"Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Жуалы аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 84 қаулысы. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 18 наурызда № 2579 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жуалы ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
      2. "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне жіберуді;
      3) осы қаулының Жуалы ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Айбар Күнтуұлы Әділбақовқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Б. Құлекеев

  Жуалы ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 23 ақпандағы
№ 84 қаулысымен бекітілген

"Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

      1. "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі аудан аумағында сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
      3. "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілеріне, өзге нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі және мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Мекеменің заңды орналасқан жері: пошталық индексі 080300, Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Б.Момышұлы ауылы, Жамбыл көшесі, № 12.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы: "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы ереже "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметі жергілікті бюджеттен қаржыландырылады.
      13. "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы:
      аудан аумағында сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы функцияларды іске асыру.
      15. Міндеттері:
      1) аумақтарды кешенді әлеуметтік-экономикалық дамытудың ағымдағы және келешектегі міндеттерін шешуге, олардың мемлекеттік, қоғамдық және өзге де ұйымдармен тығыз ынтымақтастықта тіршілік етуін жетілдіруге бағытталған, аудан аумағындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласын кешенді дамытудың бірыңғай стратегиясын қалыптастыру мен жүргізу;
      2) ауылдар мен селоларды дамыту мен жаңарту процессіндегі сәулеттің идеялық-көркемдік деңгейін жоғарылату, сәулеттік қала құрылысы ансамбльдерінің, салынып жатқан үйлер, ғимараттар, үй-жайлар мен мәдени-тұрмыстық, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы объектілерінің көркемдік шешім табуын қамтамасыз ету;
      3) тұрғын үй және мәдени-тұрмыстық құрылысты дамыту, инженерлік-техникалық және эстетикалық мәселелерді шешу, аумақтарды көгалдандыру, көріктендіру және оларды жобалық-әдістемелік қамтамасыз ету, тұжырымдамасы мен бағдарламасының орындалу барысын реттеу;
      4) сәулет, қала құрылысы және құрылыс практикасына ғылыми-техникалық тәжірибені ендіру арқылы құрылыс шешімдерінің әлеуметтік-экономикалық тиімділігін қамтамасыз ету, техникалық-экономикалық деңгейді және тұрғын үйлердің, қоғамдық ғимараттардың, үй-жайлар мен кешендердің конструкциялық орнықтылығын жоғарылату;
      5) салынған құрылыстарды кешенді, реконструкциялау сәулеттік және мәдени құндылығы бар және тұрғын үйлерді, қоғамдық ғимараттар мен үй-жайларды жетілдіру және күрделі жөндеу, реконструкцияланатын аумақтар мен жекелеген объектілердің инженерлік қондырғыларының жүйесін дамыту жөніндегі жұмысты үйлестіру және әдістемелік басшылық жасау;
      6) апатты және құлайын деп тұрған үй жайларды қалпына келтіру;
      7) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінің мәселелері бойынша сыртқы экономикалық байланыстар ұйымдастыру;
      8) ғылыми-техникалық, әдістемелік ақпарат тарату, құрылыс саласындағы республикалық және шетелдік ғылым мен техника жетістіктерін енгізу;
      9) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою мен оларды жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар әзірлеуге қатысу;
      10) құрылысқа берілген жер телімдерінің шекараларын белгілеу;
      16. Функциялары:
      1) Республикалық және жергілікті бюджеттер, Қазақстан Республикасының үкіметтік кепілдігімен берілген заемдар есебінен қаржыландырылатын объектілерді жобалау мен салуға тауарларды мемлекеттік сатып алу бойынша, оларды “Мемлекеттік сатып алу туралы” Қазақстсн Республикасының Заңына сәйкес тиімді жұмсау мақсатында конкурстар ұйымдастыру және жүзеге асыру;
      2) Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіп бойынша мекеме өзі мемлекеттік басқару органы болып табылатын өзінің ведомствалық бағынысындағы мемлекеттік мекеме, заңды тұлға не бюджеттік бағдарламаның әкімшісі мемлекеттік басқару органы болып табылатын заңды тұлғамен аффилирленген тұлға үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру;
      3) сәулет, қара құрылысы және құрылыс салдасында аудан әкімдігінің және аудан әкімінің акті жобаларын және басқада нормативтік актілерді әзірлейді және Аудан әкімінің қарауына енгізеді
      4) Күрделі жөндеу және құрылыс жұмыстарының барлық түрі үшін жобалық сметалық құжаттамалар жасауға керекті құжат материалдарын дайындау және архитектуралық жобалау тапсырмасын беру;
      5) жоспарланған құрылыс салу не өзге де қала құрылысы өзгерістері туралы халыққа хабарлап отыру;
      6) жер учаскелерін таңдауға қатысу, ведомстволық бағынысты аумақта құрылыс салуға немесе өзге де қала құрылысын игеруге арналған жер учаскелерін беру және алып қою бойынша ұсыныстар енгізу;
      7) салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүргізу;
      8) объектілерді жобалау мен құрылысын салуға сәулет-жоспарлау тапсырмаларын беру;
      9) жобалау құжаттамаларын сәулеттік-жоспарлау тапсырмасы тарапына сәйкестігін келісімдеу;
      10) сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруға рұқсат беру және өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
      11) мекенжайларды беру және оларды "Мекенжайлық тіркелім" ақпараттық жүйесіне тіркеу, оларды өзгерту және жою;
      12) заңнамаға сәйкес құрылысты жобалау құжатынсыз (жобалау-сметалық) немесе жеңіл эскиздік жобалармен рұқсат берілетін объектілерді орналастыруды келісімдеу;
      13) заңнамаға сәйкес бөлме-жайлар немесе құрылыстарды өзгертуге техникалық күрделі емес топтарға жатқызу шешімдерді қабылдау;
      14) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында олармен азаматтық құқықты жүзеге асыру мәселесі бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен арыздарын қарау және құзыреті шегінде шешімдер қабылдау
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      1) сәулеттік қала құрылысы нормативтеріне және өзге де талаптарға сай келмейтін жобаларды, сәулет-жоспарлау тапсырмаларды бұзумен орындалған жобаларды келісуден бас тарту
      2) аудан әкімдігі мен жоғарғы ұйымдарға сәулет, қала құрылысы және құрылыс мәселелері бойынша ұсыныстар енгізу;
      3) өздерінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша, құрылыс нысандарында жұмысын үйлестіреді;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген басқа құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      18. "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшылықты "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттерің орындалуына және оның фукцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      19. "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын аудан Әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының орынбасары жоқ.
      21. Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттілігі:
      1) мекеме атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
      2) барлық органдарда мекеме мүддесін қорғайды;
      3) мекеме мүлкіне қожалық етеді, келісім жасайды, сенімхаттар береді;
      4) банкіде есеп шоттар ашады, іс бойынша келісім жасайды;
      5) барлық қызметкерлерге міндетті болып табылатын бұйрықтар шығарады және тапсырмалар береді;
      6) мекеме қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан шығарады;
      7) жұмыскерлерді марапаттайды және шара қолданады;
      8) мекеменің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
      9) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қарсы қимыл жасауға бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдау үшін дербес жауап береді;
      "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезіңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      22. "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын басшы басқарады.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      23. "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай – ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      24. "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      26. "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады