Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жуалы ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
2. "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне жіберуді;
3) осы қаулының Жуалы ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Қанат Оспанұлы Аққоевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Б. Құлекеев |
Жуалы ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 88 қаулысымен бекітілген |
"Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік саласында мемлекеттік басқару және бақылау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.2. "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
3. "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі және мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
8. "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Мекеменің заңды орналасқан жері: пошталық индексі 080300, Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Б.Момышұлы ауылы, Жамбыл көшесі, үй № 12.
10. Мемлекеттік органның толық атауы: "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
11.Осы ереже "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
12. "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметі жергілікті бюджеттен қаржыландырылады.
13. "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
14. "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы:- кәсіпкерлік саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.
15. Міндеттері:
1) аймақтық деңгейде кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту бойынша мемлекеттік стратегия шараларын жүзеге асыру;
2) шағын және орта бизнесті дамыту бойынша аудандық саясатты жүргізу, мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдардың қызметін үйлестіру, қоғамдық бірлестіктердің шағын кәсіпкерлік мәселелерін шешуде, шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау аясындағы заңнамалар мен басқа да нормативтік құқықтық актілерге мониторинг және талдау жүргізуін қамтамасыздандыру;
3) кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм жүйесіндегі кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыруға ықпал ету.
4) "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасын орындау бойынша жұмыстар жүргізу:
5) Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау сұрақтары бойынша кәсіпкерлер ассрциациясымен, бизнес-орталықтармен, басқа мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдармен өзара әрекеттестік ету;
6) Шағын және орта кәсіпкерлік сұрақтары бойынша форумдар, жиналыстар мен семинарлар ұйымдастыру және өткізу;
7) Қазақстан Республикасының үдемелі индустриалды-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы аясында аймақтық және салалық бағдарламаларды орындауына қатысу;
8) өнеркәсіп саласындағы кәсіпорындарда жаңа жұмыс орындарына мониторинг жүргізу;
9) Облыстық жиналыстарға, семинарларға және форумдарға қатысу;
10) сауда және қызмет көрсету саласында мемлекеттік саясатты орындауды жүзеге асыруға ат салысу;
11) тауарларды өндіру және сатуға қолайлы жағдай жасау, сауда қызметтер мен қызмет көрсету саласын дамыту жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
12) cауданы дамыту үшін сауда көрмелерін, жәрмеңкелерін және басқа да іс-шаралар дайындап, оларды өткізуге қатысу;
13) мемлекеттік статистика мекемелерінің мәліметтеріне сүйене отырып, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шектік көрсеткіштері бар ағымдағы бөлшек бағаларға салыстырмалы талдау жасау;
16. Өкілетті органның функциялары:
1) Коммуналдық мемлекеттік мекемеге мүлік бекітіп береді;
2) Коммуналдық мемлекеттік мекемені ұстауға қажет (шығын жоспарын) сметаны бекітеді;
3) Коммуналдық мемлекеттік мекемеге берілген мүліктің сақталуына және тиімді пайдалануына бақылауды жүзеге асырады;
4) Коммуналдық мемлекеттік мекеменің Ережесін бекітеді, өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;
5) Коммуналдық мемлекеттік мекемені басқару органдарының құзырының мерзімін және құру тәртібін, құрылымын, мемлекеттік мекемемен шешім қабылдау тәртібін анықтайды;
6) Коммуналдық мемлекеттік мекеме бастығының жауапкершілігін және міндетін, құқығын, оны лауазымнан босату негізін анықтайды;
7) Коммуналдық мемлекеттік мекеменің құрылымын және шекті штат санын бекітеді;
8) Жылдық қаржы есебін бекітеді;
9) Заңнамамен бекітілген өзге де қызметтерді жүзеге асырады.
17. Құқықтары:
Бөлім өз функцияларын және жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1) мемлекеттік органдарға, қоғамдық және басқа да мекемелерге, бұқаралық ақпараттық құралдарға ақпараттық-талдау құжаттарын өз құзыреті шегінде дайындауға және ұсынуға;
2) өз құзырының шегінде білім мекемелерден, жергілікті атқарушы органдардан, кәсіпорындардан, ұйымдардан және басқа да мекемелерден ақпараттар мен құжаттарға ресми сұрау салуға және оларды алуға құқылы;
3) өздерінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша, кәсіпкерлердің, өнеркәсіп мекемелерінің жұмысын үйлестіреді.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
18. "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттерін орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.19. "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Аудан Әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
20. Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттілігі:
- Мекеме атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
- Барлық органдарда мекеме мүддесін қорғайды;
- Өз қызметкерлерінің құзырын белгілейді;
- Мекеме мүлкіне қожалық етеді, келісім жасайды, сенімхаттар береді;
- Банкіде есеп шоттар ашады, іс бойынша келісім жасайды;
- Барлық жұмыскерлерге міндетті болып табылатын бұйрықтар шығарады және тапсырмалар береді;
- Мекеме жұмыскерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан шығарады;
- Жұмыскерлерді марапаттайды және шара қолданады;
- Мекеменің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
- Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қарсы қимыл жасауға бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдау үшін дербес жауап береді;
- Мекеменің тиісті бюджеттік бағдарламалары бойынша мемлекеттік сатып алу жұмыстарын ұйымдастырады және жүзеге асырады;
- Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіп бойынша мекеме өзі мемлекеттік басқару органы болып табылатын өзінің ведомстволық бағынысындағы мемлекеттік мекеме, заңды тұлға не бюджеттік бағдарламаның әкімшісі мемлекеттік басқару органы болып табылатын заңды тұлғамен аффилигирленген тұлға үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырады;
- Заңдылықпен және осы Ережемен жүктелген басқа да міндеттерді атқарады.
"Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезіңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
21. "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп және өнеркәсіп бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі бар."Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі мемлекетпен берілген мүліктен және ол негізгі қордан және айналымдағы қаражаттан, сондай ақ құны мекеменің дербес балансында көрсетілген бағалы заттардан құралады.
22. "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бекітілген мүлкі республикалық /коммуналдық меншікке жатады.
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.