"Мемлекеттік мекемелердің, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бюджеттік есептілікті жасасу және ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 324 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 9 қаңтардағы № 14 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 12 қаңтарда № 10081 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 630 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы министрінің 02.12.2016 № 630 бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік мекемелердің, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бюджеттік есептілікті жасасу және ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 324 бұйрығына ("Әділет" анықтама-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 25 қыркүйекте жарияланған Нормативтік-құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9699 болып тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мекемелердің, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бюджеттік есептілікті жасасу және ұсыну қағидаларында:

      "Бюджеттің атқарылуы туралы есепті жасау және беру тәртібі" деген 5-бөлімі мынадай мазмұндағы 9-параграфпен және 95-1-тармақпен толықтырылсын:

      "9-параграф. Сыртқы қарыздар және байланысты гранттар бойынша деректерді республикалық бюджетті атқару жөніндегі есепте көрсету

      95-1. "Үкіметтік сыртқы қарыздар немесе байланысты гранттар қаражатының түсімі мен жұмсалуы туралы деректерді жобаларды сыртқы қарыздар есебінен іске асыратын мемлекеттік мекемелер ведомствоға ұсынады және оларды ведомство есепті кезеңге түсімдер бойынша жиынтық жоспардың және міндеттемелер және төлемдер бойынша жиынтық қаржыландыру жоспарларының бекітілген сомаларының шегінде республикалық бюджет көрсеткіштерінің атқарылуы туралы деректерде көрсетеді.

      Үкіметтік сыртқы қарыздар немесе байланысты гранттар қаражаттарының түсімі мен жұмсалуы туралы деректермен бір мезгілде мемлекеттік мекемелер осы Қағидаларға 13-1-қосымшаға сәйкес кассалық шығындар мен түсімдер сомаларының жоспарлы тағайындаулардан асып кетуіне жол берілмеуін бақылау үшін ведомствоға ақпарат ұсынады.";

      осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 13-1-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Рсепубликасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті (З.А. Ерназарова) заңнамада белгіленген тәртіппен мыналарды:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Министр

Б. Сұлтанов


  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 14 қаңтардағы
№ 14 бұйрығына
қосымша
Мемлекеттiк мекемелердiң, бюджеттiк
бағдарламалар әкiмшiлерiнiң және
бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті
органдардың бюджеттiк есептiлiктi жасасу
және ұсыну қағидаларына
№ 13-1 қосымша

________ жай-күйі бойынша жоба бойынша сыртқы қарыз қаражаттары
игеру бойынша ақпарат

      Бюджеттің түрі

      Кезең: ай сайынғы

      Жоба №

      Өлшем бірлігі: мың теңге

      есепті кезеңнің басына қаражат қалдығы:

Бюджеттік сыныптаманың коды

Бюджетпен бекітілген сома, барлығы

Займ есебінен түсімдер

нақты

Ағымдағы кезеңге қабылданған түсімдер сомасы

келесі есепті кезеңге (7=3-5)


есепті кезеңге

жыл басынан бергі

есепті кезеңге

жыл басынан бергі

1

2

3

4

5

6

7


      есепті кезеңнің соғына қаражат қалдығы:

      келесі есепті кезеңнің қаражат қалдығы:

Бюджеттік сыныптаманың коды

Бюджетпен бекітілген сома, барлығы

Есепті кезеңге арналған жоспар

Займ есебінен шығыстар

нақты

Ағымдағы кезеңге қабылданған шығыстар сомасы

келесі есепті кезеңге арнайы шоттан (8=4-6)

нақты

Ағымдағы кезеңге қабылданған шығыстар сомасы

келесі есепті кезеңге тікелей төлемдер (13=9-11)

есепті кезеңге арнайы шоттан

жыл басынан арнайы шоттан

есепті кезеңге арнайы шоттан

жыл басынан арнайы шоттан

есепті кезеңге тікелей төлемдер

жыл басынан тікелей төлемдер

есепті кезеңге тікелей төлемдер

жыл басынан тікелей төлемдер

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13




























      Мемлекеттік мекеменің басшысы/ бюджеттік

      бағдарламалар әкімшісі ____________ _________________________________

       (қолы) (тегі, аты, болған кездегі -

       әкесінің аты))

      Деректерді құруға жауапты

      құрылымдық бөлімшенің басшысы __________ ____________________________

       (қолы) (тегі, аты, болған кездегі -

       әкесінің аты))

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады