Байзақ ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Байзақ ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 421 қаулысы. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2018 жылғы 22 қазанда № 3970 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде тұпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабына сәйкес Байзақ ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Байзақ ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Бақтияр Мұратұлы Ақбаевқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Р.Рахманбердиев

  Байзақ ауданы әкімдігінің
2018 жылғы "28" қыркүйектегі
№421 қаулысына қосымша

Байзақ ауданы әкімдігінің күші жойылды деп танылған кейбір қаулыларының тізбесі

      1. "Байзақ ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Байзақ ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 59 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2508 болып тіркелген, 2015 жылдың 11 наурыздағы аудандық "Ауыл жаңалығы - Сельская новь" газетінде жарияланған).

      2. "Жамбыл облысы Байзақ ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Байзақ ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 58 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2550 болып тіркелген, 2015 жылдың 14 наурыздағы аудандық "Ауыл жаңалығы - Сельская новь" газетінде жарияланған).

      3. "Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Байзақ ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 29 сәуірдегі № 301 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2664 болып тіркелген, 2015 жылдың 1 шілдедегі аудандық "Ауыл жаңалығы - Сельская новь" газетінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады