Жамбыл облысы әкімдігінің жерлерді пайдалану және қорғалуын бақылау басқармасы коммуналдық мемлекеттік мекемесін құру туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 15 қаңтарда № 3 қаулысы. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 23 қаңтарда № 2476 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы әкімдігінің 2022 жылғы 24 қарашадағы № 249 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы әкімдігінің 24.11.2022 № 249 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Жамбыл облысы әкімдігінің жерлерді пайдалану және қорғалуын бақылау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - мекеме) құрылсын.

      2. Қоса беріліп отырған мекеме туралы Ереже бекітілсін.

      3. Облыс әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне жіберуді;

      3) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімі аппаратының басшысы Р. Рахманбердиевке жүктелсін.

      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі К. Көкрекбаев

  Жамбыл облысы әкімдігінің
2015 жылғы 15 қаңтардағы
№ 3 қаулысымен бекітілген

"Жамбыл облысы әкімдігінің жерлерді пайдалану және қорғалуын бақылау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережелер

      1. "Жамбыл облысы әкімдігінің жерлерді пайдалану және қорғалуын бақылау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жердi пайдалану мен қорғауды мемлекеттiк бақылауды, сондай-ақ геодезиялық және картографиялық қызмет саласында бақылау функцияларын жүзеге асырады.

      2. "Жамбыл облысы әкімдігінің жерлерді пайдалану және қорғалуын бақылау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.

      3. "Жамбыл облысы әкімдігінің жерлерді пайдалану және қорғалуын бақылау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті және Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. "Жамбыл облысы әкімдігінің жерлерді пайдалану және қорғалуын бақылау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. "Жамбыл облысы әкімдігінің жерлерді пайдалану және қорғалуын бақылау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. "Жамбыл облысы әкімдігінің жерлерді пайдалану және қорғалуын бақылау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. "Жамбыл облысы әкімдігінің жерлерді пайдалану және қорғалуын бақылау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада берілген тәртіппен "Жамбыл облысы әкімдігінің жерлерді пайдалану және қорғалуын бақылау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. "Жамбыл облысы әкімдігінің жерлерді пайдалану және қорғалуын бақылау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: пошталық индексі 080000, Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, 2-ші Қазыбек би бұрылысы, 26 үй.

      10. Мемлекеттік органның толық атауы – "Жамбыл облысы әкімдігінің жерлерді пайдалану және қорғалуын бақылау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      11. Осы Ереже "Жамбыл облысы әкімдігінің жерлерді пайдалану және қорғалуын бақылау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

      12. "Жамбыл облысы әкімдігінің жерлерді пайдалану және қорғалуын бақылау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      13. "Жамбыл облысы әкімдігінің жерлерді пайдалану және қорғалуын бақылау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен "Жамбыл облысы әкімдігінің жерлерді пайдалану және қорғалуын бақылау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер "Жамбыл облысы әкімдігінің жерлерді пайдалану және қорғалуын бақылау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. "Жамбыл облысы әкімдігінің жерлерді пайдалану және қорғалуын бақылау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы:

      Жердi пайдалану мен қорғауды мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру.

      15. Міндеттері:

      1) мемлекеттiк органдардың, жеке, заңды тұлғалардың және лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасы жер заңдарының сақталуын;

      2) Қазақстан Республикасы заңдарының бұзылуын анықтауды және жоюды;

      3) азаматтар мен заңды тұлғалардың бұзылған құқықтарын қалпына келтiрудi;

      4) жер учаскелерiн пайдалану ережелерiнiң сақталуын;

      5) жер кадастры мен жерге орналастыру iсiнiң дұрыс жүргiзiлуiн;

      6) жердi ұтымды пайдалану мен қорғау жөнiндегi iс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – Жамбыл облысы әкімдігінің 31.03.2016 № 89 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      16. Функциялары:

      1) мемлекеттiк органдардың, кәсiпорындардың, мекемелердiң, ұйымдар мен азаматтардың Қазақстан Республикасының жер заңнамасын, жер учаскелерiн нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланудың белгiленген режимiн сақтауына;

      2) жер учаскелерiн өз бетiнше иеленiп алуға жол бермеуге;

      3) жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың құқықтарының сақталуына;

      4) жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың топырақтың құнарлылығын қалпына келтiру және сақтау жөнiндегi ұйымдастыру-шаруашылық, агротехникалық, орман мелиорациялық және эрозияға қарсы гидротехникалық iс-шаралар кешенiн уақтылы және дұрыс жүргiзуiне;

      5) жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың өздерiнде жердiң бар-жоғы, олардың жай-күйi мен пайдаланылуы туралы мәлiметтердi мемлекеттiк органдарға уақтылы беруiне;

      6) жердiң жай-күйiне әсер ететiн тұрғын жай және өндiрiстiк объектiлердiң жобалануына, орналастырылуы мен салынуына;

      7) жердi жақсарту жөнiндегi, топырақ эрозиясының, тұздану, батпақтану, су басу, шөлейттену, құрғақтану, тығыздалу, қоқыстану, ластану және жердiң тозуын туғызатын басқа да процестердiң салдарын болғызбау мен жою жөнiндегi iс-шаралардың уақтылы және сапалы орындалуына;

      8) азаматтардың өздерiне жер учаскелерiн беру туралы өтініштерін (өтiнiшхаттарын) қараудың белгiленген мерзiмдерiнiң сақталуына;

      9) межелiк белгiлердiң сақталуына;

      10) жергiлiктi атқарушы органдар уақытша жер пайдалануға берген жердiң уақтылы қайтарылуына;

      11) бүлiнген жердiң қалпына келтірілуіне;

      12) жердiң бүлiнуiне байланысты жұмыстар жүргiзiлген кезде топырақтың құнарлы қабатының сыдырып алынуына, сақталуына және пайдаланылуына;

      13) жердi пайдалану мен қорғау жөнiндегi жерге орналастыру жобаларының және басқа да жобалардың жүзеге асырылуына мемлекеттiк бақылауды ұйымдастырады және жүргiзедi;

      14) мемлекеттік сатып алуда ұйымдастырушы болуға құқылы.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – Жамбыл облысы әкімдігінің 31.03.2016 № 89 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      17. Құқықтары мен міндеттері:

      Құқықтары:

      1) кiнәлiлердi жауапқа тарту туралы мәселенi шешу үшiн Қазақстан Республикасының жер заңдарының бұзылуы туралы материалдарды тиiстi органдарға немесе Мемлекеттік корпорацияға жiберуге;

      2) Қазақстан Республикасы жер заңдарының бұзылуы туралы хаттамалар (актiлер) жасауға;

      3) Қазақстан Республикасының жер заңдарын бұзғаны үшiн әкiмшiлiк жазалау туралы қаулылар шығаруға;

      4) Қазақстан Республикасының жер заңнамасын бұзу салдарынан келтірілген шығынды өтеу туралы, өз мақсатында пайдаланылмай не Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жатқан жер учаскелерiн мәжбүрлеп алып қою туралы, жер учаскелерін беруге, мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға, мәжбүрлеп иеліктен шығаруға байланысты құқыққа сыйымсыз шешімдердің күшін жою туралы, сондай-ақ жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдардың лауазымды адамдарының анықталған Қазақстан Республикасы жер заңнамасын бұзушылықтарды жою жөнінде берген нұсқамаларын осы нұсқама берілген тұлғалар нұсқамада көрсетілген мерзімде орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайда оларды орындау туралы және жеке, лауазымды және заңды тұлғалардан айыппұл өндіріп алу туралы істер бойынша сотқа талап-арыз дайындауға және беруге;

      5) қызметтiк куәлiгiн көрсеткен жағдайда, ұйымдарға кедергiсiз кiруге, меншiктегi және пайдаланудағы жер учаскелерiн тексеруге, ал әскери, қорғаныс және басқа да арнаулы объектiлер алып жатқан жер учаскелерiн - оларға кiрудiң белгiленген режимiн ескере отырып, тексеруге;

      6) жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушыларға, сондай-ақ Мемлекеттік корпорацияның лауазымды адамдарына жердi қорғау, Қазақстан Республикасы жер заңдарының бұзылуын жою мәселелерi бойынша орындалуға мiндеттi нұсқамалар беруге;

      7) өнеркәсiптiк, азаматтық және басқа да құрылыстар, пайдалы қазба кен орындарын игеру, объектiлердi пайдалану, агротехникалық, орман мелиорациялық, геологиялық-барлау, iздестiру, геодезиялық және өзге де жұмыстар, егер олар Қазақстан Республикасының жер заңдарын, ерекше қорғалатын аумақтар жерiн пайдаланудың белгiленген режимiн бұза отырып жүзеге асырылса және топырақтың құнарлы қабатының жойылуына, ластануына, залалдануына немесе бүлiнуiне, эрозияның күшеюiне, тұздануға, батпақтануға және шектес аумақтарды қоса алғанда, топырақ құнарлылығын төмендететiн басқа да процестерге әкеп соғуы мүмкiн болса, сондай-ақ егер бұл жұмыстар экологиялық сараптамадан өтпеген не терiс қорытынды алған жобалар бойынша жүзеге асырылса, оларды тоқтата тұруға;

      8) мемлекеттiк органдардан жер қорының жай-күйi туралы статистикалық ақпаратты алуға;

      9) жерге құқықты белгілейтін және сәйкестендіру құжаттары болмаған жағдайда тұрғын жай және өндiрiстiк объектiлердiң салынуын тоқтата тұруға құқығы бар.

      2. Міндеттері:

      1) Қазақстан Республикасының жер заңдарын бұзушыларға уақтылы шаралар қолдануға;

      2) жүргiзiлетiн тексерулердiң материалдарын объективтi түрде дайындауға мiндеттi.

      3) "Жамбыл облысы әкімдігінің жерлерді пайдалану және қорғалуын бақылау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін сақтау, сондай-ақ жоғары тұрған мемлекеттік органдардың және лауазымды тұлғалардың тапсырмаларын орындауға міндетті;

      4) "Жамбыл облысы әкімдігінің жерлерді пайдалану және қорғалуын бақылау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де міндеттер жүктелуі мүмкін.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда – Жамбыл облысы әкімдігінің 31.03.2016 № 89 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      18. "Жамбыл облысы әкімдігінің жерлерді пайдалану және қорғалуын бақылау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде басшылықты "Жамбыл облысы әкімдігінің жерлерді пайдалану және қорғалуын бақылау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

      19. "Жамбыл облысы әкімдігінің жерлерді пайдалану және қорғалуын бақылау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Жамбыл облысының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      20. "Жамбыл облысы әкімдігінің жерлерді пайдалану және қорғалуын бақылау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:

      1) "Жамбыл облысы әкімдігінің жерлерді пайдалану және қорғалуын бақылау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

      2) барлық органдарда "Жамбыл облысы әкімдігінің жерлерді пайдалану және қорғалуын бақылау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүддесін қорғайды;

      3) келісім-шарттар жасайды;

      4) сенімхаттар береді;

      5) банкіде есеп шоттар ашады, іс бойынша келісім жасайды;

      6) барлық қызметкерлерге міндетті болып табылатын бұйрықтар шығарады және тапсырмалар береді;

      7) "Жамбыл облысы әкімдігінің жерлерді пайдалану және қорғалуын бақылау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан шығарады;

      8) қызметкерлерді марапаттау және жазалау шараларын қолдайды;

      9) Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңына сәйкес өз құзыреттерi шегiнде жемқорлықпен күрес жүргізеді және заңда көрсетілген тәртіптік шараларды қолданады;

      10) қарамағындағы мемлекеттік қызметкерлердің әрекеттерi сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтар болып табылған жағдайда оған жауапты болып табылады.

      11) Басқарма басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

      Ескерту. 20-тармаққа өзгерістер енгізілді – Жамбыл облысы әкімдігінің 31.03.2016 № 89 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      21. "Жамбыл облысы әкімдігінің жерлерді пайдалану және қорғалуын бақылау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      "Жамбыл облысы әкімдігінің жерлерді пайдалану және қорғалуын бақылау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      22. "Жамбыл облысы әкімдігінің жерлерді пайдалану және қорғалуын бақылау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Жамбыл облысы әкімдігінің жерлерді пайдалану және қорғалуын бақылау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      24. "Жамбыл облысы әкімдігінің жерлерді пайдалану және қорғалуын бақылау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады