Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Байзақ ауданы әкімдігінің 28.09.2018 № 421 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" № 410 Жарлығына сәйкес Байзақ ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
2. "Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Сағындық Жұмағұлұлы Кенжебаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | М. Шүкеев |
Байзақ ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 29 cәуірдегі № 301 қаулысымен бекітілген |
"Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. "Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Бөлім) өз құзыреті шегінде білім беру саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Бөлімнің ведомстволары жоқ.
3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ереженің негізінде жүзеге асырады.
4. Бөлім ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі және мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. Бөлім егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: пошталық индексі 080100, Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылы, Байзақ батыр көшесі, 104.
10. Мемлекеттік органның толық атауы: "Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
11. Осы ереже бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.
12. Бөлімнің қызметін қызметін қаржыландыру аудандық бюджеттің есебінен жүзеге асырылады.
13. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен бөлімнің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
14. Бөлімнің миссиясы:
аудан аумағындағы білім саласындағы мемлекетік саясатты іске асыру және балалар мен жасөспірімдердің білім алуын қамтамасыз ету.
15. Міндеттері:
1) білім саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" заңдарының, білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын, білім берудің мемлекеттік стандарттарын және басқа нормативтік құжаттарды бақылау жасау;
2) адамның рухани және дене өсуінің мүмкіндіктерін ашу, имандылық пен ғылыми дүниетану негіздерін қалыптастыру жөнінде мектептер, мектепке дейінгі және мектептен тыс мекемелердің жұмыстарын үйлестіру, даралық даму үшін жағдай жасап, парасатын байыту;
3) аудандық оқу орындары қызметін үлкен азаматтылық түсінігімен полимәдиниеттілік тұлғаны, қазақстандық патриотизмді, адамның отбасы, халық, қоғам мен мемлекет алдындағы құқылығы мен міндеттер сезімін тәрбиелеуге, адамның шығармашылық қабілеттілігін даму мен эстетикалық тәрбиелеуге бағыттау;
4) қазақ халқының, сонымен қатар ауданда тұрып жатқан басқа ұлттардың мәдениетін, салт-дәстүрін зерттеу үшін жағдай жасау;
5) аудан тұрғындарының толық орта білім алуына теңдей мүмкіншілік жасау;
6) ауданның мектептеріндегі оқу-тәрбие жұмыстарының жағдайына бақылау мен басшылық жасау, орталықтандырылған бухгалтерияның қаржыға байланысты әрекеттеріне басшылық жасау;
7) директорлар алқасына және Қорғаншылық жөніндегі кеңесіне басшылық жасау, кадрларды іріктеу, орналастыру және есепке алу;
8) пәндерді тереңдетіп оқытудың, білім берудің жаңартылған мазмұнын, оқытудың нұсқаларының бағдарламаларын әзірлеу, бекіту;
9) білім беру мекемелерінің материалдық негізін нығайту, оларды жөндеу, оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру;
10) жалпыға бірдей ереженің талаптарына сай оқуға жататын балаларды толық оқумен қамту жұмыстары;
11) мектептерді оқу-әдістемелік құралдарымен қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
12) мұғалімдердің әдістемелік шеберлік деңгейін көрсету, қайта даярлау курстарынан өткізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және үйлестіру;
13) оқушыларға білім беру мен тәрбиелеуде озат педагогикалық тәжірибелерді енгізу және тарату жөніндегі жұмыс;
14) жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау;
15) кәмелетке толмағандарға қатысты қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыру.
16) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
16. Функциялары:
1) мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалардың есебін жүргізеді және олардың орта білім алғанға дейінгі оқуын ұйымдастырады;
2) меншік нысандары мен ведомстволық бағыныштылығына қарамастан, жергілікті бағыныстағы білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесі мазмұнының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары талаптарына сәйкес келуіне мезгіл-мезгіл бақылау жасауды ұйымдастырады және оны өз құзіреті шегінде жүргізіп отырады;
3) білім беру саласындағы орталық атқарушы органның нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес педагог қызметкерлерді аттестациядан өткізеді және педагогикалық қызметкерлерге біліктілік санаттарын береді;
4) жергілікті бюджеттен қаржыландыратын орта білім беру, мектепке дейінгі тәрбие және оқу, мектептен тыс мемлекеттік ұйымдардың және кәсіпорындардың басшыларын тағайындайды және босатады;
5) мектепке дейінгі, жалпы орта білім беру мәселелері бойынша тұрғын орындарға статистикалық есеп беріп отырады;
6) аймақтық деңгейде педагог кадрларды қайта даярлау, олардың біліктілігін арттыруға ықпал жасайды;
7) білім беру сапасын басқаруды, білім беру ұйымдары ұсынатын қызметін әдістемелік және әдіснамалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
8) білім беру мекемелерін оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз етеді;
9) жергілікті маңызы бар мектептен тыс іс-шаралар өткізуді ұйымдастырады;
10) ведомстволық бағынышты ұйымдарды белгілеген тәртіппен бюджет қаражаты есебінен қаржыландыруды жүзеге асырады;
11) білім берудің мүддесін аудан әкімі мен облыстық білім басқармасына ұсынады және қорғайды;
12) ауданның білім беру жүйесін дамытудың стратегиялық жоспарын әзірлейді, аудан әкімінің білім беру саласындағы шешімдері мен өкімдерінің және аудан әкімдігі қаулыларының жобаларын дайындайды;
13) аудан әкімінің және облыстық білім басқармасының шешімдерін іске асыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;
14) білім беру мәселелері бойынша конференциялар, семинарлар, кеңестер өткізеді, аудандық және облыстық деңгейдегі комиссиялар жұмысына қатысады;
15) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін белгіленген тәртіппен қарайды, жеке мәселелер бойынша азаматтарды қабылдайды;
16) әр түрлі деңгейдегі гранттарды инвестициялауға және қатысу құқығына ие;
17) ата-аналық құқықтарын асыруға немесе шектеуге, ата-аналық құқықтарын қалпына келтіруге, бала асырап алуды тоқтатуға немесе жарамсыз деп тануға байланысты істерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодексіне сәйкес басқа істерді қараған кезде сотқа қатысу;
18) балаға немесе оның денсаулығына қауіп төнген жағдайда жергілікті атқарушы органның шешімі негізінде сот шешімі қабылданғанға дейін ата-аналарынан немесе өзге тұлғалардан баланы дереу алып қоюды жүзеге асыру;
19) егер қорғаншылардың немесе қамқоршылардың қамқорлыққа алынушылардың заңды мүдделерін білдіру бойынша әрекеттерді Қазақстан Республикасының заңнамасына немесе қамқорлыққа алынушылардың мүдделеріне қайшы келетін болса, қорғаншылар немесе қамқоршылар қамқорлыққа алынушылардың заңды мүдделерін қорғауды жүзеге асырмайтын болса, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған қорғаншылықтағы немесе қамқоршылықтағы, патронаттық тәрбиедегі, сондай-ақ жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған арналған ұйымдардағы балалардың заңды мүдделерін кез-келген адамдарға қатысты (оның ішінде соттарда ) білдіру;
20) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, өмірде қиын жағдайға душар болған балаларды анықтау бойынша жұмысты ұйымдастыру;
21) балаларды тәрбиелеу мен оқытуға қатысты мәселелер бойынша ата-аналар арасындағы келіспеушіліктерді шешу;
22) қорғаншылық және қамқоршылық бойынша даулы мәселелер мен (немесе) конфліктілі жағдайларды шешу үшін, білім бөлімінің жанында коллегиалдық орган – қорғаншылық және қамқоршылық бойынша кеңес құрылады, оның құрамы аудан әкімдігінің қаулысымен бекітіледі;
23) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге іс-қимылдарды жүзеге асырады.
17. Құқықтары мен міндеттері:
1) ауданның жергілікті атқарушы органдарынан, сондай-ақ меншік нысандарына қарамастан ұйымдардан, мекемелерден және кәсіпорындардан бөлімге жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды, қорытындыларды, анықтамалық және басқа материалдарды сұрап алуға;
2) бөлімнің құзыретіндегі мәселелер бойынша ведомстволық бағыныштағы ұйымдардың жұмысына әдістемелік басшылықты жүзеге асыру, білім саласындағы заңнамаларды қолданылуы бойынша түсініктеме беруге;
3) қолданыстағы заңнамаларды бұзған білім ұйымдарының басшыларын заңмен белгіленген тәртіптік жауапқа тартуға;
4) бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша аудан әкімдігінің алқа отырыстарына, жиналыстарға қатысуға, ұсыныс беруге құқығы бар;
5) мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалардың есебін жүргізеді және олардың орта білім алғанға дейінгі оқуын ұйымдастыру;
6) мемлекеттік білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық қамтамасыз етуге қолдау және ықпал жасау;
7) білім беру ұйымдарының жүйесін дамытудың жылдық және болашаққа арналған жоспар жобаларын әзірлеу, олардың мүддесін мемлекеттік басқару органдарында қорғау және мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалардың білім беру саласындағы мемлекеттік бағдарламаларын орындауын жүзеге асыру;
8) кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау мәселелерін шешу, кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз қалуының алдын алу бойынша жұмысын ұйымдастыру.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
18. Бөлімге жүктелген міндеттерің орындалуына және оның фукцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
19. Бөлімнің бірінші басшысын Аудан Әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
20. Бөлімнің бірінші басшысының орынбасары жоқ.
21. Бөлімнің бірінші басшысының өкілеттілігі:
1) мекеме атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
2) барлық органдарда мекеме мүддесін қорғайды;
3) мекеме мүлкіне қожалық етеді, келісім жасайды, сенімхаттар береді;
4) банкіде есеп шоттар ашады, іс бойынша келісім жасайды;
5) барлық қызметкерлерге міндетті болып табылатын бұйрықтар шығарады және тапсырмалар береді;
6) мекеме қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан шығарады;
7) қызметкерлерді марапаттайды және шара қолданады;
8) мекеменің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
9) заңда белгіленген тәртіппен бағынысындағы мекемелердің (кәсіпорындардың) директорларын және меңгерушілерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
10) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қарсы қимыл жасауға бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдау үшін дербес жауап береді;
11) мекеменің тиісті бюджеттік бағдарламалары бойынша мемлекеттік сатып алу жұмыстарын ұйымдастырады және жүзеге асырады;
12) Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіп бойынша мекеме өзі мемлекеттік басқару органы болып табылатын өзінің ведомстволық бағынысындағы мемлекеттік мекеме, заңды тұлға не бюджеттік бағдарламаның әкімшісі мемлекеттік басқару органы болып табылатын заңды тұлғамен аффилигирленген тұлға үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырады;
13) заңдылықпен және осы Ережемен жүктелген басқа да міндеттерді атқарады.
22. Бөлімнің бірінші басшысы болмаған кезіңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
23. Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі бар.
24. Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік есебінен қалыптастырылады.
25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Бөлімнің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
26. "Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.