Жамбыл облысы аумағында карантиндік режимді енгізе отырып карантинді аймақты белгілеу туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 54 қаулысы. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 10 сәуірде № 2602 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы әкімдігінің 2019 жылғы 1 қазандағы № 216 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Жамбыл облысы әкімдігінің 01.10.2019 № 216 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Өсімдіктер карантині туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы Заңына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Жамбыл облыстық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - Инспекция) 2014 жылғы 18 желтоқсандағы №6-3-5/822 ұсынысының негізінде Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының 1, 2, 3 қосымшаларына сәйкес Жамбыл облысының аумағында зақымданған алқаптар көлемінде карантин режимін енгізе отырып, карантин аймағы белгіленсін.

      2. Инспекция (келісімі бойынша), аудан және "Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Басқарма заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне жіберуді;

      3) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Х.Әбдірайымовқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі К. Көкрекбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

      Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік

      инспекция комитетінің Жамбыл облыстық

      аумақтық инспекциясы" мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      Н. Джигитеков

      "30" наурыз 2015 жыл

  Жамбыл облысы әкімдігінің
2015 жылғы 26 наурыздағы
№ 54 қаулысына 1- қосымша

Жамбыл облысы бойынша карантиндік арамшөп жатаған укекіренің (Acroptilon repens) таралу ошақтарының аудандар кескініндегі тізімі

Аудандар атауы

Залалдану аумағы (гектар)

1

Байзақ

18693

2

Жамбыл

16183

3

Жуалы

13000

4

Қордай

18310

5

Меркі

18000

6

Мойынқұм

1000

7

Т.Рысқұлов

26160

8

Талас

5850

9

Сарысу

2000

10

Шу

15920


Барлығы

135116

  Жамбыл облысы әкімдігінің
2015 жылғы 26 наурыздағы
№ 54 қаулысына 2- қосымша

Жамбыл облысы бойынша жеміс ағаштарының бактериалық күйігі (Erwinia amylovora) ауруымен залалданған ошақтарының аудандар мен ауылдық округтар кескініндегі тізімі

Аудандар атауы

Ауылдық округ атауы

Залалдану аумағы (гектар)

1

Байзақ

Сарыкемер

1

Жаңатұрмыс

3

2

Жамбыл

Қаратөбе

10

Қызылқайнар

7

Ақбұлым

11

3

Жуалы

Ақтөбе

3

Шақпақата

10

Қызыларық

15

4

Қордай

Қарасай

7

5

Меркі

Жамбыл

3,1

6

Т. Рысқұлов

Қарақыстақ

2,5


Барлығы


72,6

  Жамбыл облысы әкімдігінің
2015 жылғы 26 наурыздағы
№ 54 қаулысына 3- қосымша

Жамбыл облысы бойынша карантиндік зиянкес қауын шыбынымен (Myiopardalis pardalina) залалданған ошақтарының аудандар мен ауылдық округтар кескініндегі тізімі

Аудандар атауы

Ауылдық округ атауы

Залалдану аумағы (гектар)

1

Сарысу

Игілік

4

Жаңаталап

23,9

Тоғызкент

11

2

Талас

Тамды

7

Ақкөл

3

3

Мойынқұм

Кеңес

27

Бірлік

11


Барлығы


86,9


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады