Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 20 бабына және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекітілген "Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың ережесіне" сәйкес, жұмыссыздар үшін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мақсатында Тараз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ұйымдардың тізбелері, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері және оларды қаржыландыру көздері қосымшаға сәйкес бекітілсін, қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныс айқындалсын.
2. "Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (Г. Олжабаева) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Жақсылық Мырзабекұлы Сапаралиевке жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылдың 5 қаңтарынан туындайтын қатынастарға таралады.
Қала әкімі | Н. Календеров |
Тараз қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 30 желтоқсанындағы № 1255 қаулысына қосымша |
Үйымдардың тізбелері, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері және оларды қаржыландыру көздері, қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныс
Ескерту. Қосымшаға өзгерістер енгізілді – Жамбыл облысы Тараз қалақық әкімдігінің 14.03.2016 № 161 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). Тараз қаласы әкімдігінің "2016 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1255 қаулысына келісім парағы
"КЕЛІСІЛДІ"Тараз қаласының прокуроры
Б. Телеу
"30" желтоқсан 2015 жыл
"Жамбыл облысы Тараз қаласының
қорғаныс істері жөніндегі басқармасы"
республикалық мемлекеттік мекемесі бастығы
Е. Абдуллаев
"30" желтоқсан 2015 жыл