Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 20 бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жыләы 19 маусымдағы № 836 қаулысына сәйкес Байзақ ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Байзақ ауданы әкімдігінің "2015 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде 2014 жылы 23 желтоқсанда № 2435 тіркелген, 2015 жылғы 6 қаңтарда "Ауыл жаңалығы" - "Сельская новь" газетінде жарияланған) 2014 жылғы 28 қарашадағы № 656 қаулысына өзгерістер енгізілсін:
Қаулымен бекітілген "Ұйымдардың тізбелері, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері және оларды қаржыландыру көздері, қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныс" қосымшасындағы 1, 4, 5, 6, 8, 10, 11, 14, 15, 16 тармақтары жаңа редакцияда жазылсын:
"Барлығы" деген жолда:
"220" деген сандары "243" деген сандармен өзгертілсін.
2. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2015 жылдың 1 тамызынан туындайтын қатынастарға таралады.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Сағындық Жұмағұлұлы Кенжебаевқа жүктелсін.
Аудан әкімі | М. Шүкеев |