Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы коммуналдық мемлекеттік мекемесін құру туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 15 қаңтардағы № 2 қаулысы. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 23 қаңтарда № 2474 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 28 шілдедегі № 227 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы әкімдігінің 28.07.2016 № 227 қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - мекеме) құрылсын.
      2. Қоса беріліп отырған мекеме туралы Ереже бекітілсін.
      3.Облыс әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1)осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
      2)осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне жіберуді;
      3)осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
      4) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.
      4.Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімі аппаратының басшысы Р.Рахманбердиевке жүктелсін.
      5.Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі К. Көкрекбаев

  Жамбыл облысы әкімдігінің
2015 жылғы "15" қаңтардағы
№ 2 қаулысымен бекітілген

"Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1.Жалпы ережелер

      1. "Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында мемлекеттік бақылау және қадағалауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
      3. "Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 080000, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі, 78.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы - "Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже "Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. "Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілермен "Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2.Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. "Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы:
      Жамбыл облысы аумағында сәулет, қала құрылысы, құрылыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.
      15. Міндеттері:
      1)Жамбыл облысының аумағында мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүргізу:
      тапсырысшыда (құрылыс салушыда) оның осы жер учаскесіне тиісті құқығын растайтын құжаттары және оның мердігермен (бас мердігермен) шартының болуына;
      сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыру құқығына лицензияның болуына;
      белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттаманың, жобалар сараптамасының оң қорытындысының, сондай-ақ, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізе бастағаны туралы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын органдарға жіберілген хабарламаның болуына;
      хабарламада көрсетілген деректердің анықтығына;
      құрылысқа қатысушылардың атқарушылық техникалық құжаттаманы, соның ішінде оны бекітілген жобалау-сметалық құжаттамаға өзгерістер енгізу кезінде уақтылы рәсімдеуіне және жүргізуіне;
      қолданылатын құрылыс материалдарының, бұйымдары мен конструкцияларының, орнатылатын жабдықтың сапасына, тиісті сертификаттардың болуына;
      орындалған (орындалатын) құрылыс-монтаждау жұмыстарының, қолданылатын құрылыс материалдары (бұйымдар, конструкциялар) мен жабдықтардың бекітілген жобалау шешімдеріне және мемлекеттік (мемлекетаралық) нормативтерге, оның ішінде негізгі және қоршау конструкцияларының және ғимараттарды (құрылыстарды) пайдалану сапасының беріктігін, орнықтылығын, сенімділігін қамтамасыз ету жөніндегі нормативтерге сәйкестігіне;
      мердігердің (бас мердігердің) құрылыс сапасын жеке өндірістік бақылаудың барлық түрлері мен нысандарын ұйымдастыруына және жүзеге асыруына;
      техникалық және авторлық қадағалаумен бірге құрылыстың ұйымдастырылуына және жүзеге асырылуына;
      техникалық және авторлық қадағалаудың сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында техникалық және авторлық қадағалауларды (инжинирингтік қызметтер көрсетуді) жүзеге асырудың мемлекеттік нормативтерде белгіленген тәртібін сақтауына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асырады;
      2)хабарламаларды қабылдау туралы берілген талондарға, қол қойылған келіспеушілік актілеріне, құрылыс-монтаж жұмыстарының басталғаны туралы хабарламаларға талдау және мониторинг жүргізу;
      3)салынуы белгіленген және салынып (қайта жаңартылып, кеңейтіліп, жаңғыртылып, күрделі жөнделіп) жатқан объектілер мен кешендерге мониторинг және талдау жүргізу;
      4)бақылау мен тексерулер нәтижелерін жинақтау және талдау;
      5)сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы қызметтерді жүзеге асыру үшін лицензиялауды және аттестациялауды жүзеге асыру;
      6)Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
      16. Функциялары:
      1) құрылыс саласындағы бақылау және қадағалау;
      2) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметті лицензиялау мен аттестаттау;
      3) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы лицензиар функцияларын жүзеге асыру, оның ішінде:
      лицензия және лицензияға қосымшалар берген кезде өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігін анықтау;
      лицензиялық бақылауды жүзеге асыру;
      уәкілетті органға берілген лицензия тізілімін жолдау;
      4) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыру құқығына сарапшыларды аттестаттау жөніндегі функцияларды жүзеге асыру, оның ішінде:
      өтініш берушінің құжаттарын қабылдау және қарау;
      уәкілетті органға берілген аттестаттардың тізілімін жолдау;
      сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік қызметтер көрсететін сарапшыларды аттестаттау жөнінде ұйымдастыру іс-шараларын (электрондық тестілеу) жүргізу;
      5) жеке және заңды тұлғалардың жобалау-іздестіру, сарапшылық, құрылыс-монтаждау жұмыстарын, құрылыс материалдарын, бұйымдар мен конструкцияларды өндіру бойынша жұмыстардың орындалуын бақылау және қадағалау;
      6) салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілердің мониторингі және салынып (қайта жаңартылып, кеңейтіліп, жаңғыртылып, күрделі жөндеуден өткізіліп) жатқан объектілер мен кешендердің сапасын бақылау;
      7) заңнамада белгіленген тәртіппен қабылдау комиссиясының және мемлекеттік қабылдау комиссиясының жұмысына қатысу;
      8) жойылмайтын бұзушылықтарға жол берген, не жол берілген бұзушылықтарды белгіленген нормативтік мерзімде жоймаған заңды және лауазымды тұлғаларға қатысты заңнамада белгіленген шараларды қолдану.
      17.Құқықтары мен міндеттері:
      1) өзге мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардан "Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелерді шешу үшін қажетті ақпараттарды, құжаттар мен материалдарды сұратады және алады;
      2) өз қызметінің барлық мәселелері бойынша ұсыныстар енгізеді;
      3) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласы субъектілерінен Жамбыл облысының аумағында салынуы белгіленген және салынып (қайта жаңартылып, кеңейтіліп, жаңғыртылып, күрделі жөнделіп) жатқан объектілер мен кешендер туралы ақпаратты сұратады және алады;
      4) танысу үшін тапсырыс берушілерден құрылыс объектісі бойынша қажетті жобалау және атқару құжаттамаларын, сондай-ақ, тиісті жобалардың сараптамалық қорытындысын сұратады және алады;
      5) салынып (қайта жаңартылып, кеңейтіліп, жаңғыртылып, күрделі жөнделіп) жатқан объектілер мен кешендерге кедергісіз кіреді және онда жүргізіліп жатқан құрылыс-монтаж жұмыстарына бақылау жүргізеді;
      6) бақылау мен қадағалаудың өзге нысандарын жүзеге асырған кезде объектілерге барады;
      7) мемлекеттік нормативтерді бұзуға және (немесе) бекітілген жобалардан (жобалау шешімінен) ауытқуға жол берілгендігі анықталған жағдайда Қазақстан Республикасы аумағында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы барлық субъектілермен орындауға міндетті болатын нұсқама береді;
      8) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілерімен жол берілген мемлекеттік нормативтер мен талаптар (шарттар, шектеулер) бұзушылығын, сондай-ақ олардың зардаптарын жоюға бағытталған тиісті әрекет ету шараларын қабылдайды, Қазақстан Республикасының сот органдарына жүгіну құқығы болады;
      9) қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асырады.

3.Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      18. "Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      19. "Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы заңнамада белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
      20. "Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары жоқ.
      21. "Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттіктері:
      1)"Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басқарады, "Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады;
      2)"Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысы бөлім басшылары мен қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;
      3)сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі жұмыстарды жүргізеді және осы бағыттағы жұмысқа дербес жауап береді;
      4)"Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
      5)заңнамада белгіленген тәртіппен "Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін көтермелеу, материалдық көмек көрсету, оларға тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;
      6)"Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бөлімдері туралы ережелерді, қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
      7)өз құзыреті шеңберінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттарға қол қояды;
      8)мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда "Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі атынан өкілдік етеді;
      9)белгіленген тәртіппен қаржы-экономикалық және шаруашылық қызмет мәселелерін шешеді, бюджеттік қаражаттардың тиімді және мақсатты жұмсалуын бақылайды;
      10)"Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құзырына кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілердің, бағдарламалар жобаларының және басқа да құжаттардың орындалу барысын бақылайды;
      11)Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      "Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4.Мемлекеттік органның мүлкі

      22. "Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      "Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік есебінен қалыптастырылады.
      23. "Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      25. "Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады