Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 37 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 30 қаңтарда № 10167 тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 2015 жылғы 1 ақпаннан бастап қолданысқа енедi.

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң кейбiр бұйрықтарына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгізiлсiн:
      1) «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 17 қазанда жарияланған):
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:
      бюджет түсімдерінің жiктемесiне:
      «Салықтық түсiмдер» 1-санатында:
      06 «Халықаралық сауда мен сыртқы операцияларға салынатын салықтар» сыныбында:
      «Кеден төлемдер» 1-кіші сыныбында:
      01 «Кеден одағында әкелу кедендік баждарын (баламалы қолданылатын өзге де баждар, салықтар мен алымдар) есепке жатқызу мен бөлудің тәртібін белгілеу және қолдану туралы келісімге сәйкес төленген әкелінетін кедендік баждар (баламалы қолданылатын өзге де баждар, салықтар мен алымдар)» ерекшелігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «01 Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа сәйкес төленген әкелінетін кедендік баждары (баламалы қолданылатын өзге де баждар, салықтар мен алымдар)»;
      мынадай мазмұндағы 13 және 16 ерекшелiкпен толықтырылсын:
      «13 Армения Республикасымен бөлінген кедендік баждар
      16 Армения Республикасынан түскен кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз етудің өндіріп алынған сомалар»;
      «Халықаралық сауда мен операцияларға салынатын басқа да салықтар» 2-кіші сыныбы:
      02 «Арнайы қорғалатын, демпингке қарсы және өтемақы баждары» ерекшелігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «02 Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа сәйкес төленген арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары»;
      05 «Беларусь Республикасынан түсетін арнайы қорғалатын, демпингке қарсы және өтемақы баждары» мынандай редакцияда жазылсын:
      «05 Беларусь Республикасынан түсетін арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары»;
      06 «Ресей Федерациясынан түсетін арнайы қорғалатын, демпингке қарсы және өтемақы баждары» мынандай редакцияда жазылсын:
      «06 Ресей Федерациясынан түсетін арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары»;
      мынадай мазмұндағы 09 және 10 ерекшелiкпен толықтырылсын:
      «09 Армения Республикасынан түсетін арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары»;
      10 Аударуы тоқтатылған, бөлуден түсетін арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомасы».
      2) «Бюджет түсімдерін бюджеттер деңгейлері мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшасының бақылау шоты арасында бөлу кестесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 404 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9760 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 15 қазанда жарияланған):
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджет түсімдерін бюджеттер деңгейлері мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшасының бақылау шоты арасында бөлу кестесінде:
      «Салықтық түсiмдер» 1-санатында:
      06 «Халықаралық сауда мен сыртқы операцияларға салынатын салықтар» сыныбында:
      «Кедендік төлемдер» 1-кіші сыныбында:
      «

Кеден одағында әкелу кедендік баждарын (баламалы қолданылатын өзге де баждарды, салықтар мен алымдарды) есепке жатқызу мен бөлудің тәртібін белгілеу және қолдану туралы келісімге сәйкес төленген әкелінетін кедендік баждары (баламалы қолданылатын өзге де баждар, салықтар мен алымдар)

1

06

1

01

100





                                                              »
      деген жолдар мынандай редакцияда жазылсын:
      «

Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа сәйкес төленген әкелінетін кедендік баждары (баламалы қолданылатын өзге де баждар, салықтар мен алымдар)

1

06

1

01

100





                                                              »;
      мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
      «

Армения Республикасымен бөлінген кедендік баждар

1

06

1

13

100





Армения Республикасынан түскен кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз етудің өндіріп алынған сомалар

1

06

1

16

100





                                                              »;
      «Халықаралық сауда мен операцияларға салынатын өзге салықтар» 2-кіші сыныбында:
      «

Арнайы қорғалатын, демпингке қарсы және өтемақы баждары

1

06

2

02

100





                                                              »
      деген жолдар мынандай редакцияда жазылсын:
      «

Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа сәйкес төленген арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары

1

06

2

02

100





                                                              »;
      «

Беларусь Республикасынан түсетін арнайы қорғалатын, демпингке қарсы және өтемақы баждары

1

06

2

05

100





                                                              »
      деген жолдар мынандай редакцияда жазылсын:
      «

Беларусь Республикасынан түсетін арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары

1

06

2

05

100





                                                              »;
      «

Ресей Федерациясынан түсетін арнайы қорғалатын, демпингке қарсы және өтемақы баждары

1

06

2

06

100





                                                              »
      деген жолдар мынандай редакцияда жазылсын:
      «

Ресей Федерациясынан түсетін арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары

1

06

2

06

100





                                                              »;
      мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
      «

Армения Республикасынан түсетін арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары

1

06

2

09

100





Аударуы тоқтатылған, бөлуден түсетін арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомасы

1

06

2

10

100





                                                              ».
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бюджеттік заңнама департаменті (З.А. Ерназарова) заңнамада белгіленген тәртіпте:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырудын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық 2015 жылғы 1 ақпаннан бастап қолданысқа енедi.

      Министр                                          Б. Сұлтанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады