Жамбыл облысы аумағында карантиндік режимді енгізе отырып, карантинді аймақты белгілеу туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы әкімдігінің 2019 жылғы 1 қазандағы № 216 қаулысы. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 3 қазанда № 4345 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы әкімдігінің 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 62 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы әкімдігінің 20.04.2023 № 62 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Өсімдіктер карантині туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы Заңына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Жамбыл облыстық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - Инспекция) 2019 жылғы 13 тамыздағы № 6-3-5/660 ұсынысы негізінде Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының 1, 2, 3 қосымшаларына сәйкес Жамбыл облысының аумағында залалданған алқаптар көлемінде карантиндік режимді енгізе отырып, карантин аймағы белгіленсін.

      2. Осы қаулының 4 - қосымшасына сәйкес Жамбыл облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      3. Инспекция, аудан әкімдері және "Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      4. Басқарма заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М. Шүкеевке жүктелсін.

      6. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі А. Мырзахметов

  Жамбыл облысы әкімдігінің
2019 жылғы "___" _________
№ ___ қаулысына 1 - қосымша

Жамбыл облысы аумағында карантиндік режимін енгізе отырып, карантин аймағы белгіленген карантиндік арамшөптің аудандар мен ауылдық округтар кескініндегі тізбесі

Аудандар атауы

Ауылдық округ атауы

Залалдану аумағы (гектар)

Жатаған (қызғылт) укекіре (Acroptilon repens D.C.)

1.

Байзақ

Дихан

170

Сазтерек

255


Барлығы

425

2.

Жамбыл

Қарасу

70

Айша-бибі

120

Қараой

90


Барлығы

280

3.

Жуалы

Мыңбұлақ

457


Барлығы

457

4.

Қордай

Үлкен Сұлутөр

500


Барлығы

500

5.

Меркі

Аспара

560

Кеңес

300

Ақтоған

300

Ақермен

500

Сарымолдаев

500


Барлығы

2160

6.

Шу

Тасөткел

500

Төлеби

500


Барлығы

1000


Облыс бойынша барлығы

4822

  Жамбыл облысы әкімдігінің
2019 жылғы "___" _________
№ ___ қаулысына 2 - қосымша

Жамбыл облысы аумағында карантиндік режимді енгізе отырып, карантин аймағы белгіленген карантиндік аурудың аудандар мен ауылдық округтар кескініндегі тізбесі

Аудандар атауы

Ауылдық округ атауы

Залалдану аумағы (гектар)

Жеміс ағаштарының бактериялық күйігі (Erwinia amylovora (Burrill) Winston et al.)

1.

Байзақ

Сарыкемер

1

Жаңатұрмыс

3


Барлығы

4

2.

Жуалы

Ақтөбе

3

Шақпақата

10

Қызыларық

5


Барлығы

18

3.

Қордай

Қарасай

6,8


Барлығы

6,8

4.

Т.Рысқұлов

Қарақыстақ

2,5


Барлығы

2,5


Облыс бойынша барлығы

31,3

  Жамбыл облысы әкімдігінің
2019 жылғы "___" _________
№ ___ қаулысына 3 - қосымша

Жамбыл облысы аумағында карантиндік режимді енгізе отырып, карантин аймағы белгіленген карантиндік зиянкестердің аудандар мен ауылдық округтар кескініндегі тізбесі

Аудандар атауы

Ауылдық округ атауы

Залалдану аумағы (гектар)

Қауын шыбыны (Myiopardalis pardalina (Bigot))

1.

Сарысу

Жаңаталап

10


Барлығы

10

Калифорниялық қалқаншалы сымыр (Quadraspidiotus perniciosus Comst.)

2.

Байзақ

Бурыл

15

3.

Жамбыл

Ақбастау

10

4.

Жуалы

Қарасаз

19

5.

Қордай

Қарасай

7

6.

Т.Рысқұлов

Құлан

15

Көкдөнен

8


Барлығы

74

Америкалық ақ көбелек (Hyphantria cunea Drury.)

7.

Қордай

Қарасу

23

Масаншы

11

Жаңатұрмыс

15

8.

Меркі

Андас Батыр

36


Барлығы

85


Барлығы облыс бойынша

169

  Жамбыл облысы әкімдігінің
2019 жылғы "___" _________
№ ___ қаулысына 4- қосымша

Жамбыл облысы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі

      1. "Жамбыл облысы аумағында карантиндік режимді енгізе отырып, карантинді аймақты белгілеу туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 54 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2602 болып тіркелген, 2015 жылдың 21 сәуірінде "Ақ жол" газетінде жарияланған);

      2. "Жамбыл облысы аумағында карантиндік режимді енгізе отырып, карантинді аймақты белгілеу туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 8 ақпандағы № 32 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2945 болып тіркелген, 2016 жылдың 24 ақпанында "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

      3. "Жамбыл облысы аумағында карантиндік режимді енгізе отырып, карантинді аймақты белгілеу туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 8 ақпандағы № 32 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 31 наурыздағы № 96 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3047 болып тіркелген, 2016 жылдың 13 мамырында "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады