Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарлату туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 2015 жылғы 3 қыркүйекте № 45-3 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 2 қазанда № 2792 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 2018 жылғы 22 мамырдағы №26-7 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 22.05.2018 №26-7 (алғаш ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 386 бабының 5 тармағына, 444 бабының 1-тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      Ескерту. Кіріспеге өзгерістер енгізілді - Жамбыл облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 19.05.2016 № 2-8 (алғашқы ресми жарияланған күннен күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелері он есеге жоғарлатылсын.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда- Жамбыл облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 19.05.2016 № 2-8 (алғашқы ресми жарияланған күннен күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жерсалығының мөлшерлемелері он есеге жоғарылатылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуына бақылау және интернет ресурстарында жариялауды аудандық мәслихаттың аумақтық әлеуметтік-экономикалық дамуы, бюджет және жергілікті салықтар мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жамбыл аудандық мәслихат Жамбыл аудандық
      сессиясының төрағасы: мәслихат хатшысы м.а.:
      Ө. Ботаев Н. Үкібаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады