықты Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
19. Бөлімнің бірінші басшысын Ұйғыр ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
20. Бөлімнің бірінші басшысының орынбасары жоқ.
21. Бөлімнің бірінші басшысының өкілеттігі:
1) Бөлімнің атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
2) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда Бөлімнің мүддесін білдіреді;
3) шарттар жасасады;
4) сенімхаттар береді;
5) банк шоттарын ашады;
6) өз құзыреті шегінде Бөлімнің қызметкерлері, Бөлімнің қарамағындағы ұйымдардың, мемлекеттік мекемелердің директорлары орындауға міндетті бұйрықтар, нұсқаулықтар шығарады;
7) аудан әкімі тағайындаған қызметкерлерді қоспағанда, Бөлімнің қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
8) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Бөлімнің қызметкерлерін көтермелеу шараларын қабылдайды және тәртіптік жаза қолданады;
9) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жұмысты ұйымдастырады және осыған дербес жауап береді;
10) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бөлімнің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
22. Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
23. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Бөлім, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
25. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Бөлімнің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі:
1) Ұйғыр ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Ұйғыр Су құбыры" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.