"Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің тұрғын - үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 430 қаулысы. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 4 тамыздағы № 2718 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 07 қыркүйектегі № 418 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 07.09.2016 № 418 қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органның үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес Жамбыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің тұрғын - үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - Бөлім) Ережесі бекітілсін.
      2. Бөлім заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы қаулыны мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне жіберуді;
      3) осы қаулының Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С. Қабылбековке жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі М. Мұсаев

  Жамбыл ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 30 маусымдағы
№ 430 қаулысымен бекітілген

"Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережелер

      1. "Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Мемлекеттік орган) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласында мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. Мемлекеттік орган өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Мемлекеттік орган ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      4. Мемлекеттік орган азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      5. Мемлекеттік орган егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. Мемлекеттік орган өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органның бірінші басшысының бұйрығымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      7. Мемлекеттік орган құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы әкімдігімен бекітіледі.
      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері. Пошталық индексі 080200, Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Аса ауылы, Абай көшесі № 123 үй.
      9. Мемлекеттік органның толық атауы – "Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      10. Мемлекеттік органның құрылтайшысы "Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып табылады.
      11. Осы Ереже мемлекеттік органның құрылтай құжаты болып табылады.
      12. Мемлекеттік орган қызметін каржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. Мемлекеттік органға кәсіпкерлік субъектілері мен функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер мемлекеттік органға заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер жергілікті бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. Мемлекеттік органның миссиясы: әкімшілік - аумақтық бірлік шегінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарының қызметін жүзеге асыру.
      15. Міндеттері:
      1) аудандағы мемлекеттік тұрғын үй қорының сақталуын қамтамасыз ету;
      2) коммуналдық тұрғын үй мәселелері бойынша заңнамаларда белгіленген міндеттерді жүзеге асыру;
      3) елді мекендерді абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстарын үйлестіру;
      4) елді мекендердің көшелерін жарықтандыру, оларды энергия көздерімен жабдықтау қызметін жүзеге асыру;
      5) аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жұмысын қамтамасыз ету, оларды күтіп ұстау бойынша шаралар қабылдау;
      6) жолаушылар тасымалы қызметін ұйымдастыру;
      7) елді мекендердегі ауыз су, су бұру қызметін үйлестіру;
      8) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес өзге де міндеттерді атқару жатады.
      16. Функциялары:
      1) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарының қызметі бойынша ұсынымдар әзірлеу және жұмысты ұйымдастыру;
      2) мемлекеттік органның міндеттеріне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Президенті, Қазақстан Республикасы Үкіметі актілерінің, облыс, аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерінің, облыс және аудан әкімдігі қаулыларының орындалуын қамтамасыз ету;
      3) мемлекеттік органның құзіретіне енетін мәселелер бойынша аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобаларын әзірлеу және сараптау;
      4) мемлекеттік органның құзіретіне енетін мәселелер бойынша облыс әкімі аппаратымен, облыс әкімдігінің басқармалары мен ведомстволардың тиісті бөлімшелерімен ұйымдастырушылық және ақпараттық байланысты қамтамасыз ету;
      5) мемлекеттік органның құзіретіне енетін мәселелер бойынша ауылдық округ әкімдерінің, аудандық мекеме, ұйымдардың қызметін үйлестіру;
      6) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарының маңызды мәселелері бойынша әкімдік мәжілісіне материалдар дайындауға қатысу;
      7) Қазақстан Республикасы заңнамасында қарастырылған өзге де функцияларды жүзеге асыру.
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      1. Мемлекеттік орган ретінде өзіне қойылған міндеттер мен қызметті атқару үшін заңнама актілеріне, Қазақстан Республикасы Президенті актілеріне, ҚР басқа да нормативтік- құқықтық актілеріне сәйкес құқықтар анықталады.
      2. Мемлекеттік органның құқықтары:
      1) белгіленген тәртіппен ауылдық округ әкімі аппараттарынан, басқа мемлекеттік органдардан және лауазымды тұлғалардан, мемлекеттік емес мекемелерден, қоғамдық және өзге ұйымдардан, азаматтардан өзінің функцияларын орындау үшін қажетті ақпарат сұрату;
      2) мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың қызметкерлерін құзіретіне қатысты мәселелер дайындауға тарту, тиісті ұсыныстар әзірлеу үшін уақытша жұмыс топтарын құру;
      3) мемлекеттік органдардың қызметін ұйымдастыруды жетілдіру бойынша аудан әкіміне, ауыл әкімдеріне ұсыныстар енгізу, мемлекеттік органға қатысты мәселелер бойынша ақпараттық-талдаулық және өзге де материалдар дайындауды жүзеге асыру;
      4) ауылдық округ әкімі аппараттарына, басқа мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғаларға қызметіне қатысты тапсырмалар беру, олардың орындалуын бақылау, сондай-ақ орталық және жергілікті атқарушы органдар өткізетін іс-шараларға қатысу;
      5) мемлекеттік орган құзіретіне енетін өзге де мәселелер бойынша тиісті лауазымды тұлғаларына ұйымдастырушылық-әдістемелік, ақпараттық және өзге де көмек көрсету;
      6) мемлекеттік органның құзыретіне кіретін өзге де мәселелерді шешу жатады.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      18. Мемлекеттік органға басшылықты жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      19. Мемлекеттік органның бірінші басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. Мемлекеттік органның бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік орган басшысымен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болуы мүмкін.
      21. Мемлекеттік органның бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) мекеме атынан сенімхатсыз әрекет етедi;
      2) барлық органдарда мекеме мүддесін қорғайды;
      3) өз қызметкерлерінің құзырын белгілейді;
      4) мекеме мүлкіне қожалық етеді, келісім жасайды, сенімхаттар береді;
      5) банкіде есепшоттар ашады, іс бойынша келісім жасайды;
      6) барлық қызметкерлерге және мемлекеттік орган қаржыландыру бойынша бағдарлама әкімшісі болып табылатын (басқару органы болып табылатын) басқа мекеме басшыларына міндетті болып табылатын бұйрықтар шығарады және тапсырмалар береді;
      7) мекеме жұмыскерлерін және мемлекеттік орган қаржыландыру бойынша бағдарлама әкімшісі болып табылатын (басқару органы болып табылатын) басқа мекеме басшыларына жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
      8) қызметкерлерді және мемлекеттік орган қаржыландыру бойынша бағдарлама әкімшісі болып табылатын (басқару органы болып табылатын) басқа мекеме басшыларына марапаттау және шара қолдануды анықтайды.
      22. Мемлекеттік орган басшысы Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      23. Мемлекеттік органның бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға немесе аудан әкімінің актісімен айқындалған тұлға орындайды.

4. Еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынастары

      24. Мемлекеттік орган қызметкерлері өз қызметін қызметтік міндеттерге сәйкес жүзеге асырады;
      Мемлекеттік орган қызметкерлерімен өзара еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен және осы ережемен белгіленеді.

5. Жұмыс режимі

      25. Қазақстан Республикасының "Еңбек кодексіне" сәйкес мемлекеттік орган қызметкерлері үшін сегіз сағаттық жұмыс күні белгіленеді.

6. Мемлекеттік органның мүлкі

      26. Мемлекеттік органның заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      Мемлекеттік органның мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      27. Мемлекеттік органның бекітілген мүлік аудандық коммуналдық меншікке жатады.
      28. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, мемлекеттік орган өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

7. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату.

      29. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады