«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жуалы ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
2. «Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне жіберуді;
3) осы қаулының Жуалы ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Қанат Оспанұлы Аққоевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі |
Б. Құлекеев |
Аудан әкімдігінің |
«Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің дене шынықтыру
және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ережелер
1. «Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Жуалы ауданы аумағында дене шынықтыру және спорт саласында басшылық жасайтын мемлекеттік орган болып табылады.
2. «Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ведомстволары бар.
3. «Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. «Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. «Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. «Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқы бар.
7. «Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзіретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
8. «Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: пошталық индексі - 080300, Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Б.Момышұлы ауылы, Жамбыл көшесі, 11 үй.
10. Мемлекеттік органның толық атауы - «Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
11. Осы Ереже «Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
12. «Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерінен, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі бюджетінен (сметасынан) жүзеге асырылады.
13. «Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер «Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
14. «Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы: Дене шынықтыру спорт саласында мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында тиімді мемлекеттік басқаруды және салааралық, өңіраралық басқаруды қамтамасыз ету.
15. Міндеттері:
1) Аудан көлемінде бұқаралық дене тәрбиесі мен спортты дамыту бойынша бірыңғай мемелекеттік саясатты жүргізу, жоғары спорт жетістіктерін дамыту болып табылады.
2) Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын дене шынықтыру және спорт ұйымдарын басқарады;
3) Ведомостволық бағынысты ұйымдарды белгіленген тәртіппен бюджет қаражаты есебінен қаржыландыруды жүзеге асырады;
16. Функциялары:
1) Дене тәрбиесі мен спорт саласының негізгі даму бағыттарын анықтайды;
2) Аудандық бюджеттен қаржының бөлінуі жөнінде ұсыныстар жасайды, олардың мақсаты жұмсалуын қамтамасыз етеді;
3) Коммуналдық мемлекеттік мекемеге мүлік бекітіп береді;
4) Коммуналдық мемлекеттік мекемеге берілген мүліктің сақталуына және тиімді пайдалануына бақылауды жүзеге асырады;
5) Коммуналдық мемлекеттік мекеме директорларының жауапкершілігін және міндетін, құқығын, оны лауазымнан босату негізін анықтайды;
6) Коммуналдық мемлекеттік мекеменің құрылымын және шекті штат санын бекітеді;
7) Жылдық қаржы есебін бекітеді;
8) Заңнамамен бекітілген өзге де қызметтерді жүзеге асырады
9) Спортшылар мен спорт мекемелерінің қызметкерлеріне спорттық және құрмет белгілерін, үкімет марапаттауларын оқытушы – жаттықтырушы құрамына санат беруге құжаттарын ұсынады, разрядттар мен санаттар береді;
10) Облыстық және аудандық спорттық іс-шаралар мен оқу-жаттығу жиындарын өткізеді, оларды өткізу жөніндегі жұмыстың тәртібін белгілейтін бағдарламалық-әдістемелік және басқа да нормативтік құжаттарын дайындайды;
11) Аудан құрама командаларын дайындауды жүзеге асырады, Азия ойындарына, басқа да халықаралық, республикалық жарыстарға аудан спортшыларының қатысуын қамтамасыз етеді;
12) Дене шынықтыру мен спорттың материалдық-техникалық базасын нығайту мен құруға және олардың инфрақұрлымын дамытуға қатысады, спорт ғимараттарына халықтың қол жеткізуін қамтамасыз етеді;
13) Мүдделі ведомоствалар және қоғамдық ұйымдармен бірлесе отырып, спорт резервін дайындау жөнінде жұмыстар жүргізеді;
14) Балалар жасөспірімдер спорт мектептерінің, спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының, коммуналдық қазыналық кәсіпорындардың, спорт клубтарының жүйесін дамытуды, сонымен қатар оларды оқу-жаттығу процесстерін ұйымдастыруды үйлестіреді.
17. Құқықтары:
1) Мемлекеттік органдарға, қоғамдық және басқа да мекемелерге, бұқаралық ақпараттық құралдарға ақпараттық-талдау құжаттарын өз құзыреті шегінде дайындауға және ұсынуға;
2) Өз құзырының шегінде жергілікті атқарушы органдардан, кәсіпорындардан, ұйымдардан және басқа да мекемелерден ақпараттар мен құжаттарға ресми сұрау салуға және оларды алуға құқылы;
3) Аудандық спортшылардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
4) Бұқаралық спортты және дене шынықтыру қозғалысын дамыту;
5) Аудандағы жалпы білім беру мекемелерінің дене шынықтыру пәні мұғалімдері, ауылдық округтердегі спорт және жастар ісі нұсқаушылары және балалар жасөспірімдер спорт мектептері жаттықтырушыларының жұмысын саралау және үйлестіру.
6) Бөлімге қарасты жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің қызметіне бақылауды жүзеге асырады.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
18. «Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшылықты «Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бөлім басшысы жүзеге асырады.
19. «Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысын Жуалы ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
20. «Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы қызметкерлері мен мамандарын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
21. «Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысының өкілеттігі:
1) Мекеме атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
2) Барлық органдарда Мекеме мүддесін қорғайды;
3) Мекеме мүлкіне қожалық етеді, келісім жасайды, сенімхаттар береді;
4) Банкіде есепшоттар ашады, іс бойынша келісім жасайды;
5) Барлық жұмыскерлерге міндетті болып табылатын бұйрықтар шығарады және тапсырмалар береді;
6) Жұмыскерлерді марапаттау және шара қолдануды анықтайды ;
7) Мекеменің құрылымдық бөлімшелері туралы ережені бекітеді;
8) Заңда белгіленген тәртіппен бағынысындағы мекемелердің сандық лимитін бекітеді;
9) Заңда белгіленген тәртіппен бағынысындағы мекемелердің (кәсіпорындардың) директорларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
10) Спорт түрлері бойынша бас жаттықтырушыларды қызметке тағайындауға келісім береді;
11) Азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асырады;
12) «Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
13) Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қарсы қимыл жасауға бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдау үшін дербес жауап береді;
14) Мекеменің тиісті бюджеттік бағдарламалары бойынша мемлекеттік сатып алу жұмыстарын ұйымдастырады және жүзеге асырады;
4. Мемлекеттік органның мүлкі
22. «Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
«Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай – ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
23. «Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік республикалық/коммуналдық меншікке жатады.
24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
25. «Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесін ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
«Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі
1.Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің «№12 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
2. Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің «№13 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.